Accessibility links

Атырау «радикалдық бағыттағы діни топ мүшелерін» әлі ұстап жатыр


"Терактілер жасамақ болды" деген күдікке ілініп, қолға түсіру барысында оққа ұшқан Сергей Лидің зайыбы Айсұлу күйеуі қаза тапқан жерде тұр. Атырау, 31 тамыз 2011 жыл.

"Терактілер жасамақ болды" деген күдікке ілініп, қолға түсіру барысында оққа ұшқан Сергей Лидің зайыбы Айсұлу күйеуі қаза тапқан жерде тұр. Атырау, 31 тамыз 2011 жыл.

Алайда облыстық құқық қорғау органдары жаңадан тұтқындалғандар туралы мәлімет бермейді. «Теракт жасамақ болды» деген күдікпен қамауға алынғандардың ата-аналары балаларының тағдырына алаңдап отыр.


Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтың мәлімдеуінше, сот бүгін «террористік акт жасамақ болды» деген күдікпен тағы бір адамды – кәсіпкер жігітті қамауға алуға санкция берген. Сонымен мұндай санкция берілген азаматтар саны 24-ке жетті.

«ШЕТЕЛМЕН БАЙЛАНЫС, ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК»

– Олардың барлығы да өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады. Шетелдердегі террористік ұйымдармен байланыс жасап, оларға қаржылай көмек көрсетіп келгендігі анықталды. Қамауға алу санкциясы тұтқынға алынғаннан бастап екі ай мерзімге берілді, – деді Атырау облыстық соты баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев Азаттық тілшісіне.

Алайда бейресми ақпараттар 30-дан астам күдіктінің қамауға алынғанын хабарлайды. Өкінішке қарай, діни экстремизмге қатысы бар делінген қанша адамның тұтқынға алынуы жайлы нақты ақпаратты білу әзірше
Атырау облысының Жылыой мешітіндегі жамағат. Атырау, 22 ақпан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

мүмкін болмай отыр. Атырау облыстық ішкі істер басқармасы мен прокуратураның баспасөз орталықтары облыстағы жағдай туралы мәлімет айтуға бейіл танытар емес.

«КӨП ӨМІР СҮРМЕЙДІ»

Азаттық тілшісі Атырау облыстық ішкі істер басқармасы «уахабшылар діни ағымының белсенді мүшесі, қару-жарақпен, гранатамен және қолдан жасалған жарылғыш заттармен қаруланған» деп ресми іздеу жариялаған күдіктінің бірі, 30 жастағы Абзал Кәдірбековтың әкесімен сөйлескен еді.

Абзал Кәдірбеков қыркүйектің 1-інде қамауға алынған. Отбасы, екі баласы бар. Әкесі Меңдібайдың айтуынша, Абзал тминь майы, бал тәрізді түрлі ұсақ-түйек заттар сатумен айналысады. Әр жерге құжат тапсырып көргенімен, әзірге тұрақты жұмыс таба алмаған екен.

– Бұл оқиғаны естігенде төбемнен жай түскендей болды, – дейді Меңдібай Кәдірбеков. – Қыркүйектің 1-інде маған келген полиция полковнигі алдымен Абзалдың әкесі екендігімді сұрап, маған «балаңызға сөзіңіз өте
Атыраудағы "Иманғали" мешіті. Атырау, 25 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

ме, өтсе – берілсін» деді. Сөйтіп, қаланың шағын аудандарының біріндегі пәтерге алып келді. Оның намаз оқудан басқа кінәсі жоқ, – деген Меңдібай Кәдірбеков көзіне жас алып, кемсеңдеп кетті.

Оның айтуынша, өзін ертіп барған пәтерді тінткен, бірақ ешқандай қару таппаған.

– Намаз оқимын. Екі ұлым Абзал мен Айбар да отбасымен оқиды. Тек жұбайым ғана әлі басын сәждеге тигізе қойған жоқ. Күні бүгінге дейін баламның ондай нәрсеге баратыны жайлы күдігім де, ойым да болған емес, – дейді Меңдібай Кәдірбеков.

«Балаңыз сіздермен бірге тамақ ішпей, араласпай, бөлектеніп жүрген кезі болды ма?» деген сауалымызға «Алла сақтасын, ол не дегеніңіз!» деді Меңдібай ақсақал:

– Әке-шешесінен безбек түгіл, бетімізге тура қарамайды.

Ол баласының түрмеден тірі шығатынына сенбейтіндігін айтып:

– Менің естуімше, діни бағытта айыпталып түрмеге түскендер көп өмір сүрмейді, ары кетсе екі-үш жыл. Содан соң оларға қалай да бір нәрсе ұйымдастырып, құтылуға тырысатын көрінеді, – деп, тағы көзіне жас алды.

Меңдібай Кәдірбеков баласын қорғайтын адвокат жалдағанын, бірақ адвокаттың «егер 233-бапты, «терроризм» туралы бапты қолданса, құтқару неғайбыл» деп үмітін үзіп қойғанын айтады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG