Accessibility links

Астанадағы француз елшілігіне гүлдер әкелді


Париждегі террорлық шабуылдардан көп адамның қаза табуына байланысты Астанадағы Франция елшілігіне адамдар алып келген гүлдер мен жазулар. 14 қараша 2015 жыл.
Париждегі террорлық шабуылдардан көп адамның қаза табуына байланысты Астанадағы Франция елшілігіне адамдар алып келген гүлдер мен жазулар. 14 қараша 2015 жыл.

Париждегі террорлық шабуылдарда көп адамның қазасына байланысты Астанадағы бірнеше еуропалық мемлекеттердің елшіліктері орналасқан ғимарат алдына ілінген тулардың арасында Франция туы сенбі күні әдеттегіден төменірек түсіріліп қойылды.

Бүгін елшіліктер жұмыс істеген жоқ. Осы жердегі күзетшінің айтуынша, таңертеңнен бері Франциядағы қайғылы оқиғаларға байланысты осында көңіл айтуға келіп жатқан адамдар әкелген гүлдерін елшілік шарбағына қойып кетіп жатыр.

Жұма күні кешкісін Франция астанасында болған бірнеше террорлық шабуылдан, ресми ақпарат бойынша, кемінде 120 адам қаза тауып, екі жүзден аса адам жараланған. Бұл оқиғаға байланысты бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияға көңіл айтып жеделхат жолдады.

Астанадағы француз елшілігі алдынан түсірілген видео:

Астанадағы Франция елшілігіне гүл қойды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

XS
SM
MD
LG