Accessibility links

«Жасыл белдеуге» наразы тұрғындар да бар


Мырзабай Атығай ауыл көшесінде екі сиырын арқандап, оларды велосипедпен бағып жүр. Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауыл, 30 қыркүйек 2015 жыл.

Мырзабай Атығай ауыл көшесінде екі сиырын арқандап, оларды велосипедпен бағып жүр. Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауыл, 30 қыркүйек 2015 жыл.

Астана маңындағы кей ауылдардың тұрғындары «Жасыл белдеу» жобасы кесірінен мал ұстай алмай қалғандарын айтады. Биліктің сөзінше, ол маңда «мал ұстауға тыйым жоқ, бірақ мал жаятын жер де жоқ».

Астанадан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жердегі Талапкер ауылына2009 жылы Қостанай облысынан көшіп келген зейнеткер Амангелді бұл қонысты таңдағанына өкініп жүр. Бұрынғы мекенінде қолда мал ұстап үйренген тұрғын Талапкерде мал бағу қиын екенін айтады.

­- Мұнда жұмыс жоқ, жастардың бәрі Астанаға қатынайды. Жұмыссыз үйде отырған соң іш пысады. Ауылда тұрған соң азын-аулақ мал ұстап, бала-шағаға пайдамызды тигізейік десек, «жайылым жоқ» дейді. Астрахан жолыныңарғы беті бос жатыр. Бірақ «жасыл желек» деп, ол жаққа мал жібермейді, - дейді Амангелді ақсақал.

Ол кісінің сөзін ауылдасы Нұрлан есімді зейнеткер де мақұлдайды. Бастапқыда он шақты қой ұстаған тұрғын кейін ауыл шетіне жаңа үйлер салына бастаған соң мал баға алмай қалғанын айтады.

- Малды қысы-жазы қорада бордақылауға жем-шөп қымбат, - дейді Нұрлан ақсақал.

Ауыл тұрғыны Мырзабай Атығай. Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылы, 30 қыркүйек 2015 жыл.

Ауыл тұрғыны Мырзабай Атығай. Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылы, 30 қыркүйек 2015 жыл.

Бірақ ауылда жайылым қиындығына қарамастан бірлі-жарым мал ұстайтын тұрғындар да бар. Солардың бірі Мырзабай Атығай ауыл көшесінде екі сиырын арқандап, оларды велосипедпен бағып жүр.

- Сегіз балам бар. 2009 жылдан бері осы екі сиырдың сүтіне қарап отырмыз. Жайылым болса, көбірек мал ұстар едім. Айыппұл салмасын деп осылай арқандап жүрмін, – дейді ол.

«ТЫЙЫМ ЖОҚ, БІРАҚ...»

Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылдық округінің әкімі Нұртуған Мұзамеловтің айтуынша, ол ауылда мал бағатындай бос жер жоқ. Әкім Азаттық тілшісіне жер жоқ екенін қағазға сызып тұрып түсіндірді.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылдық округінің әкімі Нұртуған Мұзамелов.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылдық округінің әкімі Нұртуған Мұзамелов.

– Міне, қараңызшы, мынау –«Темірболат» шаруа қожалығының жері. Ол көкөніс өсіретіндіктен жеріне мал жібермейді. Мына шетіндегі - «Мұхамеджановтың» шаруа қожалығының жері. Ол егін егеді. Маңында «Талапкер», «Қуаныш» деген шаруа қожалықтары бар. Жолдың екінші беті бізге қарамайды. Ол маңға «Зеленстрой» елбасының тапсырмасымен келесі жылы 42 гектар жерге ағаш еге бастайды, - дейді әкім.

Нұртуған Мұзамеловтің сөзінше, ауылдағы «Талапкер» шаруа қожалығында үлестері бар жүз шақты тұрғын ғана өздеріне тиесілі жерлеріне малдарын бағады.

- Басқа жайылым жоқ. Бірақ мал ұстағысы келген өзге жандар болса, «Талапкер» шаруа қожалығымен келіссөз жүргізіп берер едім, – дейді әкім.

Нұртуған Мұзамелов Талапкер Астана маңындағы ауыл болғандықтан «президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қала мен оның маңындағы елді мекендерді абаттандыру жоспарына енгенін» айтады.

Жайылып жүрген мал. Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылы. 6 қазан 2015 жыл.

Жайылып жүрген мал. Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылы. 6 қазан 2015 жыл.

- Заң жүзінде ауылда мал ұстауға тыйым жоқ. Бірақ мал баққысы келетіндер басқа ауылға барса болады ғой. Мал ұстауға болатын ауылдар көп қой, – дейді Талапкер ауылдық округінің әкімі Нұртуған Мұзамелов.

Әкімдіктің дерегінше, 9 мыңнан астам тұрғыны бар Талапкердегі 1607 түтіннің 37-сі ғана мал ұстайды. Бұдан бөлек мал бағатын екі шаруа қожалығы бар. Ауылдағы ірі қара 300-ден, ұсақ мал 500-ден аспайды.

Талапкер ауылының картадағы орны:

Astrakhan Hwy, Талапкер 020000, Kazakhstan
Astrakhan Hwy, Талапкер 020000, Kazakhstan

1997 жылы басталған «Жасыл белдеу» жобасы бойынша Астана қаласында және оған жапсарлас аумақтарда ағаш егіле бастаған. Биліктің дерегінше, содан бері қала аумағында 15 мың гектар, қала сыртында 55 мың гектар – жиыны 70 мың гектар жерге көшет егілген. 2020 жылға дейін бұл аумақты 100 мың гектарға жеткізу жоспарланған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG