Accessibility links

«Нұр Отанның» мәслихаты


"Нұр Отан" партиясының "формасын" киген жастар партияның жеңісін тойлауға алдын ала дайындық жиынында жүр. Астана, 21 наурыз 2016 жыл.
"Нұр Отан" партиясының "формасын" киген жастар партияның жеңісін тойлауға алдын ала дайындық жиынында жүр. Астана, 21 наурыз 2016 жыл.

Астана мәслихаты жаңа депутаттармен толықты, олардың бір бөлігі -бұрын бірнеше мәрте сайланғандар. «Ескі» және «жаңа» депутаттарға ортақ нәрсе - олардың бәрі «Нұр Отан» билік партиясы мүшелері.

26 ЖАСТАҒЫ ДЕПУТАТ

Алтыншы шақырылымдағы Астана мәслихатының ең жас депутаты - «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрайымының 26 жастағы орынбасары Асхат Оралов. Депутат Павлодарда туып, Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетін, кейін Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты магистратурасын (МГИМО) бітірген.

«Нұр Отанның» мәслихаты
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:10 0:00
Жүктеп алу

Алғашқы сессиядан кейін біраз шешіліп, сырын ақтарған жас депутат оқып жүргенде үнемі белсенді азаматтық позиция ұстанғанын, белсенді болуды «Нұр Отан» президенттік партиясы «Жас Отан» жастар қанатының астаналық филиалында бастағанын айтты.

- Мен үшін мәслихат депутаттығына ұсынылу - шын мәнінде үлкен жауапкершілік, сайлаушыларымыз бен партияның астаналық басшылығы көрсеткен зор сенім. Бес жыл бойы осы сенім мен үмітті ақтауға тырысамын, - дейді Асхат Оралов Азаттыққа.

Ол жастар бастамалары мен жастар кәсіпкерлігін қолдаумен айналысып, «астаналық жастарды жарқыратып танытқысы» келетінін айтады.

«НҰР ОТАНДЫҚ» ЖАҢА ДЕПУТАТТАР

Астаналық мәслихат құрамы 15 депутатқа жаңарды. Қалған 10 депутат алдыңғы - бесінші шақырылым құрамында болғандар. Сайланған 25 депутаттың бәрі - «Нұр Отан» президенттік партиясының мүшелері.

Сыртқа шыққаннан кейін алтыншы шақырылым құрамының бірінші сессиясының төрағасы әрі мәслихат депутаты Ерлан Сыдықов Азаттыққа «қала тұрғындары Қазақстан президентінің саясатын қолдағандықтан, «Нұр Отанға» дауыс берді» деді.

«Мак МедиЯ» компаниясы директорының орынбасары әрі үшінші рет сайланып, алтыншы шақырылым мәслихаты депутатына айналған Мирас Шекенов «нұротандықтардың» көп болуын қазақстандық сайлаушылардың ортақ қалауы деп санайды.

Кез келген елде белгілі бір саяси күрес, саяси күштер болуы тиіс. Қазір «Нұр Отан» партиясы – елдегі негізгі қозғаушы күш.

- Мен әуелі парламент сайлауына көз салар едім. Ол сайлауда партияларға дауыс берді, сайлаушылар дауысының көбін «Нұр Отан» партиясы алды. Кез келген елде белгілі бір саяси күрес, саяси күштер болуы тиіс. Қазір «Нұр Отан» партиясы – елдегі негізгі қозғаушы күш. Сондықтан мәжіліс депутаттарын сайлауды мәслихат депутаттарын сайлаумен кескіндеп көрсек, мәслихат сайлауы мажоритарлық жүйе бойынша өтетініне қарамастан, бұл проекция мәслихат депутаттарына да қатысты, - дейді Мирас Шекенов.

Ол бұл жолы сайлауға өткен шақырылымнан «аяқталмаған істер» қалғандықтан түскенін айтады. Өзін туған қаласының патриоты санайды және депутат ретінде оның келбетін жақсарта беруді жоспарлайды.

Алтыншы шақырылымның алғашқы сессиясында депутаттардың орташа жасы – 55 жас, олардың алтауы ғана әйел және төртеуі ғылым докторы мен төртеуі ғылым кандидаты екені жарияланды.

Астана мәслихаты құрамы көбінесе мемлекеттік қызметшілерден жасақталған. Алтыншы шақырылым құрамына қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы бастығы Жанат Нұрпейісов, «Астанабасжоспары» институты директоры Сәрсембек Жүнісов, «Нұр Отан» партиясының Алматы аудандық филиалы жетекшісінің бірінші орынбасары Гайдар Қасенов, «Жастар Сарайы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры Сергей Солодовников іліккен.

Астанадағы сайлау комиссиясы мүшелері бюлетеньдерді санап жатыр. 20 наурыз 2016 жыл.
Астанадағы сайлау комиссиясы мүшелері бюлетеньдерді санап жатыр. 20 наурыз 2016 жыл.

Жаңа депутаттар тізімінде №5 қалалық емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табылдина, транспорт және коммуникациялар колледжі директоры Зулфухар Гаипов, онкология орталығының бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев пен «Қазақ қызы» қоғамдық бірлестігі төрайымы Қарақат Әбден де бар.

Кәсіпкерлік орта өкілдерінен «Холдинг Алиби» компаниясына қарасты инвестиция департаментінің директоры Саят Батпенов, «Эдем» компаниясының бас директоры Ирина Манжанова, «Алкон+ фирмасы» директоры Аман Аюпов және «Астанаэнергиясервис» компаниясы басқармасы төрағасы Еркеғали Есенжолов сияқты жаңа есімдер бар.

Депутаттардың мәлімдеуінше, алғашқы сессияларда Астана инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланып, жергілікті полиция есебі тыңдалады және қала бюджеті қаралады.

Бұл жолы қалалық мәслихатқа өзін-өзі ұсынып, сайлауға талай адам түсті, бірақсалық декларациясында алшақтық бар деген уәжбен олардың бір бөлігін сайлауалды науқаны басында-ақ шығарып тастаған. Сайлауға түсуден шеттетілген кей кандидаттар наразылық білдіріп, сотқа жүгінгенімен, Астанада олардың ешқайсысы қайта тіркеле алмады.

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын бақылаған «Азаматтық бастамаларды қолдау қоры» жергілікті ұйымы жуырда орталық сайлау комиссиясын наурыздың 20-сы күні өткен сайлауды жарамсыз деп тануға шақырды. Бақылаушылар сайлау учаскелері мен сайлау процесі кезіндегі заң бұзушылықтар жайлы мәлімдеді. Белсенділердің арызында «тәуелсіз немесе өзін-өзі ұсынған кандидаттардың мәслихат деңгейіндегі сайлауалды науқанына қатыссақ деген болмашы талпынысының өзі бос әурешілік болып шықты» деп жазылған.

Қалалық сайлау комиссиясы төрағасы Игілік Жалбыровтың айтуынша, Астанадағы сайлау ашық әрі жария түрде, заң бұзылмай өткен.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG