Accessibility links

«Астаналық лаңкестер» сот залынан «Аллаһу әкбар» деп шықты


Терроризм айыбымен сотталған алты адам үкім күтіп тұр. Астана, 14 тамыз 2013 жыл.

Терроризм айыбымен сотталған алты адам үкім күтіп тұр. Астана, 14 тамыз 2013 жыл.

«Астаналық террористерге» қатысты үкім жарияланды. Сотталушының екеуі он жылға түрмеге кесілді.

Алты сотталушы сот залынан «Аллаһу әкбар» тәкбірін айтып шықты. Журналистердің «Сот үкімімен келісесіздер ме?» деген сұрағына олардың жауабы осы болды.

Сотталушылардың екеуі – Серік Қошалақов пен Әли Шәріпов он жылға сотталды. Басқаларына бес жарым жылдан жоғары жаза мерзімі кесілді.

14 тамыз күні Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «алты адамнан құрылған топ Қазақстан аумағында Халифат ислам мемлекетін құруды, Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында, опера және балет театры ғимаратында жарылыс жасауды жоспарлаған» деп шешті. Топты Серік Қошалақов басқарған деп танылды.

Тергеу деректеріне қарағанда, «топ мүшелерінің бірі Әли Шәріповтің әйелі Қазақстанның жоғары шенді тұлғаларының қатысуымен Астанадағы жаңа опера Судья үкім оқып тұр. Астана, 14 тамыз 2013 жыл.

Судья үкім оқып тұр. Астана, 14 тамыз 2013 жыл.

және балет театрын ашу салтанаты кезінде өзін өзі жарып жіберуі тиіс болған».

Сотталған Серік Қошалақовтың әйелі Мәдина Қошалақова «күйеуім екеуіміз қарапайым мұсылманбыз, радикалды исламға ешқандай қатысымыз жоқ» дейді. Ол күйеуінің ісі қаралып жатқан кезде құқықтары бұзылғанын айтып шағымданды.

- Мысалы, сараптама «сотталушылар қарулы жиһад туралы сөйлескен» деген ұйғарым шығарды. Бірақ бұл жайындағы әңгіме сотталушылардың бірі мен оның әйелі арасында ғана болған. Ал олар сол сараптаманы бәріне таңып отыр. Әлгі қыз ҰҚК-ге қызмет еткен - ол бұл іске куәгер ретінде қатысты, қазір күйеуімен араласпайды, - деді Мәдина Қошалақова Азаттық тілшісіне.

Мәдина Қошалақованың айтуынша, Астанада күйеуінің бизнесі - полиэтилен пакет шығаратын цех пен фастфуд тағамдарын әзірлейтін шағын кафесі болған. Сотталған Серік Қошалақовтың жұбайы Мәдина Қошалақова. Астана, 14 тамыз 2013 жыл.

Сотталған Серік Қошалақовтың жұбайы Мәдина Қошалақова. Астана, 14 тамыз 2013 жыл.

Тергеу болжамы бойынша, сыбайластар жаңа мүшелерді топқа кіруге дәл осы кафеде үгіттеген. Екі меншік нысаны да енді сот шешімі бойынша тәркіленеді.

Мәдина Қошалақованың пікірінше, алтаудың ішінде бұрын сотталған Әли Шәріпов қана радикалды көзқарастағы адам болған. Ол Серік Қошалақовтың кафесінде аспаз болып жұмыс істеген.

Сотталғандардың екеуі жұмыс істемейді. Басқалары кір жуғыш машиналарды жөндеп кәсіп қылған.

Айыптау қорытындысына қарағанда, «Шәріпов пен Қошалақов жалдаған қоймадан жарылғыш заттар әзірлеуге қажет аммиак селитрасы, аллюминий ұнтағы, қант және сутегі тотығы табылған. Ал Шәріпов жалға алған пәтерді тінту кезінде бейбітшілік және келісім сарайының сызбасы, «Домашняя кухня терроризма» кітапшасы табылған».

Айыптау қорытындысы бойынша, айыпталушылар «Столичный базар» сауда Сотталушылардың туыстары. Астана, 14 тамыз 2013 жыл.

Сотталушылардың туыстары. Астана, 14 тамыз 2013 жыл.

​үйінен 28,4 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлауды жоспарлаған. Тергеушілердің пайымдауынша, олар ұрлыққа 2012 жылдың 31 желтоқсанынан 2013 жылдың 1 қаңтарына қараған түні кіріспек болған. Жаңа жылдың алғашқы күні ҰҚК департаментінің қызметкерлері алтауын да ұстады. Ал мамыр айының ортасында оларға қатысты сот басталды.

Соңғы екі жыл ішінде Қазақстанда ондаған азамат «лаңкестікке қатысы бар» деген айыппен сотталды. Американың Stratfor («Стрэтфор») зерттеу ұйымының сарапшылары терроризмнің өршу себептерін құқық қорғау органдарының діншілдерді қыспаққа алуынан, кландардың саяси сахнадағы орынға таласуынан іздейді. Сарапшылар «Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар да радикал көзқарастағы азаматтардың күрт өсуіне себеп болды» деп есептейді.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG