Accessibility links

Мұнайшылардың балалары туралы әкімнің сөзі шу көтерді


Атырау облысы әкімі Бергей Рысқалиев жылдық есеп беріп тұр. Атырау, 11 ақпан 2009 жыл.

Атырау облысы әкімі Бергей Рысқалиев жылдық есеп беріп тұр. Атырау, 11 ақпан 2009 жыл.

Атырау облысы әкімі Бергей Рысқалиевтың мемлекеттік балабақшалардан мұнайшылардың балаларын аластау туралы пікірі ірі мұнай-газ кәсіпорындары арасында қарама-қайшы пікір тудырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорыны «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы (АҚ) баспасөз қызметі Азаттық тілшісіне Атырау облысы әкімінің шілденің 18-і күнгі мәлімдемесіне қатысты көзқарасын білдірді.

«ТҰРҒЫНДАРДЫ «АДАМДАР» МЕН «МҰНАЙШЫЛАР» ДЕП БӨЛМЕЙМІЗ»

- Шынын айтқанда, облыс әкімінің не айтқысы келгені біздің компаниямыз үшін түсініксіз болып отыр. «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» және оның Атыраудағы еншілес кәсіпорыны «Ембімұнайгаз» АҚ жыл сайын облыс тұрғындары игілігі үшін әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Мәселен, 2010 жылы «Мақатмұнайгаз» өндіру басқармасына тиесілі ғимарат аудандық мектепке дейінгі мекемелер иелігіне берілді. 2011 жылы Доссорда 180 миллион теңгеге балабақша салынды, - деді «ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметі шілденің 19-ы күні.

Компанияның баспасөз қызметінің айтуынша, мұнай-газ өндіру компаниясы Атырау қаласы маңындағы мұнай шығаратын Ескене ауылының баласы. (Кейт Уоттерстың суреті), 25 қыркүйек 2007 жыл.

Атырау қаласы маңындағы мұнай шығаратын Ескене ауылының баласы. (Кейт Уоттерстың суреті), 25 қыркүйек 2007 жыл.

Атырау облысы тұрғындарын мұнайшылар мен қарапайым адамдар деп бөлмейді.

- Біздің барлық әрекетіміз облыс тұрғындары игілігін арттыруға бағытталған, - деді «Қазмұнагаз» Барлау Өндіру» АҚ баспасөз қызметі.

«ӘЛЕУМЕТТІК АЛАУЫЗДЫҚ ТУДЫРМАЙ МА?»

Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев шілденің 18-і күні өткен кезекті қалалық мәслихат сессиясында мұнайшылардың өз балабақшаларын салып алуға шамасы әбден жететіні туралы айтқан.

Оның ойынша, мұнайшылар дәрігерлер мен мұғалімдерден көп табыс табады.

- Ведомстволық балабақшалар туралы мәселені былтырдан бері көтеріп келеміз. Бұл туралы ірі мұнай-газ кәсіпорындары басшыларына да айттық. Егер олар орындамаса, мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерден ірі кәсіпорын Жиналыста облыс әкімі Бергей Рысқалиевтың сөзін қошеметтеп отырған жұрт. Атырау, 11 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Жиналыста облыс әкімі Бергей Рысқалиевтың сөзін қошеметтеп отырған жұрт. Атырау, 11 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

жұмысшыларының балаларын шығаруға тапсырма бердім, - деді Рысқалиев Атырау қалалық мәслихаты сессиясында, ақпарат агенттіктерінің жазуынша.

Ақпарат құралдары «Облыс әкімінің мәлімдемесіне орай «Самұрық-Қазына» қоры жанындағы әлеуметтік әріптестік орталығы Қазақстан республикасы бас прокурорынан құқықтық баға беруді талап етті» деп хабарлады.

Әлеуметтік әріптестік орталығы өкілінің көзқарасынша, әкімнің айтқан сөзі - «беделқұмарлықтың үлгісі».

«Самұрық-Қазына» әлеуметтік орталығы Бергей Рысқалиевтың ойланбай айтқан сөзі әлеуметтік араздықты ушықтыруы мүмкін емес пе екен деп мазасызданады.

«Аталған іс-әрекетті әлеуметтік араздықты ушықтырудың үлгісі ретінде қарастыруға бола ма? Бұл айтарлықтай әлеуметтік бөлшектенуге соқтырмай ма?» деген сауал қойды орталық.

«АНАЛИЗ, МОНИТОРИНГ ЖАСАЙМЫЗ»

Облыс әкімінің мұнайшылар балалаларын мемлекеттік балабақшадан шығару туралы тапсырмасы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Айжан Қарабаеваға тапсырған еді. Журналистер қала әкімі орынбасарынан бұл тапсырманы қалай орындайтынын сұрады.

Айжан Қарабаева қалада балабақша кезегінде тұрған 9 мың баланың қаншасы ірі компания қызметкерлерінің баласы екенін анықтайтынын айтты.

- Балабақшаға барып жүрген балаларды шығарамыз деп айта алмаймын, өйткені олар орналасып қойған. Бірақ берілген тапсырманы анализ, мониторинг жасап жалғастырамыз, олардың тізімін жасаймыз, - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Айжан Қарабаева.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG