Accessibility links

Астанада жолақы 66 пайыз қымбаттауы мүмкін


Аялдамада тұрған автобус. Астана, 8 мамыр 2014 жыл.

Аялдамада тұрған автобус. Астана, 8 мамыр 2014 жыл.

Қоғамдық көлік тарифын қымбаттату туралы қоғамдық тыңдау Астана әкімдігінің жартылай бос залында өтті. Биыл жазда автобустың жол ақысы 100 теңгеге дейін қымбаттауы ықтимал.

Шенеуніктердің айтуынша, Астанада әзірше 60-65 теңге болып тұрған тариф 2008 жылдан бері қымбаттамаған. Енді тарифты 40 теңгеге, яғни 66 пайызға қымбаттату жоспарланған. Қала билігі мереке қарсаңында – бейсенбі, 8 мамыр күні өткізген қоғамдық тыңдауға халықтың көп бөлігі қатысқан жоқ.

Жолаушы тасымалдаушы компаниялар мен Астана әкімдігі биыл жазда қоғамдық көліктің жол ақысын қымбаттатуды жоспарлайды. Жаңа тарифты Астана әкімдігі жанынан құрылып, көбінесе қала шенеуніктері мен «Ілтипат» ұйымы белсенділерінен тұратын жұмыс тобы есептеп шығарған.

Олар ересектердің билетін 100 теңге, ал балалар билетін 40 теңге деп белгілеуді ұсынады. Жеңілдікпен жүретін азаматтар үшін жолақыны бұрынғы мөлшерде өзгеріссіз қалдыруды ұйғарған.

Астана қаласы жолаушы транспорты және автомобиль жолдары басқармасының жолаушы тасымалдауды ұйымдастыру бөлімі басшысы Әбдіхамит Тамабаевтың айтуынша, шын мәнінде тарифтың өзіндік құны үлкен автобустарда – 106 теңге, ал шағын автобустарда – 114 теңге.

АВТОБУС ПЕН ЖҮРГІЗУШІ ТАПШЫЛЫҒЫ

Әкімдік Франциядан әрқайсысы орташа есеппен 250 мың еуро тұратын жаңа 350 автобус сатып алуды, тағы екі автопарк салып, маршруттарды көбейтуді де жоспарлайды. Бұған және жүргізушілердің жалақысын көбейтуге ақша керек.

Елдің жаңа астанасына көшіп келіп жатқан халық жыл сайын көбейген сайын қоғамдық көлікке түсетін салмақ та артып отыр. Астана қаласы жолаушы Қоғамдық тыңдауға келген жұрт. Астана, 8 мамыр 2014 жыл.

Қоғамдық тыңдауға келген жұрт. Астана, 8 мамыр 2014 жыл.

транспорты және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының хабарлауынша, қазір қалада 50 маршрутты қамтитын 8 компания жұрт қажетін әрең орындап отыр.

Астана қаласы жолаушы транспорты және автомобиль жолдары басқармасы бастығы Рашид Аманжоловтың айтуынша, соңғы кезде Астана қаласындағы қоғамдық көлік жұмысына қатысты 2 мың шағым түскен. Әсіресе автобус тапшылығына байланысты түскен шағым көп.

Аманжоловтың айтуынша, жұмысқа әрең қатынап жүрген жұрт артық ақша төлеуге әзір.

– Автобус тапшылығы жүргізушілердің жетіспеушілігінен туып отыр. Шыны керек, жүргізушілердің көбі жұмыстан кетіп, биыл қыста автобустар бос тұрды. Жүргізушілердің жалақысы мардымсыз болғандықтан, осындай жағдай туып отыр, – дейді Рашид Аманжолов.

Шенеуніктің айтуынша, білікті жүргізушілер 100 мың теңге (540 доллар шамасында) жалақыны азсынып, жұмыс істегілері келмейді. Оның дерегінше, Астанада 250 жүргізуші жетіспейді.

«ЖҮРГІЗУШІ ЖАҚСЫ ЖАЛАҚЫ АЛУЫ ТИІС»

1-автопарк директоры әрі қалалық мәслихат депутаты Сергей Богатыревтің Азаттық тілшісіне айтуынша, ол басқаратын автопарк жүргізушілері айына 145 мың теңге, ал кондукторлар 85 мың теңге жалақы алады. Ол «біздің автопаркте қызметкерге тапшылық жоқ» дейді.

Бірақ Сергей Богатыревтің айтуынша, қоғамдық көліктің жол ақысы сөзсіз 1-автопарк директоры әрі қалалық мәслихат депутаты Сергей Богатырев. Астана, 8 мамыр 2014 жыл.

1-автопарк директоры әрі қалалық мәслихат депутаты Сергей Богатырев. Астана, 8 мамыр 2014 жыл.

қымбаттайды. «Бұл мені де қынжылтады, бірақ бағаны қымбаттатпасақ, жолаушы тасымалдау сапасы күрт нашарлайды» деп есептейді ол.

– Мынадай жұмыс режиімінде істейтін жүргізуші қазіргі кезде кем дегенде 200 мың теңге алуы тиіс. Өзіңіз жоқ дегенде бір апта бойы таңғы сағат төртте тұрып көріңізші. Мұның не екенін сонда ұғасыз. Өте ауыр жұмыс, – дейді Сергей Богатырев Азаттық тілшісіне.

«Мен басқаратын автопарк – қаладағы ең үздік автопарк. Бірақ басқаларының жағдайын жақсарту үшін автобустың жол ақысын қымбаттату қажет» дейді ол.

ҚОЛДАҒАНДАР МЕН ҚАРСЫЛАР

Қоғамдық тыңдауға қала халқынан көп адам қатыспады. Астана әкімдігінің жартылай да толмаған залында көбінесе қала әкімшілігіне қарасты түрлі бөлімше қызметкерлері отырды.

«Шаңырақ» ұйымы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Астана Азаматтық белсенді, «Шаңырақ» ұйымының жетекшісі Махамбет Әбжан. Астана, 8 мамыр 2014 жыл.

Азаматтық белсенді, «Шаңырақ» ұйымының жетекшісі Махамбет Әбжан. Астана, 8 мамыр 2014 жыл.

филиалы, «Қазақстанда парламентаризмды дамыту» қоғамдық қорынан келген он шақты адам мен тыңдауға қатысқан кейбір қарапайым тұрғындар жаңа тарифқа қарсы болды.

– Мына бағаны қайдан алғандарын онша ұқпадым. Нақты есептеулерімен де таныстырған жоқ. Сондықтан қоғамдық көліктің жолақысын қымбаттатуға болмайды деп есептеймін. Бұл қалада әлеуметтік шиеленіс тудырады, – дейді азаматтық белсенді, «Шаңырақ» ұйымының жетекшісі Махамбет Әбжан.

Астана қаласы тұрғыны Күләш Омарханова қала билігі қоғамдық тыңдау туралы халыққа жарияламай әрі демалыс күні таңертең өткізгеніне наразы. Оның Қала тұрғыны Күләш Омарханова. Астана, 8 мамыр 2014 жыл.

Қала тұрғыны Күләш Омарханова. Астана, 8 мамыр 2014 жыл.

айтуынша, бағаның қымбаттауы қалалықтардың көбінің отбасылық бюджетіне ауыр тиеді.

– Бәрінен сұрап шықтым. Мына қоғамдық тыңдау туралы ешкім білмейді. Тіпті «бұл туралы еш жерде хабарланған жоқ, жұртты неге дүрліктіріп жүрсің?» дегендер де болды. Егер бұл мәселе тиісті дәрежеде талқыланса, мына залда орын қалмас еді. Бұл жұрттың бәріне қатысты мәселе, қазір ешкімде ақша жоқ, – дейді Күләш Омарханова.

Ал шенеуніктер қоғамдық тыңдау өтетіні туралы хабарландыру интернетте және мемлекеттік екі газете жарияланғанын мәлімдеп, «қатысқысы келген адамдар келді» деп жауап берді.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG