Accessibility links

Судағы спорттың қазақстандықтарға қиын тиетін түрі бар


Синхронды жүзу. Жарыс сәтінен көрініс. Сурет Халықаралық су спорты федерациясының ресми сайтынан алынды.

Синхронды жүзу. Жарыс сәтінен көрініс. Сурет Халықаралық су спорты федерациясының ресми сайтынан алынды.

Лондонға атағы жер жарған мықты спортшылар келе жатыр. Арасында 14 дүркін олимпиада чемпионы, 28 рет әлем чемпионы атанған америкалық Майкл Фелпс, жеті дүркін әлем чемпионы - бразилиялық Сезар Фильо, үш мәрте әлем чемпионы болған неміс Пауль Виедерманн бар.

Спортшылар ашық суда жүзу, брасс, баттерфляй және еркін әдіспен жүзу, шалқалап, комплексті жүзуден жарысады. Ал биші қыздар синхронды жүзуден жекелей және командалық жүлделерге таласады.

Жүзу спортынан олимпиада ойындарында 34, ал синхронды жүзу спорты бойынша екі комплект медаль сарапқа салынады. Су спортынан олимпиада ойындарында ең көп медаль тігілген.

Алайда осынша мол бәйге тігілгенімен, қазақстандықтардың алтынға қол жеткізуі неғайбіл. Оны басқа елдерден келе жатқан спортшылардың атағына қарап болжауға болады.

ЛОНДОНҒА КЕЛЕ ЖАТҚАН ӘЛЕМ ЖҰЛДЫЗДАРЫ

Америкалық спортшы Майкл Фелпс. Пекин олимпиадасы, 13 тамыз 2008 жыл.

Америкалық спортшы Майкл Фелпс. Пекин олимпиадасы, 13 тамыз 2008 жыл.

Олардың қатарында он төрт дүркін олимпиада чемпионы, 28 рет әлем чемпионы атанған америкалық Майкл Фелпс, Пекин ойындарының чемпионы, жеті дүркін әлем чемпионы болған бразилиялық Сезар Фильо, он бір рет Еуропа чемпионатын ұтқан, үш дүркін әлем чемпионы неміс Пауль Виедерманн бар.

Бұған қоса, Джессика Харди (он бір рет әлем чемпионы атанған), Пекин олимпиадасының чемпионы австралиялық Кэйли Палмер, 2008 жылы олимпиаданың екі алтынын иеленген Ребекка Адингтон (Ұлыбритания), Афина олимпиадасында екі алтын, төрт күміс, бір қола алған Зимбабве спортшысы Кристи Ковентри сияқты жұлдыздар бар.

Ал синхронды жүзуден Пекин олимпиадасының чемпиондары, 15 дүркін әлем чемпиондары атанған Наталья Ищенко мен Светлана Ромашина, екі рет олимпиаданың күміс жүлдесін алған испаниялық Андреа Фуэнтас, алты мәрте әлем чемпионатының күміс медалін алған қытайлық Хуанг Хиечен келе жатыр.

ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫ

Владислав Поляков (100 метр брасс) - Азия ойындарының чемпионы (2006 жыл). 25 метрлік бассейнде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы (2006 жыл, Шанхай) және екі мәрте қола алған (2004 жыл). АҚШ-та оқиды, сонда жаттығады. АҚШ ашық Қазақстандық жүзу спортының шебері Владислав Поляков Азия ойындарының алтын медалін ұстап тұр. Доха. 2006 жыл. (Сурет Азия олимпиада комитетінің ресми сайтынан алынды)

Қазақстандық жүзу спортының шебері Владислав Поляков Азия ойындарының алтын медалін ұстап тұр. Доха. 2006 жыл. (Сурет Азия олимпиада комитетінің ресми сайтынан алынды)

чемпионатының алтын жүлде иегері. 2004 жылы Афина олимпиадасына қатысып, 100 және 200 метрлік брасс жарысында 5-орын алған. Ал Пекин олимпиадасында 17-орынға ие болды. 2005 жылы Измирде (Түркия) өткен жазғы Универсиаданың (студенттер жарысы) күміс жүлдегері.

Александр Тарабрин (100 және 200 метрге шалқалап жүзу). Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысады. Қазақстан чемпионы. Халықаралық жарыстарға аз қатысқандықтан, жүлделері де көп емес.

Екатерина Руденко (100 метрге шалқалап жүзу) - Қазақстанның төрт дүркін чемпионы. Жастар арасындағы Азия ойындарының чемпионы (2009 жыл). Әлем және Азия чемпионаттарына қатысқан.

Юрий Кудинов (10 шақырымға ашық суда жүзу) - үш дүркін әлем чемпионы (2001, 2003, 2006 жыл). 2002 жылғы Еуропа чемпионатының алтын жүлдесін алды. Алайда Кудинов бұл жетістіктерінің бәріне Ресей азаматы кезінде жеткен. Қазақстан азаматтығын 2009 жылы алды. Қазір жасы 33-те. Ресейлік басылымдардың дерегіне сүйенсек, Кудинов Ресей чемпионатында жас спортшылардан жеңіліп, ұлттық құрамадан шығып қалған. Сондықтан Лондон олимпиадасына қатысу үшін Қазақстан азаматтығын алыпты.

Қазақстаннан 1996 жылғы олимпиадаға су спорты түрлерінен - 12, Сидней ойындарына - 7, Афина олимпиадасына - 13, Пекин олимпиадасына 10 спортшы қатысқан.

Ал биылғы Лондон олимпиадасына төрт жүзу спортының шебері және екі биші, жиыны алты спортшы қатысады.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИШІЛЕР

Анна Кулькина мен Әйгерім Жексенбина Лондондағы іріктеу жарысына қатысып жатыр. Мамыр, 2012 жыл. Сурет Халықаралық су спорты федерациясының ресми сайтынан алынды.

Анна Кулькина мен Әйгерім Жексенбина Лондондағы іріктеу жарысына қатысып жатыр. Мамыр, 2012 жыл. Сурет Халықаралық су спорты федерациясының ресми сайтынан алынды.

Ал Анна Кулькина мен Әйгерім Жексенбина Лондонға аттанып кетті. Олар синхронды жүзу жарысына қатысады. Суда билейтін қыздар олимпиада жолдамасын Лондонда өткен іріктеу жарысында жеңіп алған. Екеуі де Азия ойындарының қола жүлдегері (2010 жыл). 2011 жылы өткен әлем чемпионатында 16-орын иеленген.

Қазақстандық синхронды жүзу спортының шеберлері Арна Тоқтаған мен Айнұр Керей 2008 жылы Пекин олимпиадасына қатысып, 20-орын алған еді.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG