Accessibility links

Астанадағы айтыс: Мақсат пен Нұрмат


Айтыскер ақын Мақсат Аханов. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 ж.
Айтыскер ақын Мақсат Аханов. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 ж.

2011 жылы желтоқсанның 2-і мен 4-і аралығында Астанада «Тәуелсіз елдің таңы жарық» тақырыбында өткен айтыстағы қарағандылық Мақсат Ақанов пен қызылордалық Нұрмат Мансұровтың айтысы.

Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орайластырып өткізілген айтыстың екінші күні сахнада қарағандылық Мақсат Ақанов пен қызылордалық Нұрмат Мансұров кездескен еді.

Бүкіл айтыстың барысында бір-бірін жеңіл сөзбен қағытпалаған қос ақын Астана мен биліктің мақтауын асырды.

Сөз бастаған Мақсат Ақанов Сарыарқаның төріндегі қаланы былайша суреттеді:

– Сарыарқам бейбітшілік бесігіндей,
Жүректен махаббатын өшірмеуде.
Сыбыры тыныштықтың естіледі,
Еппен ағып жататын Есілден де.
Елбасым көрегендік жасаған-ау,
Астананы арқаға көшіргенде, – дей келе:

– Ұйғырларда әлі күнге Астана жоқ,
Алты аласым, жоқ оларда бес бересім.
Шешендер егемендік ала алмай жүр,
Басынан ұстап алып қос кеменің, – деп бұған дейінгі айтыстарда айтқан шумақтарын қайталап шықты.

Айтыс ақыны Нұрмат Мансұров. Алматы, 2 мамыр 2011 ж.
Айтыс ақыны Нұрмат Мансұров. Алматы, 2 мамыр 2011 ж.
Қарсыласы Нұрмат Мансұров Мақсаттың кіші қажылыққа барып келгендігін есіне сала отырып қазақ қоғамындағы ислам діні жайын да жырға қосты:

– Тақ етіп тасқа неше тиген маңдай,
Жүреміз ғой жанарды жасқа малмай.
Террорлық әрекеттер қоғамдағы,
Тұнығын исламның ластағандай.
Бүлікшілер мұсылманның кейпінде жүр,
Арыңа ашық күнде дақ салардай.
Сақалды көрсек бүгін шошынамыз,
Айтайық ақиқатты жақшаға алмай.
Бәрінде діннен көріп отырамыз,
Сыртынан сын айтқанда жақсы адамдай.
Аққа күйе жақтырмай, ата дінді,
Біз неге қорғамаймыз басқалардай.

Айтыстың радиолық нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

please wait

No media source currently available

0:00 0:25:54 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG