Accessibility links

Пәтердің ақшасына жерді қоса беруді сұрайды


"Тұлпар-8" ТҚК үлескерлері ASI инвестициялық құрылыс компаниясы алдында тұр. Астана, 22 сәуір 2014 жыл.

"Тұлпар-8" ТҚК үлескерлері ASI инвестициялық құрылыс компаниясы алдында тұр. Астана, 22 сәуір 2014 жыл.

Астанада ондаған адам тиісті пәтерлерін ала алмай жүргендеріне алты жыл болғанын мәлімдеді. Олар «бүкіл ақшаны төлеп қойған соң құрылыс компаниясы келісім-шартты бұзды» дейді. Ал компания пәтерлердің ақысына берілуі тиіс болған жер теліміне қатысты мәселе шешілмегенін айтады.

«Тұлпар-8» тұрғын үй және құрылыс кооперативі (ТҚК) мүшелері пәтер беруін талап етіп ASI инвестициялық құрылыс компаниясы кеңсесі алдына талай рет жиналған. Олар «біз келісім-шартта көрсетілген барлық міндеттемелерді орындадық, ал құрылыс компаниясы аяқ астынан келісім-шартты бұзды» деп шағымданады. ASI құрылыс компаниясы «клиентіміз – «Тұлпар-8» ТҚК келісім-шарт бойынша ақша ғана емес, жер телімін де беруі тиіс болған» деген уәж айтады. Компания «олар соттың орнына полицияға ғана шағымданады» дейді. Қазір полиция баспанаға қатысты жаңа дауды тексеруге кіріскен.

АЛТЫ ЖЫЛ КҮТУ

ASI құрылыс компаниясының бұл жобасының клиенттері – Астананың қарапайым тұрғындары, көбі түрлі мемлекеттік мекеме қызметкерлері. 2008 жылы «Тұлпар-8» деп аталатын ТҚК құрып, Астананың сол жағалауындағы «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде 132 пәтердің құрылысы туралы келісім-шартқа қол қойған. «Хан шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы маңындағы бұл аудан – Қазақстанның жаңа астанасындағы ерекше жерлердің бірі.

Клиенттер пәтерлеріне 2010 жылы қоныстанады деген жоспар келесі жылдары «Тұлпар-8» ТҚК үлескері Азиза Козова. Астана, 22 сәуір 2014 жыл.

«Тұлпар-8» ТҚК үлескері Азиза Козова. Астана, 22 сәуір 2014 жыл.

да орындалмаған. Жуырда ТҚК мүшелері келісім-шарттың бұзылатыны туралы ескерту қағаз ала бастаған.

Мұндай ескерту қағаз Астана тұрғыны Азиза Козоваға да келген. Оның айтуынша, алты жыл бұрын «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде салынатын екі бөлмелі пәтерге төрт миллионға жуық теңге төлеген. Бірақ кейін жер теліміне қатысты шыққан проблема құрылыс компаниясымен арадағы жанжалға ұласқан.

– Алты жыл бойы шыдамдылықпен күттім. Енді келісім-шарттың бір жақты бұзылатыны туралы ескерту қағаз алдым. Қазірге дейін алған міндеттемелерімнің бәрін орындадым. Бірақ компания жер жоқ екенін біле тұра бізбен келісім-шартқа отырған, – дейді Азиза Козова.

ЖЕР ТЕЛІМІ БОЛҒАН БА, БОЛМАҒАН БА?

«Тұлпар-8» ТҚК төрайымы Зейнет Қабылдақызының айтуынша, жұрттың әлі күнге дейін пәтерін ала алмай жүруінің бір себебі ретінде құрылыс компаниясы «жер телімі жоқ» деген уәж айтады. Оның сөзінше, тұрғындар ASI инвестициялық құрылыс компаниясы директоры Сергей Котляровтың алдында жер телімімен қамтамасыз ету міндеттемесін уақытында орындаған.

– Құрылыс компаниясы «жер телімін берген жоқсыңдар» дейді. Бірақ біз жер телімін жалға алған 2008 жылы эскиздік жобаға тапсырыс беру үшін Котляровтың «Тұлпар-8» ТҚК үлескері Зейнет Қабылдақызы. Астана, 22 сәуір 2014 жыл.

«Тұлпар-8» ТҚК үлескері Зейнет Қабылдақызы. Астана, 22 сәуір 2014 жыл.

орынбасары Ким мырзаның атына басқару құқығы бар сенімхат бергенбіз. Бірақ біз ақшасын төлеген эскиздік жоба орындалмағаны, оған тіпті тапсырыс та бермегені кейін анықталды. Алты ай өтіп кетіп, бізден жерді алып қойды, – дейді«Тұлпар-8» ТҚК төрайымы Зейнет Қабылдақызы

Оның айтуынша, келісім-шартта мәмілені бір жақты бұзу туралы тармақ жоқ, ал құрылыс компаниясы өз міндеттемесін орындауы тиіс.

Былтыр компания кооператив мүшелеріне аударған 300 миллионға жуық теңгеге 20 пәтер бөліп, қалған ақшаны қайтарып беруді ұсынған. Бірақ тұрғындар бұл шартқа келіспеген.

– Бізге пәтер беруін талап етеміз. Жұрт пәтер жалдап, несие алып, депозитке ақша салып алты жыл күтті. Тағы алты жыл күткіміз келмейді. Екі айдан кейін депозитімізді жабатын кезде ол келісім-шартты бұзбақ, – дейді Зейнет Қабылдақызы.

БІТІМГЕ КЕЛУДІҢ ҚИЫН ЖОЛЫ

Пәтер талап етуші адамдардың қарсыластары бұл жанжалда басқа пікірді ұстанады. ASI инвестициялық құрылыс компаниясы директоры Сергей Котляров Азаттық тілшісіне берген сұхбатында айтуынша, «Тұлпар-8»ТҚК үлескерлерімен ол проблеманы реттеуге тырысқанымен, тұрғындар оның уәжіне көнбеген.

Оның айтуынша, келісім-шартқа сәйкес оның компаниясы «Жағалау-3» тұрғын үй кешеніндегі үйлерден 132 пәтер салу туралы міндеттеме алған. «Тұлпар-8»ТҚК мүшелері пәтерлердің құнын жартылай ақшамен және компания меншігіне жер ASI инвестициялық құрылыс компаниясы директоры Сергей Котляров. Астана, 22 сәуір 2014 жыл.

ASI инвестициялық құрылыс компаниясы директоры Сергей Котляров. Астана, 22 сәуір 2014 жыл.

телімін беру арқылы есеп айырыспақ болып келіскен. Яғни құрылыс компаниясы кооперативке «Астананың басқа ауданынан жер телімін алып беріп, толық есеп айырысыңдар» деген талап қойып отыр. Бірақ елдің жаңа астанасында жер тапшы болғандықтан, әлгі жер телімін әуелі табу керек.

– Рас, пәтердің бір бөлігі салынып дайын тұр. Бірақ «Тұлпар» ТҚК өз міндеттемелерін орындамады да, былтыр біз оларға пәтердің толық құнын өтеу үшін бізге жер телімін беруі немесе келісім-шартта көрсетілгендей, пәтердің нақты құнын ақшалай төлеуі тиіс екенін ескерттік. Олар әкімнен жер телімін бөлуді сұрады. «Мәселе шешіліп жатыр» деген жауап бар, бірақ ешқандай әрекет байқалмайды, – дейді Сергей Котляров.

Құрылыс компаниясы «клиенттеріміз салынған пәтерлердің құнын әлі толық төлеген жоқ, ал жер телімін бермесе келісім-шарт бұзылады, бұл біздің кінәміз емес» деп есептейді. ASI компаниясы алты жылдан кейін осы уәжбен кооператив мүшелерінің ақшасын қайтара бастаған.
«Тұлпар-8» ТҚК пәтерлердің 1 миллиард 500 мың теңге болатын құнының 190 миллион теңгесін тікелей қаржыландырды.


– «Тұлпар-8» ТҚК пәтерлердің 1 миллиард 500 мың теңге болатын құнының 190 миллион теңгесін тікелей қаржыландырды. Біз «мына мәселені шешу керек немесе келісім-шартты тоқтатту керек» деп ескерттік. Оларға: «Аударған ақшаларыңа 20 пәтер берейік. Ал қалған пәтерлерге қатысты мәселені қаржыландырудан кейін қарайық» деген ұсыныс айттық. Олар мұны жиналыста ашық талқылап, бізбен келіспей қойды, – дейді Сергей Котляров.

Ол үлескерлерге мына жағдайдан шығудың жолын ұсынады. Оның ұсынысы бойынша, клиенттер «Тұлпар-8» ТҚК құрамынан шығып, бір шаршы метрін орташа есеппен 150-170 мың теңгеден пәтер сатып алу туралы компаниямен тікелей шарт жасасуы тиіс. Ақшасы жетпейтін жандарға компания бес жылға бөліп төлеуге рұқсат етеді әрі пәтерді биыл немесе келесі жылы береді.

– Қазір олар ішкі істер департаменті (ІІД) мен прокуратураға арызданып, бізден пәтерді 25 пайыз құнына ғана тең бағамен алғысы келеді. Ал сотқа жүгінгілері келмейді, – дейді Сергей Котляров.

Биыл сәуірде «Тұлпар-8» ТҚК мүшелері Сергей Котляровқа қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етіп Астана ІІД-не арыз жазған. Астана қаласы ІІД-нің қаулысына сәйкес, тұрғындар шағымы бойынша сәуірдің 23-і күні қылмыстық тексеру басталған.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG