Accessibility links

Атыраудағы жігіттің не үшін «өзін-өзі жарғаны» - анасына да жұмбақ


Авангард шағын ауданындағы №4 үйдің тұрғындары есік алдында. Атырау, 3 қараша 2011 жыл.

Авангард шағын ауданындағы №4 үйдің тұрғындары есік алдында. Атырау, 3 қараша 2011 жыл.

Атырауда жарылыста қаза болған Бауыржан Сұлтанғалиевтің анасы ұлының денесін әлі алмағанын айтады. Марқұмды білетіндер оны «тұйық адам» деп сипаттады.


Осы аптада Атыраудағы ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, прокуратура және қалалық ішкі істер бөлімі ғимараттары жанындағы жарылыста мерт болған жігіт, 1987 жылы туған Бауыржан Сұлтанғалиев отбасымен бірге Авангард шағын ауданындағы №4 үйде тұрған.

ТҰЙЫҚ КӨРШІ

Көршілерінің айтуына қарағанда, марқұм бұл пәтерді екі ай бұрын ғана сатып алған екен. Осы үйде отыз жылдан бері тұратын 84 жастағы Хансұлу Мәшқалиева өз подъезіндегі тұрғындарды жақсы танитынын, бәрі бір-бірімен аралас-құралас екенін айтады. "Бірақ осында қоныстанғанына көп болмаған №11 пәтердің тұрғындары ешкіммен араласпайтын еді" дейді ол кісі.

– Мен ол баланы сол жарылыс болатын күні кездейсоқ көріп қалдым. Үйдегі жылудың мәселесін айтайын деп, ертемен сыртқа шыққанымда жоғарыдан түсіп келе жатыр екен. «Соңыра келіп қарармын» деп кетіп қалды. Жалпы, олар үйінен шықпайды, – деді Хансұлу әжей.

«Қаладағы жұртты дүрліктірген жарылысқа көршіміздің тікелей қатысы бар Авангард ықшам ауданындағы №4 үйдің тұрғыны Нина Образцова. Атырау, 3 қараша 2011 ж.

Авангард ықшам ауданындағы №4 үйдің тұрғыны Нина Образцова. Атырау, 3 қараша 2011 ж.

екен» деген хабар қатты әсер еткен көп қабатты үйдің тағы бір тұрғыны - Нина Образцова әлі күнге үрейден арыла алмай жүргенін айтады.

– Сыртқа бейсауат шыға беруге қорқамыз. Ал қазанның 31-і күні кешке үйіміздің маңында тағы бір жарылыс болғанда полицейлер әбден есімізді шығарды. Бізге телефон шалып: «Тез арада киініп сыртқа шығыңдар, ешкіммен сөйлеспеңдер!» дегенде тіпті есімізден танып қала жаздадық, – дейді Нина Образцова.

Ал өз аты-жөнін атағысы келмеген тағы бір тұрғын Азаттық тілшісіне «Бауыржан Сұлтанғалиев үнемі амандасып жүретін, ілтипатты, жақсы жігіт еді» дейді. Ол қарашаның 3-і күні марқұмның туыстары келіп, отбасын көшіріп әкеткенін айтты.

ҚАРАЛЫ ОТБАСЫ

Бауыржан Сұлтанғалиевтің ата-анасы қала маңындағы Жұмыскер ауылында қос қабатты коттеджде тұрады. Қайтыс болған жігіттің қайғыдан көз жасын тия алмаған анасы Азаттық тілшісіне «баласының бұл әрекетке Жұмыскер ауылындағы Бауыржан Сұлтанғалиевтің ата-анасының үй. Атырау, 3 қараша 2011 ж.

Жұмыскер ауылындағы Бауыржан Сұлтанғалиевтің ата-анасының үй. Атырау, 3 қараша 2011 ж.

қалай барғаны өзіне жұмбақ болып отырғандығын» ғана айта алды.

– Баламның мүрдесін де әлі алғаным жоқ. Менен ештеңе сұрамашы, айналайын, – деді ол.

Ол үйдегі туыстарының бірі өздеріне ешкіммен сөйлеспеу жөніндегі нұсқау болғанын айтып, тілшімен әңгімелесуден бас тартты.

Азаттық тілшісі барған кезде марқұмның жұбайы мен баласын Жұмыскер ауылындағы осы үйге көшіріп әкеліп жатыр екен. Бірақ көз жұмған жігіттің жесірі де тілшімен сөйлесуге ықылас білдірмеді.

«ҚАТАРДАҒЫ ОҚУШЫ БОЛАТЫН»

Бауыржан Сұлтанғалиев - Атырау қаласындағы №15 мектептің түлегі. Мектеп директоры Гүлшара Менешова Азаттық тілшісімен әңгімеде Бауыржан Сұлтанғалиев бұл мектепті бітіргелі бері көп адам ауысып кеткендіктен, оны танитындар қалмағанын айтты.

Ал тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Лиман Қашауова баспасөз өкілдеріне Бауыржан Сұлтанғалиевтің қатарынан озып көзге түспегенін, көп ешкіммен араласпайтын тұйық бала болғанын айтады.

- Ол жоғары сыныптарда оқып жүргенде ата-анасы ажырасып, анасы екінші рет тұрмысқа шыққан еді. Бауыржанға сол ұнаған жоқ. Өгей әкесі діндар адам болып шықты. Бірақ оның әлдебір экстремистік ұйымдармен байланысы болғанын байқаған емеспіз, – дейді Лиман Қашауова.

КҮДІКТІ ЕКІ АДАМҒА ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қарашаның 3-і күні Атырау қалалық ішкі істер басқармасының қылмыс полициясы бөлімі «аса ауыр қылмыс жасады» деген күдікпен 25 жастағы Мейрамбек Ұсабеков пен 28 жастағы Әлімжан Сагеновке іздеу жариялады. Олар Атыраудағы терактіге қатысы бар деген күдікке іліккен. Көп кешікпей бірқатар сайттарда «Ұсабеков ұсталыпты» деген ақпарат тарағанымен, оны ресми орындардан растау мүмкін болмады. Атырау полициясының қылмыстық іске қатысты іздеу жариялаған күдіктілер туралы ақпарат. Атырау, 3 қараша 2011 ж.

Атырау полициясының қылмыстық іске қатысты іздеу жариялаған күдіктілер туралы ақпарат. Атырау, 3 қараша 2011 ж.

Ал күдіктілердің екіншісі жайлы полиция қызметкерлері «аса қауіпті, қарулы қарсылық көрсетуі мүмкін» деген ескерту айтады.

Атыраудағы жарылыстарға қатысты әзірге бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасап отырған - прокуратура ғана. Қарашаның 3-і күні Астанада өткен кезекті брифингте Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков осы оқиғаларға қатысы бар деп саналған бірқатар күдікті тұлғалардың анықталғанын хабарлағанымен, олар туралы толық ақпарат бермеді.

- Қазір әңгіме қоғамдық қауіпсіздік, сандаған адамдардың өмірі мен денсаулығы туралы болып отыр. Сондықтан жүргізіліп жатқан тексерулердің құпиялығына салдарын түсінеді деп ойлаймын, – деп мәлімдеді Нұрдәулет Сүйіндіков.

АТЫРАУДАҒЫ ИМАМНЫҢ УАҒЫЗЫ

Қарашаның 4-і күні Атырау қаласындағы орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Есмағамбет жұма намазына жиналған жамағатқа алда келе жатқан Құрбан айт мерекесінің шарттары туралы айта келе, уағызына Қазақстанды басқарып отырған президент Нұрсұлтан Назарбаевты да қосты.

– Абылай хан да, басқалар да халықтың басын қоса алмай зар жылап кеткенін білеміз. Талай рет тарих бетінде қазақ деген атты өшіруге тырысқан амал-әрекеттің болғанын да естен шығармауымыз керек. Осындай қасіреттен жұрттың басын қосып құтқарған, елді өзгелермен Атырау облыстық орталық мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Есмағамбет. Қараша, 2010 жыл.

Атырау облыстық орталық мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Есмағамбет. Қараша, 2010 жыл.

терезесі тең мемлекет етуді іске асыруды Алла тағала біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына нәсіп еткенін де қуанышпен қарсы алуымыз керек. Өйткені ол да Алла тағаланың бізге берген нығметтерінің бірі, – деді Нұрбек қажы Есмағамбет.

Бұдан соң имам мұның бәрін текке айтып отырмағанын ескертті. Оған себеп ретінде апта басында қалада болған жарылысты атаған бас имам ол «жалғыз Атырауды ғана емес, бүкіл қазақ халқын дүр сілкіндірген оқиға» деп бағалады.

– Жанкештінің әрекеті – дінге қарсы әрекет. Ислам – бейбітшілікті жақтайтын ілім. Денесіне түрлі жарылғыш зат байлап, өзгенің жанын қию мақсатымен өзіне қол жұмсаған жанкештіні шахид деп айтудың өзі ұят. Шаһид емес, ол – күнәһардың күнәһары. Менің ойымша, өзін-өзі жарып жіберу индиһат деп аталады. Өз-өзіне қол салу мен шахид болудың арасында кереметтей айырмашылық бар, – дейді имам.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG