Accessibility links

Сотталушылардың туыстары наразылық танытты


Атыраудағы наразылық
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:16 0:00

«Діни қылмыстық топ құрды» деген айыппен сотталған 9 азаматтың туыстары облыс әкімі мен прокурорына барып, сот шешіміне наразылық білдірді. Атырау, 13 тамыз 2012 жыл.

Атырауда «діни қылмыстық топ құрды» деген айыппен сотталған 9 азаматтың туыстары облыс әкімі мен прокурорына барып, сот шешіміне наразылық білдірді. Бірақ оларды әкім қабылдаған жоқ.

Таңертең Атырау облысы әкімі Бергей Рысқалиевтың қабылдауына келген сотталғандардың отбасын облыс әкіміне кіргізбеді. Рұқсат қағаз жазып беру бюросы қызметкері Күлән Хамитова әкімнің қазір орнында жоқтығын айтып, оған кіру үшін бір ай бұрын жазылу керектігін ескертті.

- Бір ай күте алмаймыз, себебі адам тағдыры қыл үстінде тұр. Күйеулеріміз жазықсыз сотталып барады. Бізге әкімнің көмегі қажет, - деп айқайлады әйелдер.

ПРОКУРОРДЫҢ КЕҢЕСІ

Әкімдік алдына топталған адамдармен кездесуге облыстық дін комитеті департаментінің қызметкері Мұхтар Ізғалиев шықты. Ол «бұндай мәселені бірінші рет естіп тұрғанын» айтып таң қалды.

- Негізі, бұның бізге қатысы жоқ. Мен жауапты кейін айтамын, алдымен ақылдасып
Дін комитеті департаменті қызметкері Ізғалиев Мұхтар мәселені шешу үшін бастықтарымен ақылдасуға уәде берді. Атырау, 13 тамыз 2012 жыл.
Дін комитеті департаменті қызметкері Ізғалиев Мұхтар мәселені шешу үшін бастықтарымен ақылдасуға уәде берді. Атырау, 13 тамыз 2012 жыл.
алайын, - деді ол Азаттық тілшісіне.

Сотталушылар отбасын түстен кейін Атырау облысы прокуроры Сайфулла Кемалов қабылдады.

Сот шешімінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасы бастығы Шымырбай Әбішовтің айтуынша, «облыс прокуроры жиналған жұртқа заңды құқықтарын түсіндірген».

- Облыс прокуроры олардың әлі апелляциялық және кассациялық шағымдар жаза алатынын, жоғары сотқа шағымдануға мүмкіндіктерге барлығын ұғындырды, - деді ол Азаттық тілшісіне.

Бірақ Шымырбай Әбішов іспен таныс еместігін айтып, толық түсініктеме беруден бас тартты.

«47 АДАМДЫ ДА ЕШ ДӘЛЕЛСІЗ СОТТАҒАН»

Сотталған азаматтардың бірінің адвокаты Бақберген Айтмағамбетовтің айтуынша, «екі айдан астам уақытқа созылған сот барысында 9 адамға тағылған айыптар - қылмыстық кодекстің 103 және 235-баптары нақты дәлелін тапқан жоқ».

- Оларды құқық қорғау органдары «дәстүрлі емес діни ағымды ұстады және сол
Атырау облыстық прокуратурасы қызметкері Айгүл Теміртасова (оң жақтан бірінші) арызданушылармен сөйлесуге шықты. Атырау, 13 тамыз 2012 жыл.
Атырау облыстық прокуратурасы қызметкері Айгүл Теміртасова (оң жақтан бірінші) арызданушылармен сөйлесуге шықты. Атырау, 13 тамыз 2012 жыл.
бағыттағы қылмыстық топты құрды» деп айыптай салды. Ал бұндай айыптау арнайы сараптамамен негізделуі керек,- деді ол Азаттық тілшісіне.

Адвокаттың айтуынша, оның қорғауындағы Руслан Жақсымановтың бұл іске мүлде қатысы болмаған. Ол жай ғана көлікте отырған. Ал «қылмыстық топ көшбасшысы» деп айыпталған Асхат Өтешқалиев тіпті төбелес болған жерге бармаған.

- Мені бұл сот шешімі таңғалдырмайды. Себебі мен бұларға дейін террорист ретінде сотталған 47 адамның бірнешеуінің адвокаты болдым. Ол жолы да дәл осылайша келтірген айғақтарымды сот назарға алған жоқ. Еш дәлелсіз, «террористік топты қаржыландырды, жарылғыш заттар жасады» деген айыптармен олар сотталып кетті, - дейді адвокат.

Бақберген Айтмағамбетовтың айтуынша, сотталған тоғыз адамның кейбірі ғана намаз оқиды.

- Олар намаздың өз жұмыстарына кедергісі жоқ деп санайды, - дейді адвокат.

«ОЛАРДЫ НАМАЗ ОҚЫҒАНДАРЫ ҮШІН СОТТАДЫ»

Сотталған азаматтардың әйелдері күйеулерінің қылмыс үшін емес, діни наным-сенімдеріне бола айыпталғанын айтады.

- Біздің күйеулеріміз нақақ жыл арқалап кетіп барады. Сотталғандардың бәрі бірдей намаз оқымайды да. Менің жұбайым Асхат Өтешқалиевты қылмыстық топтың көшбасшысы, ұйымдастырушысы ретінде 10 жылға соттады. Ал әлгі желтоқсандағы төбелес кезінде ол тіпті үйде отырған еді, - дейді Зарина Әлиева.

35 жастағы Асхат Өтешқалиев 1996 жылдан бері намаз оқитын адам ретінде
Cотталған азаматтардың туыстары сот шешіміне наразылық білдірді. Атырау, 13 тамыз 2012 жыл.
Cотталған азаматтардың туыстары сот шешіміне наразылық білдірді. Атырау, 13 тамыз 2012 жыл.
Атыраудағы құқық қорғау орындарының есебінде тұр.

- Ол мешітке баратын болғандықтан ваххабист деп саналады. Бірақ ол бес уақыт намаз оқитыны болмаса, ұстайтыны - дәстүрлі мазхаб, - деді Зарина Әлиева.

9 жылға сотталған Керей Аманкелдінің жұбайы Динара Жиенбаева да күйеуінің намаз оқитынын айтады.

- Оны ұстап алып кеткен соң ұзақ уақыт хабарсыз қалдық. Апарған сәлемдемемізді де бермеген. Үйімізді тінткен тергеуші «Юсуф» деген тарихи фильмді тәркілеп алып кетті, - дейді ол.

Тағы бір сотталушы Бауыржан Жаңбырбаевтың әйелі Алтыншаш Тайжанова күйеуіне сот залында прокурор 7 жыл сұрағанын, бірақ 8 жылға абақтыға жапқанын айтады. Оның сөзіне сүйенсек, күйеуін «адам денсаулығына қасақана зиян тигізді, топ болып қылмыс жасады» деп айыптағанымен, тергеу амалдары жұбайының діни көзқарасын анықтауға бағытталған.
«Балаңыз сізді кәпір деп атамай ма? Бөлек тамақтанбай ма? Арақ ішпеңдер деп тыйым сала ма?»

- Менің қайын атамнан жауап алу кезінде тергеуші «Балаңыз сізді кәпір деп атамай ма? Бөлек тамақтанбай ма? Арақ ішпеңдер деп тыйым сала ма?» деген сауалдар қойған. Ал үйімізді тінту барысында кәдімгі Құранды, «Крепость мусульманина» тәрізді бірнеше кітапты сараптама жасаймыз деп алып кетті, - дейді Алтыншаш Тайжанова.

Ол күйеуін тұтқындауға келген, бетперде киген арнайы жасақ сарбаздарынан кішкентай балаларының қатты қорқып қалғанын айтып шағымданды.

- Олар балаларымың маңдайына қару кезеп, «әкеңнің қайда екені айт» деді. Сол оқиғадан кейін біреу есік қақса, балаларым әлі күнге дейін жамырай жылап, «ашпа» дейтін болды, - дейді Алтыншаш Тайжанова.

Ол күйеуі, 30 жастағы Бауыржан Жаңбырбаевты Қашаған кенішіндегі құрылыс жұмыстарынада еңбек ететін, аса жауапты әрі мейірімді отағасы ретінде суреттейді.

- Оның көзі ашық, білім жоғары. Ер адаммын деп кеуде кермей, бос уақытында маған үй шаруасына да көмектеседі. Төрт баламыздың тәрбиесіне белсене ат салысады. Мен жұмыссызбын. Екі балам биыл мектепке барады. Асыраушысыз қалғаным да жаныма батып барады, - деді ол Азаттық тілшісіне.

БАСЫ - ТОПТЫҚ ТӨБЕЛЕС, СОҢЫ - «ЭКСТРЕМИСТЕРДІ ҰСТАУ»

Сотталушылардың бірі Руслан Жақсымановтың әйелі Эльмира Жақсыманова оқиғаның 2011 жылғы желтоқсан айында болған әлдебір топтық төбелестен өрбігенін айтады.

Эльмираның айтуынша, жалпы Атырауда мұндай топтық төбелестердің, аудан-
Азаматтардың Атырау облысы әкімі Бергей Рысқалиевтен көмек сұрауға бара жатқан сәті. Атырау, 13 тамыз 2012 жыл.
Азаматтардың Атырау облысы әкімі Бергей Рысқалиевтен көмек сұрауға бара жатқан сәті. Атырау, 13 тамыз 2012 жыл.
аудан болып, көше-көшеге бөлініп өзара дауласу әдетінің бұрынан бар екенін айтады.

- Бір жас жігіт тобына келіп, өзін әлдекімдердің ұрғанына айтып шағымданған. Оның таныстары ол жігітті ұрғандардан есесін қайтармақ болған. Бірақ ол жігітке кім пышақ салды? Кім оның өміріне нақты зиян келтірді? Ол анықталған жоқ, оны ешкім білмейді де. Шын мәнінде соны жасаған адам бостандықта жүр, - деді Эльмира Жақсыманова.

Оның айтуынша, прокурор жарыссөз кезінде жәбірленушіні жарақаттаған адамның іздеуде екенін айтқан.

- «Онда мына 9 адам не істеп отыр сотта» деген адвокаттардың бірінің сауалына уәж айта алмады, - дейді ол.

Эльмира Жақсыманованың туған інісі де сотталғанын, «таксист болып кәсіп еткен ол азамат төбелес кезінде адамдарды сол жерге апарғаны үшін қамалғанын» айтты.

- Менің үйімде ешкім намаз оқымайды. Жалпы оларды тергеу барысында қатты азаптаған. Соның салдарынан менің күйеуім жиі есінен тана беретін болған. Оларды желтоқсанда қамады, ол кезде бұған дейін террорист деп ұсталған 47 адамның тергеуі жүріп жатқан еді. Соның әсері болды. Русланның 1998 жылдары бала кезінде Атырау қаласындағы ескі Құспан молда мешітіне барып жүргенін еске алыпты, - деді ол.

Сотталушылардың жақындары тоғыз адамды «алдын ала ұйымдасқан адамдар тобы болып денсаулыққа қасақана зиян келтірді» және «бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құрды, басқарды» деген бір айыппен соттауына наразы.

- Тоғыз үй асыраушысыз қалдық. 36 бала әкесіз қалды. Біз қамқоршыларымыздың жазықсыз жазалануына жол бермейміз, - деді сотталушылардың әйелдері Азаттық тілшісіне.

Тамыздың 10-ы күні Атырау облыстық ауданаралық қылмыстық соты тоғыз адамды «алдын ала ұйымдасқан адамдар тобы болып денсаулыққа қасақана зиян келтірді» және «бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құрды, басқарды» деген айыптармен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру туралы шешім шығарған еді.

Сот отырысы барысында ол адамдардың «2005 және 2011 жылдары дәстүрлі емес діни ағымы бағытында ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны белгілі болғаны» айтылды.

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтың айтуынша, «түрмеге жабылған тоғыз адам 2011 жылы желтоқсан айында Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала елді мекенінде ваххабистік топтан шығып кетуге ниеттенген топ мүшелерінің бірін пышақпен ұрып жаралағандары анықталған».
XS
SM
MD
LG