Accessibility links

Пастор Қашқымбаев сотқа қатысудан бас тартты


Пастор Бақытжан Қашқымбаев сотта отыр. Астана, 22 қаңтар 2014 жыл.

Пастор Бақытжан Қашқымбаев сотта отыр. Астана, 22 қаңтар 2014 жыл.

«Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаевтың ісі бойынша Астанада басталған сот отырысының алғашқы күні қорғаушы тараптың бірнеше өтініші қанағаттандырылмады. Сотқа сенбейтінін айтқан пастор сотқа қатысудан бас тартты.

Қаңтардың 22-сі күні Астанада «Благодать» пресвитериан шіркеуі пасторы, «шіркеуге келуші әйелдің денсаулығына гипноз арқылы зардап келтірген» және «экстремизм» бабы бойынша айыпталған Бақытжан Қашқымбаевтың ісі бойынша сот басталды. 67 жастағы пасторды сот отырысы өтетін залға қолына кісен салып әкеліп, судьяға таяу орындыққа отыруға рұқсат етті. Екі жағынан сот жасауылдары отырды. Сотталушының құлағы нашар еститіндіктен сот осындай шешім қабылдады.

Құлағы ауыратыны туралы талай рет шағымданып, дәрігерлер операция жасау қажеттігін айтқанымен, Қашқымбаевқа операция жасалмады.

ЗАЛДА ОРЫН ЖЕТПЕДІ

Алғашқы сот отырысына «Благодать» шіркеуіне келіп жүрген жандар мен қызметшілер көп жиналды. Залдан бәріне бірдей орын жетпеді. Сот залы кең Сотқа қатысушылар. Астана, 22 қаңтар 2014 жыл.

Сотқа қатысушылар. Астана, 22 қаңтар 2014 жыл.

болғанымен, мұндай шулы іс бойынша процесс өткізуге арналмаған. «Благодать» шіркеуіне баратын ондаған адам пастордың ісін мұқият бақылап, «шіркеу мен бізге де айып тағылуы мүмкін» деп қауіптенеді.

Сот отырысы басталған кезде Бақытжан Қашқымбаев пен оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев «судья мен соттың бүкіл құрамынан бас тартамыз» деп мәлімдеді. Пастордың айтуынша, бұл сот құрамы бұған дейін оның барлық шағым, өтініштерін елемей қойған. Пастордың адвокатының мәлімдеуінше, процеске төрағалық етуші судья Гүлжаһан Ұбашева былтыр жәбірленуші Ләззат Әлменованы психиатриялық клиникаға жатқызу туралы қаулы шығарған.

Үш сағаттан астам уақытқа жарияланған үзілістен кейін судья «сот құрамынан бас тартуға себеп жоқ» деп мәлімдеді. Ал пастор Бақытжан Қашқымбаев «мұндай процеске қатысудан өзім де бас тартамын әрі адвокатыма да тыйым саламын» деді.

- Бұл сотқа мүлде сенбеймін, - дейді Бақытжан Қашқымбаев.

Бұдан басқа ештеңе айтпаған пастор залды көзбен шолып, бірінші қатарда отырған Ләззат Әлменова мен оның әпкесі Гүлдана Әлменоваға қарағыштап отырды.

МАТЕРИАЛМЕН ТАНЫСУҒА УАҚЫТ СҰРАУ

Тергеу орындары «пастор психикасына зардап келтірді» деген ұйғарыммен Ләззат Әлменованы жәбірленуші деп таныған. Оны бірнеше рет еркінен тыс Гүлдана Әлменова. Астана, 22 қаңтар 2014 жыл.

Гүлдана Әлменова. Астана, 22 қаңтар 2014 жыл.

психиатриялық ауруханаға жатқызған. Бірақ Ләззаттың өзі ақыл-есі бүтін, дені сау екенін ұзақ уақыт бойы дәлелдеуге тырысып жүр. Ол бүгінгі сотта өзі сөйлей алмайды.

Адвокат Нұрлан Бейсекеевтің айтуынша, психиатриялық сараптамалардың бірінің ұйғарымына сәйкес, бірақ соттың шешімінсіз қазір әйел өз еркімен әрекет етуге қабілетсіз деп танылған. Оның атынан сөйлеу үшін сот процесіне келген әпкесі Азаттық тілшісіне «Ләззатпен ешкімнің сөйлесуіне болмайды» деп мәлімдеді.

Сотта адвокат «алдын ала жүргізілген тергеу амалдары кезінде менің клиентім қылмыстық істің материалдарымен адвокаттың қатысуынсыз танысқан, бұл процедура үшін оны бір рет те сот ғимаратына әкелмеген және тергеу тағайындаған мемлекеттік адвокатты бір рет те көрмеген» деп мәлімдеді. Ол кезде өзі ауруханада жатқан адвокат Бейсекеевтің қылмыстық іс материалдарымен танысуға уақыты жетпеген.

- Маған «істің әр томымен күніне үш сағаттан артық танысуға болмайды» деді. Егер барлығы 17 томды үш сағатқа көбейтсек, іс материалдарымен танысу үшін 51 сағат қажет екен. Бірақ іспен танысу үшін маған 38 сағат қана берілді. Басқа екі үлкен процеске қатысып жүргендіктен, олармен танысуға шамам келмеді, - дейді адвокат Нұрлан Бейсекеев.

Оның айтуынша, тек бүгінгі сот процесіне дейін 11 томмен ғана танысып шыққан, ал іске қатысты заттай айғақтар мен басқа да сараптама қорытындыларымен таныстырмаған.

Судья Гүлжаһан Ұбашева адвокаттың өтінішін қанағаттандырып, істің басқа Судья Гүлжаһан Ұбашева. Астана, 22 қаңтар 2014 жыл.

Судья Гүлжаһан Ұбашева. Астана, 22 қаңтар 2014 жыл.

томдарымен танысу үшін оған қаңтардың соңына дейін жеті күн берді. Бірақ судья «бәрі бір пакетке салынған, олар сот кезінде қаралады» деген уәжбен 43 диск мен бес видеокассетадан тұратын аудио және видеоматериалдарды көріп шығуға рұқсат бермеді.

Адвокат бұған «судья бізді қорғану құқығымыздан айырып отыр» деп мәлімдеді.

ҚАШҚЫМБАЕВТЫ АБАҚТЫДА ҚАЛДЫРДЫ

Адвокат Бейсекеев сотталушы пастордың денсаулық жағдайы мен жасын ескеріп, оны қамау шарасын басқа шараға өзгертуді сұрады. Бұл өтініш сот отырысына тергеу абақтысының дәрігерін шақырып, ақпанның 3-інде қаралатын болды.

Бақытжан Қашқымбаев 2013 жылдың мамыр айынан бері қамауда отыр. Әуелі шіркеуге келуші әйелдердің бірінің денсаулығына «гипноз» арқылы ауыр зардап келтірген деген айып тағылған оған қазан айында экстремизм бабы бойынша тағы бір айып тағылды.

Билік құрамына астаналық «Благодать» шіркеуі кіретін «Грейс» миссиясын «алаяқтық әрекеттермен айналысты, экстремистік мәтіндерді таратты, құлшылық ету кезінде галлюциногендік сусындар қолданды» деп айыптайды.

Бірақ шіркеу мен оның басшылары бұл айыптарды мойындамайды. Қамауда отырған Бақытжан Қашқымбаев еркінен тыс психиатриялық тексеруден де өткен. «Бақытжан Қашқымбаевқа негізсіз айыптар тағылған» деп санайтын халықаралық құқық қорғау ұйымдары былтыр жазда Қазақстан билігін пасторды қудалауды тоқтатып, оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырған.

Пастор Бақытжан Қашқымбаевтың ісіне қатысты келесі сот отырыстары ақпанның басына белгіленді.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG