Accessibility links

Мансарда тұрғындары басқа баспана сұрайды


Мансарда пәтерде тұратын Әділ Мусин төбеден су аққан тұсты көрсетіп тұр. Астана, мамыр, 2013 жыл

Мансарда пәтерде тұратын Әділ Мусин төбеден су аққан тұсты көрсетіп тұр. Астана, мамыр, 2013 жыл

Астанадағы 35 мансардалы пәтердің тұрғындары биліктен басқа баспана бөлуді сұрайды. Апатты деп танылған бұл пәтерлерге су бармайды, шатырынан тамшы ағады.

Астана қаласының бір топ тұрғыны жарты жолда қалған тағы бір ірі жоба – ескі үйлердің төбесіне мансарда салу бағдарламасынан зардап шекті. Құрылыс компаниясы банкрот болған соң бұл жоба аяқталмай қалды. Мансарда пәтерлерінің құрылысын өз ақшасына аяқтаған тұрғындар жобаның техникалық тұрғыдан да жарамсыз болғанын анықтапты. Тұруға жарамсыз пәтерлер инженерлік желілерге де толық қосылмаған.

Астанадағы көп қабатты ескі үйлердің төбесіне салынған пәтерлерді қарапайым үйден пәтер сатып алуға шамасы жетпеген жандар алған.

Астанадағы мансардалы баспана былтыр ресми түрде апатты жағдайда деп танылды. Көптеген мансардалар бұзылғанымен, Бұланты көшесіндегі, темір жол вокзалына жақын жердегі 4-үйдің мансардалы пәтерлері бұзылмай қалған. Тұрғындардың айтуынша, бұл пәтерлер тұруға жарамсыз.

СУ МАШАҚАТЫ

Алексей Палий демалыс күндері қос шелегін көтеріп, сырттағы колонкадан су тасиды. Бұланты көшесіндегі 4-үйдің алтыншы қабатындағы оның шағын пәтерінде демалыс күндері су болмайды.

Тұрғындар жұмыстан қайтатын кешкілік мезгілде де су болмайды. Таңертең Мансарда пәтер тұрғыны Алексей Палий көшедегі колонкадан су алып жатыр. Астана, мамыр, 2013 жыл.

Мансарда пәтер тұрғыны Алексей Палий көшедегі колонкадан су алып жатыр. Астана, мамыр, 2013 жыл.

жуынып үлгеру үшін таңғы сағат бес-алтыда тұру керек, кешіксең сусыз қаласың. Ескі жатақхананың үстіне осыдан алты жыл бұрын қосымша тұрғызылған мансардалы қабатқа су көтерілмейді.

Алексей Палийдің айтуынша, университетті тәмамдаған 2007 жылы оған жеке баспана сатып әпермек болған әке-шешесі газеттен арзан бағаға мансарда пәтерлер салынады деген хабарландыруды тауыпты. Ол кезде мансардалы қабаттан орташа аумағы 18 шаршы метрлік бір бөлмелі шағын пәтерді 15-20 мың долларға сатып алуға болады екен.

– Келіп көрдік. Құрылыс қызу жүріп жатыр екен, жұмысшылар жүгіріп жұмыс істеп жүр. Қабырғаларын тұрғызып қойыпты. Бір қарағанда, бәрі тамаша секілді, әр пәтерде жеке әжетханасы бар. Біз ақшасын төлеген соң құрылыс тоқтап қалды. Ақыры бізге қабырға-шатыры, есік-терезесі бар, суы мен жарығы,
Қала билігі, түрлі инспекциялар қайда қараған? Қаланың дәл ортасында құрылыс жүріп жатқанын көрмеген бе?
жылуы жоқ пәтер тиді. Қалған жұмысты тұрғындар өздері бітіріп шықты, - дейді Алексей Палий.

Басқа ондаған тұрғын сияқты Алексей де 1980 жылдары салынған, темір жолға қарасты ескі жатақхананың бес қабатты ғимаратының төбесінен мансарда пәтерлердің тұрғызылуы қаншалықты қисынды деп ойламаған. «Үй үстінен үй тіккендердің қолында мансарда салуға рұқсат қағаздары жоқ екенін кейін бір-ақ білдік» дейді тұрғындар.

– Қала билігі, түрлі инспекциялар қайда қараған? Қаланың дәл ортасында құрылыс жүріп жатқанын көрмеген бе? Ары-бері өткенде жұрттың бәрі көрді. Көрмедік-білмедік деп тантымасын! - дейді мансардалы пәтердің тағы бір иесі Есенбек Мұстафаев.

Төбесіне мансард салынған бұрынғы теміржолшылар жатақханасының дәлізі. Астана, мамыр, 2013 жыл

Төбесіне мансард салынған бұрынғы теміржолшылар жатақханасының дәлізі. Астана, мамыр, 2013 жыл

Үйдің жертөлесі бұрынғысынша тозған күйде қалған. Бірінші қабатта кәріз құбырынан тараған иісі қолқаны қабады. Баспалдақтарда қоқыс шашылып, шіріген құбырлардан аққан су қабырғаны бойлай ағып тұр.

Осы үйдің тағы бір тұрғыны Әділ Мусиннің айтуынша, құрылыс компаниясы «бәрін жөндеп береміз» деп уәде еткенімен, ештеңе істемеген. Шатыр жабындысының жыры жеке әңгіме. Дұрыс жабылмаған шатырдан су сорғалайды. Қыста бөлмелердің қабырғаларын мұз басады. Мансардалы қабаттағы тұрған электр қалқаны көп пәтердегілер электр қуатын пайдаланған кезде түсетін қысымды көтере алмай бірнеше рет күйіп кеткен.

Мұндағы пәтерлердің орташа аумағы – 18 шаршы метр. Тұрғындар оларды үлескерлік келісім-шарт бойынша сатып алған. Әділ Мусиннің айтуынша, басқа тұрғындар сияқты оның да ақшасы осындай баспана алуға ғана жеткен.

– Бүкіл ақшамызды жеп қойған құрылыс компаниясының қожайынын екі жылдан кейін соттап жіберді. Біз қаржы полициясына арыз жаздық. Осында еш құжатсыз тұрып жатқанымызға үш жыл болды. Үй техникалық қауіпсіздік сияқты тиісті сараптамадан өтпеген. Сараптамадан өту үшін алдымен қала әкімдігі рұқсат Мансардты пәтерлердің тұрғындары. Астана, мамыр, 2013 жыл

Мансардты пәтерлердің тұрғындары. Астана, мамыр, 2013 жыл

беруі тиіс, ондай рұқсат жоқ. Кезінде ешкімнің қадағалауынсыз салынған мансарда ғой, - дейді Есенбек Мұстафаев.

Тұрғындар баспанасын үш жыл бойы заңдастыра алмай жүр. Олар бұл проблеманы құрылыс компаниясының жауапсыз әрекетіне салғырт қараған қала билігі шешуі тиіс деп есептейді. «Бұл тығырықтан шығудың екі жолы бар: не баспанамызды заңдастырып беру, немесе қала бюджетінің есебінен бізді басқа пәтерге көшіру» дейді тұрғындар. Олар бұл өтінішін хатқа түсіріп, Қазақстан президентінің кеңсесіне өткізіпті.

КОМИССИЯНЫ КҮТІП ОТЫР

Былтыр Астананың төтенше жағдайлар департаменті қаладағы тұрғын үйлердің төбесіне салынған мансарда қабаттар апатты күйде екенін анықтаған. Тексерілген ғимараттар техникалық тұрғыдан тұруға жарамсыз және адам өміріне қауіпті болып шықты. «Он екі үйдің мансарда қабаттары мен шатыры бұзылып, бұл пәтерлердің тұрғындар басқа баспана алды» дейді қала билігі.

Астана әкімдігінің сайтынан қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің бұл мәселе туралы сауалға жауабы да бар. «Мансарда құрылысының жобасына құрылыс Бұланты көшесіндегі 4-үй. Астана, мамыр, 2013 жыл

Бұланты көшесіндегі 4-үй. Астана, мамыр, 2013 жыл

басқармасының ешқандай қатысы жоқ. Кезінде мансарда қабат тұрғызу үшін мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының (ГАСК) рұқсатын бір компания ғана алған. Қалған барлық мансардалар ешбір рұқсат құжаттарынсыз салынған» деген әкім.

Астана қаласының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың алдын алу мен зардаптарын жою жөніндегі басқармасының мамандары Азаттық тілшісіне «Бұланты көшесіндегі 4-үйдегі мансардалардың мәселесі қалай шешілетінін білмейміз. Мүмкін, апатты деп танылатын шығар» дейді.

Егер билік бұл шаруаны қолға алса, тұрғындарды басқа пәтерлерге көшіру үшін ақша өндіріп алу мәселесі де шығады. Қала әкімдігі бұл мәселені жақында ведомство аралық комиссия отырысында талқыламақ.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG