Accessibility links

Құлсарыда қаза болғандардың үшеуі жерленді


Құлсарыда қаза болған адамдардың денелерін мүрдеханадан беру сәті Атырау, 15 қыркүйек 2012 жыл.

Құлсарыда қаза болған адамдардың денелерін мүрдеханадан беру сәті Атырау, 15 қыркүйек 2012 жыл.

Құлсарыдағы «террористік топ қызметіне қатысы бар тұлғаларға қатысты арнайы операция» кезінде, 12 қыркүйекте оққа ұшқан бес адамның үшеуі жерленді. Олар – құлсарылық азаматтар, ағайынды Сабыр мен Дәулет Жанұзақовтар және Еламан Отарбаев.

«ЕЛ АМАН БОЛСЫН ДЕП АТЫН ЕЛАМАН ҚОЙЫП ЕДІМ»

Еламан Отарбаевтың анасы Бақсұлу Отарбаева баласын қыркүйектің 15-сі күні Атыраудағы бейіттердің біріне жерлегенін айтты.

– Мен баламның денесін үңірейтіп кесіп қойғанын көрдім, бірақ ағзалары орнында. Басына да оқ тиген, төбесінен құлағына дейін кесіп, оқ алғандары көрініп тұр. Маған шындық керек. Мейлі, баламды жазаласын, «ваххабист» десін, «террорист» десін. Балам жазықсыз кетті, жазықсыз құрбан болды, – деп жылады Бақсұлу Отарбаева.

Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында тұратын Бақсұлу Отарбаева – алты ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірген «Батыр ана». Ол ерінен Бақсұлу Отарбаева - 12 қыркүйекте Құлсарыдағы арнайы операция кезінде қаза болған Еламан Отарбаевтың анасы. Атырау облысы, 14 қыркүйек 2012 жыл.

Бақсұлу Отарбаева - 12 қыркүйекте Құлсарыдағы арнайы операция кезінде қаза болған Еламан Отарбаевтың анасы. Атырау облысы, 14 қыркүйек 2012 жыл.

37 жасында жесір қалғанда балаларының алды он жеті жаста, соңы бесікте болғанын айтады.

– Намазға жығылып, аузынан Алласы түспеген балаларды «бомба жарды», «өз-өзін жарды» дегендеріне сенбеймін ешуақытта. Балаларымның намазға жығылғанына екі жылдай болды. Жұмыстарына барып, жөнімен жүрген балалар еді, – деді Бақсұлу Отарбаева Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, баласының денесін алу үшін қауіпсіздік комитеті мен аурухана арасында екі күн жүрген.

– Сол күні Еламаным 35-үйдегі пәтерімізге барып жатқысы келетінін айтып еді. Онсыз да денесі қызулап тұрған соң бөлек демалғысы келді ме деп келіскенмін. Күдіктілер бекінген үйдің маңындағы қанға боялған жерлер. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).

Күдіктілер бекінген үйдің маңындағы қанға боялған жерлер. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).

Сол жолы ол 22-үйдегі пәтердің де кілтін ала кетіпті, – деді Бақсұлу Отарбаева.

Бақсұлу Отарбаева 35-үйдегі пәтерінде көрпе жасап, тігіншілікпен айналысады.

Ал полиция қоршауға алып, атыс болған 22-үйдегі пәтер - Бақсұлудың құдашасыныкі. Ол үйді Бақсұлудың тағы бір баласы Бақыт пен келіні жалдап тұрып жатқан. Бірақ ол соңғы он күнде кішкентай нәрестелері ауырған соң анасының үйінде жүрген көрінеді.

– Қазір Бақытым қамауда отыр. Мен оны да ұрып-соғып, мойнына да бірдеме іле ме деп уайымдаймын. Балаларымның ешқайсысы арақ ішпейді, темекі шекпейді. «Құдайдан қорықпағаннан қорық», мен заң қызметкерлерінен қорқамын, – деді Бақсұлу Отарбаева.

Ол қамауға алынған баласын іздеуге кеткенде полицейлер үйінің ішін астан-кестеңін шығарып тінтіп кеткенін айтты.

– Олар менің басқа пәтерімді жөндеуге арнап алған үш метрлік өткізгіштерді, монтер баладан сұрап алған аллюминий сымдарды, ескі терезе-есіктен қалған Бақсұлу Отарбаева үйінің есігін "полиция қызметкерлері ұрғылаған" деп көрсетіп тұр. Атырау облысы Құлсары қаласы, 14 қыркүйек 2012 жыл.

Бақсұлу Отарбаева үйінің есігін "полиция қызметкерлері ұрғылаған" деп көрсетіп тұр. Атырау облысы Құлсары қаласы, 14 қыркүйек 2012 жыл.

бұрандалар мен шегелерді «жарылғыш жасауға дайындалған айғақ заттар» ретінде алып кетті, – дейді Бақсұлу Отарбаева.

Құлсары қаласындағы орталық базарда ұялы телефондарды жөндеумен айналысқан азамат, 21 жасында қаза тапқан Еламан Отарбаевтың мәйіті анасы Бақсұлу Отарбаеваның қолына сенбі, 15 қыркүйек күні тиді.

– Менің баламнан өзге мәйітханада тағы екі жас жігіттің мүрдесі жатты. Бірақ мен оларды танымадым, – дейді Бақсұлу Отарбаева.

Азаттық тілшісі де мәйіттерді алу кезінде мәйітханада болған еді. Тілші сонда хиджаб киген белгісіз әйел күйеуінің денесін ала алмай жүргенін көрді.

Белгісіз мүрденің кім екені туралы Азаттық тілшісі сауалына сол жердегі өзін таныстырудан бас тартқан полиция қызметкері жауап бермеді.

Ал тірі қалған Алдияр Сапаровтың хал-жағдайы туралы дәрігерлер ақпарат беруден бас тартты.

«ДӘУЛЕТТІҢ ТЕРРОРИСТ ЕКЕНІНЕ СЕНБЕЙМІН»

Қыркүйектің 12-сі күні қаза тапқан Дәулет және Сабыр Жанұзақовтар да жеті балалы отбасынан шыққан.

Азаттық тілшісі Дәулет Жанұзақовтың жақын досымен сөйлесті. Бірақ ол «жауапқа тартылуым мүмкін» деген қауіппен аты-жөнін атамауды өтінді.

– Дәулетке кейде әдейі тиісетін едік. Ол «ие, сенікі дұрыс» немесе «сенікі дұрыс "Күдіктілер бекінді" деген үй. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).

"Күдіктілер бекінді" деген үй. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).

емес қой» деп, төбелеспей бұрылып кетіп қалатын. Оның беталды жырқылдап күлгенін де көргенім жоқ. Өмірге өте байыппен қарайтын еді, – деді Дәулеттің досы.

Досының айтуынша, Дәулет Жанұзақов 2008-2010 жылдары біраз уақыт «Құлсарыгаз» мекемесінде қарапайым жұмысшы болып қызмет істеген.

– Мені оның ерекше ерік-жігері таң қалдыратын еді. Жаздың ыстық күндеріне тұспа-тұс келген тамыз айында ол ораза ұстап жүрді. Сонда 40 градустан жоғары аптапта сусыз жұмысын істеп жүретін еді. Ал жұмысымыз оңай емес болатын, жер қазып, трубаларды орналастыратын едік, – деді ол.

Досының сөзіне қарағанда, Дәулет Жанұзақовтың «террорист екеніне оны білетіндердің ешбірі сенбейді».

– Ол Құлсарыда туды. Намаз оқығанына да бірнеше ғана жыл. Сол уақыттан бері ешкімге қол көтермеген бала аяқ асты жарылыс жасады дегенге кім нанады? Намаз оқып, өзін ана дүниеге дайындап жүрген адам біреудің жанын алуға құмар емес, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Досының айтуынша, Дәулет атыраулық қызға үйленген. Кейін ол досымен сирек араласқан.

Дәулеттің досы марқұмның кезінде Құлсарыдаға белгілі Diamonds деген топта ән салғанын, олардың «Сүйемін сені» деген әні танымал болғанын айтты.


Азаттық тілшісі марқұмның досы болғанмын деген жігітпен «Мой мир» әлеуметтік желісіндегі «Дәулет Жанұзақов» атымен тіркелген адамның парақшасын көріп отырып танысты.

Бұл анкетада Дәулеттің 1990 жылы 26 наурызда туғаны жазылған. Ол әлеуметтік желіде 2012 жылдың 5-6 ақпанында ғана белсенді болған. Одан бергі күндерде ешқандай хабарлама да, сурет те жоқ.

Ақпанның 5-і күні кешкі сағат 21-22 арасында намаз, ғибадат, ар-ұят, исламдағы "Күдіктілер бекінді" деген үйдің маңындағы арнайы жасақ пен тұрғындар. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).

"Күдіктілер бекінді" деген үйдің маңындағы арнайы жасақ пен тұрғындар. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).

өлім туралы жазған: «Өмір ол бізге аллахтың берген аманаты. Өз амалымызбен өлгенімізше өзімізге зиян келтірмеуіміз керек, қол, көз, құлақ, аяқ, барлык дене бөлшектеріміз Аллахтың заты. Біз ол үшін жауап береміз соны ұмытпайық ешкашанда» (жазбаның стильдік ерекшелігі сақталды).

«Дәулет Жанұзақов» аккаунтымен тіркелген адам соңғы рет ақпанның 6-сы күні достарына «Кім пайғамбарға бағынса, Аллахқа бағынғаны» деп жазыпты.

12 қыркүйекте Атырау облысының Құлсары қаласында арнайы операция барысында «террористік топқа қатысы бар» деген күдікке ілінген бес адам мерт болып, біреуі ауыр жараланған.

Қазақстан бас прокуратурасының хабарлауынша, «арнайы құрылымдардың қызметкерлері қандай да бір әрекеттер жасауды бастағанға дейін оқшауланған тұлғалар бірнеше жарылғыш құрылғыны жарып, оқ ату қаруларымен арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарай ата бастаған».

Бас прокуратура Құлсарыдағы атыстың 5 қыркүйек күні Атырауда Нұрлыбек Сақауовты мерт еткен жарылысқа, 9 қыркүйекте терроризмге қатысты тұтқындалған төрт адамға қатысы бар екенін айтады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG