Accessibility links

Астанада жер даулаушылар акциясы әлі өтіп жатыр


Аштық жариялаушылар үй бұзушыларды күтіп отыр. Астана, 15 тамыз 2014 жыл.

Аштық жариялаушылар үй бұзушыларды күтіп отыр. Астана, 15 тамыз 2014 жыл.

Бұрынғы саяжай аумағындағы үйлерін бұзып, жерлерін алуға қарсы тұрғындардың – бірінің аяғы ауыр бес әйелдің наразылық акциясы әлі тоқтаған жоқ.

Бұрын саяжай болған, қазір Астананың солтүстік жағалауындағы қымбат ауданға айналған жердегі үйлерін сүруге қарсы бес әйел тамыздың 6-сы күні аштық жариялаған еді. Олардың наразылық акциясы үйі бұзылады деп жоспарланған Алтын Шеруалиеваның үйінде өткен. Бірақ тамыздың 15-і күні оның үйін бұзып, наразы әйелдер мен оларды қолдаған көршілеріне сот шешімімен айыппұл салынған.

Әйелдер аштықты әлі жалғастыратынын мәлімдейді. Енді олардың акциясы аштық жариялаған әйелдердің бірінің қызы Әсел Иманованың үйінде – Шеруалиеваның бұзылған үйінің жанында өтіп жатыр.

Экскаватор Алтын Шеруалиеваның үйін бұзып жатыр. Астана, 15 тамыз 2014 жыл.

Экскаватор Алтын Шеруалиеваның үйін бұзып жатыр. Астана, 15 тамыз 2014 жыл.

– Шеруалиеваның үйін бұзған кездегі әрекеттерден кейін олардың бәрі аштықты тоқтатудан бас тартып отыр. Бұған қоса келесі күні оларды соттап, айыппұл салды, – дейді олардың өкілі Ольга Рубахова.

Бұдан бұрын «аштықты тоқтатамын» деп мәлімдеген аяғы ауыр Сандуғаш Серікбаева да наразылық акциясына қатысып отыр.

Наразы әйелдер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауына кіргізуді және Астанадағы жерлерді «мемлекет қажетіне» деген уәжбен алу заңдылығын тексеруді талап етеді.

Олар «біздің жерімізді алып, әлдекімдерге бермек» дейді. Астана әкімдігі «бұрынғы саяжайлардағы жер телімдерін мемлекет қажетіне алумен айналысқан мемлекеттік органдардың әрекеті заңды» деп мәлімдейді. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, «тексеру барысында ешқандай заң бұзушылық анықталмаған».

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG