Accessibility links

Жарылыстан қаза тапқан атыраулық жерленді


Жасанды жарылғыш заттан қаза тапқан Нұрлыбек Сақауовтың жесірі (ортада) мен жақындары. Атырау, 12 қыркүйек 2012 жыл.
Жасанды жарылғыш заттан қаза тапқан Нұрлыбек Сақауовтың жесірі (ортада) мен жақындары. Атырау, 12 қыркүйек 2012 жыл.
Қыркүйектің 5-і күні Атыраудағы үйлердің бірінде болған жарылыстан қаза тапқан 21 жастағы Нұрлыбек Сақауов 12 қыркүйекте жерленді.

Таңғы сағат 9-да көрші-көлем, туған-туысы марқұмның жаназасына жиылды. Жаназа намазын оқыған имам «қандай жағдай болса да, мұсылманша ақтық сапарға шығарып салу тиіс» екенін айтты.

«БӨЛЕК ЖОЛ»

Нұрлыбек Сақауовтың туыстарының бірінің айтуынша, олар марқұмның сүйегін дүйсенбі күні алған.

– «Қалай атылғанын. немен атылғанын тексеріп жатырмыз» дейді құқық қорғау органдары. Әзірге білуімізше, жарылысқа қатысы бар адамдар баламызды ортадан қосып жіберген, ол білмей де қалған, – деді марқұмның тумаларының бірі.

Туысы Нұрлыбек Сақауовтың «өзгешелеу діни жолға түскенін» де жасырған жоқ.

– Нұрлыбек әйелімен бірге, ата-анасынан бөлек тұрады. Енді бөлек жолға түскен соң солай ғой, – деді марқұмның туысы.

Нұрлыбек Сақауовтың анасы Айсұлу бұған дейін Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескенде «Басқа балаларым бар ғой, соған зияны тие ме деп
Нұрлыбек Сақауовтың жаназасына келген адамдар. Атырау, 12 қыркүйек 2012 жыл.
Нұрлыбек Сақауовтың жаназасына келген адамдар. Атырау, 12 қыркүйек 2012 жыл.
қорқамын, ештеңе айта алмаймын» деген еді. Ол кісі бүгін дастарқан үстінде баласының «Ақ мама, мен сендерді ұятқа қалдырмаймын» деген сөзін есіне алып, жылап отырды.

Отбасындағы екінші бала Нұрлыбек Сақауов тоғызыншы сыныптан соң Атырау қаласындағы Дина базарында өз бетінше шеберхана ашып, ұялы телефондарды жөндеумен айналысыпты.

Ол 2007 жылы Атырау қаласындағы №2 орта мектептің тоғызыншы сыныбын бітірген соң Дина Нұрпейісова атындағы музыка академиясының домбыра-прима класына оқуға түскен екен. Алайда алғашқы курсты аяқтамай жатып оқудан шығып кеткен.

– Сол музыка мектебінде жүргенде теріс жолға түскенін сезе бастадым. Бірақ та оны жарылады деп ойладым ба?! – деп жылаған анасы Айсұлу одан әрі ештеңе айта алмады.

Азалы дастарханға жиналған тумалар арасында марқұмның діни көзқарасына қатысты әңгіме қозғалған жоқ.

Нұрлыбек Сақауовтың соңында аяғы ауыр жары қалды.

«СЕРГЕЙ ЛИ ДЕ – ОСЫ МЕКТЕПТЕН»

Дина Нұрпейісова атындағы музыка академиясының оқу ісі меңгерушісі Ардақ Қасымоватың айтуынша, Нұрлыбек Сақауов «білім деңгейі орташа, талантымен де
Нұрлыбек Сақауовтың жаназасына келген адамдар. Атырау, 12 қыркүйек 2012 жыл.
Нұрлыбек Сақауовтың жаназасына келген адамдар. Атырау, 12 қыркүйек 2012 жыл.
жарқылдап көзге түспеген» студент болған.

– Оқу орынымызда бала саны аз болғандықтан біз әр студентті жақсы білеміз, – деді ол.

Оқу ісі меңгерушісінің айтуынша, академияға жылына 55 бала ғана қабылданады. Бюджеттік оқу орыны болғандықтан мұнда оқу да – тегін.

Нұрлыбек Сақауовтың сынып жетекшісі болған Айгүл Майранқызы да марқұмның оқуы орташа болғанын айтты.

– Мектеп директоры келмей басқа ештеме айта алмаймын, – деді ол.

№2 орта мектептегі мұғалімдердің бірі Атырауда 2011 жылы 29 тамызда «полиция ұстайтын кезде қаза тапты» деп хабарланған Сергей Ли де осы мектепті бітіргенін еске алды.

– Сол жолы қауіпсіздік қызметі қызметкерлері мектептен Сергейге мінездеме сұратқан еді. Осы жолы тым тырыс, – десті мұғалімдер.

Атырау облысы прокуроры Сайфулла Кемалов сол оқиғадан кейін, 2011 жылы 31 тамызда өткен брифингте терроризмге қатысты күдіктілердің бірі «құқық қорғау орындары қызметкерлеріне қарай мылтық атып, жарылғыш құрылғы қолданған соң өз үйінде көзі жойылғанын» мәлімдеген.

Биыл қыркүйектің 5-сі күні Атыраудағы жеке меншік үйлердің бірінде болған жарылыс
Нұрлыбек Сақауовтың әйелі мен анасы марқұмның жаназасынан қайтып барады. Атырау, 12 қыркүйек 2012 жыл.
Нұрлыбек Сақауовтың әйелі мен анасы марқұмның жаназасынан қайтып барады. Атырау, 12 қыркүйек 2012 жыл.
салдарынан Нұрлыбек Сақауов қос қолынан айырылып, сол жерде қаза болды.

Сақауов барған жер үйлердің бірін (Молдағұлова көшесі, 94) жалдап тұратын ер адамды Атырау полициясы қамауға алған. Қыркүйектің 9-ында тағы төрт адам осы «терроризм» күдігімен қамалған.

Жергілікті құқық қорғау орындары бұл оқиғаларға байланысты әлі күнге дейін ресми мәлімет таратқан жоқ.

Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, Атырау облысының Құлсары қаласында бүгін болған атыс пен жоғарыда айтылған оқиғалардың байланысы бар.
XS
SM
MD
LG