Accessibility links

Наразы әйел өзін-өзі шынжырлады


Семей қаласы тұрғыны Кенжеғайша Рахымбаева есірткіге байланысты айыптармен 11 жылға сотталып кеткен ұлын босатуды талап етіп, өзін Астанадағы Орынбор және Қонаев көшелері қиылысындағы министрліктер үйі жанындағы бағанға шынжырлап тастады. Оның пікірінше, 2011 жылы сәуірде сотталған ұлына "жалған айып тағылған". Полиция наразы азаматты бағаннан ағытып, Есіл аудандық полиция бөлімшесіне алып кетті. Астана, 22 тамыз 2016 жыл.

XS
SM
MD
LG