Accessibility links

Құлсарыдағы атыстан 5 адам қаза тапты


Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).

Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).

Атырау облысының Құлсары қаласында терроризмге байланысты күдікке ілінгендерді ұстау операциясы өтті. Бас прокуратура бұл оқиғаны Атыраудағы жарылыспен байланыстырады.

Қазақстан бас прокуратурасының хабарлауынша, 2012 жылғы 12 қыркүйекте Атырау облысы Құлсары қаласының 1-шағын ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінде "террористік топтың қызметіне қатысы бар бірнеше тұлғаны ұстау және залалсыздандыру мақсатында терроризмге қарсы операция" өткен.

Прокуратураның дерегінше, күдіктілер бірнеше жарылғыш құрылғыны жарып, арнайы бөлімше қызметкерлерін атып, бір қызметкерді жаралаған.

"Оқиға болған жерден 5 мәйіт және ауыр жарақат алған бір тұлға табылды. Бейбіт тұрғындар арасында құрбандар мен жәбірленгендер жоқ" деп хабарлады ресми орын.

ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТУШІ БЕС АДАМ

Бұған дейін Азаттық тілшісіне хабарласқан адам Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында, №1 ықшамаудандағы көп қабатты үйлердің бірінде бекініп, Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).

Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).

қазір қамауда отырған белгісіз топ бір адамды өлтіріп, терезеден лақтырғанын айтқан.

Оның айтуынша, операция кеше кешкі сағат сегіздерде басталған. Қалаға автомат, каскамен қаруланған 300-ден астам арнайы жасақ сарбаздары әкелінген.

Дерек беруші адам №1 шағын аудандағы № 22, 29, 34,35 және 36-көпқабатты үйлердің тұрғындары көшіріліп, толықтай қоршауға алынғанын айтты. №1 ықшамаудан электр тогы мен газдан толықтай ажыратылған.

Құлсары қаласының тағы бір тұрғынының айтуынша, қалада тікұшақ ұшып жүр.

Ал жергілікті "Ақ жайық" газеті сайтының жазуынша, бүгін таңертеңнен бастап № 21, 22 және 29-үйдің тұрғындары көшіріліп, сол маңдағы орта мектептің оқушылары Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ пен тұрғындар. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).

Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ пен тұрғындар. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).

мен мұғалімдері ғимараттан шығарылған. Ол үш үйдің аумағы қоршауға алынған. "№22 үйдің төртінші қабатындағы пәтерде отырған бес адам қарсылық көрсетіп жатыр. Қазір автомат дауысы мен жарылыс үні ауық-ауық естіледі" деп жазды басылым.

АТЫРАУДАҒЫ ЖАРЫЛЫС, ТӨРТ КҮДІКТІ ЖӘНЕ ҚҰЛСАРЫ

Бас прокуратура бүгін таратқан мәлімдемесінде Құлсарыдағы атыстың 9 қыркүйекте тұтқындалған төрт адамға, Атыраудағы жарылысқа қатысы бар екенін айтты.

5 қыркүйек күні Атырау қаласындағы Құспан молда мешіті маңындағы жеке меншік үйлердің бірінде жарылыс болып, Нұрлыбек Сақауов есімді 21 жастағы азамат қаза тапқан еді. Ол бүгін жерленді.

Бас прокуратура бүгінгі мәлімдемесінде Сақауовты "күштік құрылымдардың Терроризмге қатысты іздеу жарияланған адамдардың суреттері. Атырау,11 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Терроризмге қатысты іздеу жарияланған адамдардың суреттері. Атырау,11 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеттерін жасау идеяларын ұстанып жүрген" деп сипаттады.

9 қыркүйекте Атырау қаласының №2 соты төрт адамға қатысты терроризм бабы бойынша екі айға қамауға алу туралы санкция берген. Олардың екеуі - Атырау қаласының, біреуі - Жылыой ауданының және тағы бірі - Маңғыстау облысының тұрғыны.

Оларға қылмыстық кодекстің 233-бабының 2-бөлігінің «б» тармағы, яғни террористік топ құрды, оған басшылық етті және оның қызметіне қатысты деген айып тағылған.

Құлсары - аумағында "Теңізшевройл" компаниясының Теңіз мұнай кен орыны мен нысандары бар Жылыой ауданының орталығы.

Құлсары қаласының картадағы орыны:

View Larger Map

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG