Accessibility links

Атырау түрмесіндегі тұтқындар салған мешіт заңсыз деп танылды


Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының УГ-157/9 колониясы. Атырау қаласы.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының УГ-157/9 колониясы. Атырау қаласы.

Атырау қаласы маңындағы УГ-157/9 колониясында осыдан үш жыл бұрын басталып, бітуге таяған мешіт құрылысы тоқтатылды.


Тұтқындар мешітті өз күштерімен, туысқандарының қаржысымен салғандарын айтады. Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті бұл құрылысты заңсыз деп танып отыр.

«ТҰТҚЫНДАР ҚАЙДА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТЕДІ?»

2008 жылы тұтқындардың бастамасымен Атыраудағы УГ-157/9 жалпы режимдегі түзеу колониясында мешіт құрылысы басталған еді. Жазасын өтеп жатқандар оны өз күштерімен тұрғызғандарын айтады. Олардың сөзіне сүйенсек, 85 пайызы дайын болған мешіттің есігі қазір жабық тұр.

Сотталғандардың айтуынша, колонияда намаз оқып, құлшылық етуге қатаң тыйым салынбаған. Бірақ ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері жиі тексеріп, қанша адамның намаз оқитынын, қандай дінді ұстайтынын қатаң бақылап отырады.

Бұл жайлы Азаттық тілшісіне мешіт құрылысына белсене қатысқан тұтқындардың бірі әңгімелеген еді. Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын колония аумағында мешіт салуға жергілікті билік қарсылық білдірмеген.

– Бүгінде мешіттің тек ішкі ұсақ жұмыстары қалды. Бірақ бізге мұнда құлшылық қылуға рұқсат етілмейді. Намазды барак сияқты бөлмеде оқып жүрміз. Құлшылық ететіндер саны жүзден астам адам болғандықтан мешіт бізге керек. Оның үстіне бұл мешітті кезінде қанша адам болашаққа деген жақсы үмітпен салды емес пе? Онда қаншама адамның шын пейілді ықыластарының, еңбектерінің ізі бар. Оны белсене салғандардың арасында о дүниелік болғандар да жоқ емес. Сонда сотталғандар қайда құлшылық етуі тиіс? – дейді түрмедегі тұтқын.

«ОҢ ЫҚПАЛ»

Тұтқындарға діни бостандық жөнінен құқықтық жәрдем көрсеткен «Демос» қоғамдық ұйымы жетекшісі Тоғжан Қизатова да мешіттің тұтқындар еңбегімен тұрғызылғанын еске алды. Ол мешіттің түрмедегі "Демос" қоғамдық ұйымының жетекшісі Тоғжан Қизатова. Атырау, 19 қыркүйек 2008 жыл.

"Демос" қоғамдық ұйымының жетекшісі Тоғжан Қизатова. Атырау, 19 қыркүйек 2008 жыл.

адамдарға жақсы ықпалы болғанын айтады. «Бірақ қазір ол жақта не болып жатқанына хабарым жоқ» дейді құқық қорғаушы.

– Менің бар білетінім – бұл мешітті салуға қылмыстық атқару жүйесі департаменті қаржы жұмсаған жоқ. Тағы бір есімде қалғаны – мешіттің сотталғандарға ықпалы туралы колония қызметкерлерінен сұрағанымда, «құдайға сенген адамдар өткенін есіне алып тәубаға келеді, әсіресе тәрбие ісіне оң ықпалы бар» деген, – дейді.

Құқық қорғаушы Тоғжан Қизатова тұтқындардың еңбегі мен қаржысына салынған бұл мешіттің қандай мақсатта пайдаланылатын білу қажет дейді:

– Өйткені оны салуға жарамды материалдар жұмсалған, ел тіпті шегеге дейін өздері тасыған Бұл мәселені жалпы қоғамдық тыңдауда шешу керек. Құқық қорғаушы ретінде маған мәселенің қалай шешілетінін білу маңызды, – дейді Тоғжан Қизатова.

«МЕШІТ ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН»

Атырау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы, әділет подполковнигі Дидар Рахымбердиевтің айтуынша, бұл мешіт заңсыз салынған.

– Әлдебір әкімдіктен келген құжатты көрдім. Бірақ құрылыс аяқталмаған. Ол ешкімге керексіз болып қалған. Жуырда мешіттің заңсыз салынғаны туралы шешім шығарамыз. Бірақ бұл құрылысқа кімнің қаржысы жұмсалды, үкіметтікі ме – оны әлі анықтаған жоқпыз. Салынып бітпеген ғимаратты қандай мақсатқа пайдаланытымызды да шешкен жоқпыз, – дейді подполквник.

Оның айтуынша, «колонияда мұсылмандар мен христиандарға арналған екі кішкентай бөлме бар, ал мешітте құлшылық ететіндер – тұтқындар айтқандай 100-ден астам адам емес, 2-3 кісі ғана».

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG