Accessibility links

Қазақстандағы қырғыз номерлі көлік иелері алаңдай бастады


Алматы көшесіндегі автокөліктер. 12 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет).

Алматы көшесіндегі автокөліктер. 12 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет).

Қырғызстан көлігін кедендік ресімдеуден өткізбей-ақ мініп келіп, қырғыз номерін тағып жүрген қазақстандықтар жол полициясынан ескерту ала бастаған. Жол полициясы мен кеден өкілдерінің сөзінше, «ондай азаматтар өздерінің заңға қайшы әрекет жасағынан әуел бастан білген».


Өткен аптадан бастап Алматы қалалық жол полициясы қызметкерлері Қырғызстанның номерін тағып жүрген көліктерді жиі тоқтата бастаған. Қазақстанда, әсіресе Алматы қаласында соңғы жылдары қарасы көбейе бастаған «қызыл нөмірлі» көліктердің аяқ астынан бұлайша тексерілуі көлік иелерін абыржытты.

«ЕЛМЕН БІРГЕ КӨРЕРМІЗ...»

Азаттық радиосының тілшісімен тілдескен Азамат Несіпбеков Алматы облысы Шелек ауданынан Алматы қаласына келіп, пәтер жалдап тұрып жатқанын, осыдан екі ай бұрын Қырғызстанға барып, бағасы арзан көлік сатып алғанын айтады.

– Көлігімнің құжаты дұрыс. Негізгі иесі Қырғызстанда тұрады. Ол берген сенімхатпен Қазақстанда мініп жүрдім. Осы уақытқа дейін жол полициясы тәртіп Қырғыз номерін таққан көлік. (Көрнекі сурет)

Қырғыз номерін таққан көлік. (Көрнекі сурет)

бұзбасам, кідірткен емес еді. Бірақ соңғы аптада қайта-қайта тоқтатып, «құжаттарыңды дұрыстамасаң, айып тұрағына апарып тастаймыз» деп жатыр, – дейді Азамат Несіпбеков.

Ол «бұдан кейін мүлде жүргізбей қойса, не істейсіз» деген сауалға «елмен бірге көрерміз, басқа не істейміз» деп жауап берді.

Бірақ Қырғызстаннан көлік сатып алғандардың тағы бірі, Алматы маңындағы ауылдардың бірінің тұрғыны Талғат Айымбетов бұл хабардан қауіптенген жоқ.

– Қайын жұртым Қырғызстанда тұрады. Былтыр қараша айында сатып алған, рулі оң жақтағы «Хонда-Одиссей» маркалы көлігім Қырғызстан азаматының – бажамның атында. Ол жақында Бішкекке кеткен еді, сондықтан көлігімді көшеге шығара алмай отырмын. Келген соң көлігімді қайта шығарамын. Ал Қазақстанда жүруге тыйым салатын болса, Қырғызстанға апарып, асықпай қайта сата саламын, – дейді Талғат Айымбетов

«ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІНІҢ САҚТАЛУЫН ҒАНА БАҚЫЛАЙДЫ

Азаттық тілшісі Қазақстанда осыған дейін емін-еркін жүрген қырғыз номерлі көліктерді жол полициясы не себепті жиі тоқтата бастағанын білмек үшін Алматы қалалық жол полициясына хабарласты.

– Жол полициясы жол ережесінің сақталуын ғана бақылайды. Қырғызстан көліктері Қала көшесіндегі көліктер. Алматы, 21 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қала көшесіндегі көліктер. Алматы, 21 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанға заңды жолмен кірді ме, жоқ па – оны біз қарамаймыз, – деп жауап берді бұл мекеменің баспасөз қызметінің бастығы Еркін Өтегенов.

Бірақ ол «Қырғызстан көліктерінің көбеюі біршама қиындық туғызып жатқанын, жолдағы тәртіп бұзушылықтардан кейін ол көліктерді іздеп табудың қиындығын, фото-бейне радарға түссе де, олардың айыппұл төлемей жүре беретінін» айтты.

– Кеден комитеті бізге хат жолдап, көмектесуді сұраған соң, Қырғызстан нөмірін таққан көліктерді тоқтату үшін арнайы экипаж бөлдік. Кейбір ақпарат құралдары айтқандай, ол көліктер айып тұрағына емес, кеден комитетінің уақытша сақтау қоймасына апарылды. Қырғызстаннан көлік алып келген азаматтар оған заң жүзінде рұқсат етілмегенін білуі тиіс болатын, – дейді Еркін Өтегенов.

Ал ішкі істер министрлігіне қарасты жол полициясы комитетінің үйлестіру және құқықтық реттеу басқармасының бастығы Қанат Сәдуақасов «күрделі мәселеге бірден жауап қайыра алмайтынын» айтып, комитет төрағасы Берік Бейсенқұловтың атына арнайы хат жолдауымызды сұрады.

«БІЗ ҚАЙДАН БІЛЕЙІК!»

Қырғыз көліктері Қазақстанға негізінен Қордай кеденінен өтетін болғандықтан Азаттық тілшісі Қордай кеденіне телефон шалған еді. Өзін «Қордай кеденінің бас маманымын» деп таныстырған Шынар Сатова бұл жайлы толық ақпараты жоқ екенін айтты.

Оның сөзіне қарағанда, «Қазақстанда Қырғызстан номерін таққан көліктердің көбейіп кетуіне кеденнің еш қатысы жоқ».

– Біздің базамыз кеденнен өткен көлік иелерінің барлығы да Қырғызстан азаматы Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" кедені. 22 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" кедені. 22 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

екенін көрсетіп тұр. Шекарадан көлігімен өткелі тұрған шетелдік азаматқа тыйым сала алмаймыз. Ал олардың шлагбаумнан өткеннен кейін көлігін кімге беріп жатқанын біз қайдан білейік! – деді Шынар Сатова.

Шынар Сатова сөзіне қарағанда, «Қазақстан азаматына көлігін сатқан қырғыздар Қырғызстан нотариусы арқылы сенімхат жазып, Қазақстан кеденінен көлігін өткізіп береді. Ал 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Кеден одағы азаматтарының өзге мемлекет көлігін тек кедендік ақысын төлеп пайдалануына болады. Ондай көліктер Таразға, не Алматыдағы кедендік ресімдеу орталығына апарылады. Сол жерде көлік бағасы белгіленеді де, төлемдері мен салықтары төленген соң 6 айға дейін рұқсат қағазын жазылады».

– Ал біздің азаматтары «ештеңе білмедік» дейді. Өте жақсы біледі! Қазақстанға кіріп жатқан көліктер – негізінен 1999-2000 жылғы көліктер. Көлік бағасының 1 пайызын ғана төлеп, 6 ай еркін жүре беруіне болады. Ол үшін қайтадан Қырғызстанға өтуі керек. Біздің есебімізше, шамамен 19 мың доллар тұратын көлік 40 мың теңге төлейді екен. Бұл, меніңше, көп ақша емес қой, – дейді Қордай кеденінің маманы Шынар Сатова.

«ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ ҰТЫЛАДЫ»

Алматыдағы автокөлік қауымдастықтары жетекшілерінің бірі Эдуард Эдоковтың айтуынша, «Қырғызстаннан келіп жатқан көліктердің басым көпшілігінің рулі – оң Рулі оң жақтағы көліктерге тыйым салу туралы үкімет қаулысына қарсы жұрттың наразылық жиыны. Алматы, 10 желтоқсан 2006 жыл. (Көрнекі сурет).

Рулі оң жақтағы көліктерге тыйым салу туралы үкімет қаулысына қарсы жұрттың наразылық жиыны. Алматы, 10 желтоқсан 2006 жыл. (Көрнекі сурет).

жақта. Ондай көлік әкелуге Қазақстан 2007 жылы-ақ тыйым салғанын білу үшін жоғары білімді заңгер болудың қажеті шамалы».

– Жұрттың жаппай қырғыз номерлі көліктерге ұмтыла бастағанынан байқағаннан кейін жол полициясы, кеден органдары ескерту жасауы керек болатын. Бірақ олай етпеді. Соның салдарынан біраз азаматтар қақпанға түсіп қалды. Аз ақша емес, әрине. Бірақ олардың біршамасы кезінде жеңілдетілген баж салығына рұқсат етілген 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстанға кіріп үлгермеген көліктер болуы мүмкін. Олар заңды әдейі бұған жоқ, жағдай осыған мәжбүрледі, – дейді Эдуард Эдоков.

Эдуар Эдоковтың айтуынша, көлікті шетелден уақытша әкелген адам көлігінің заңда белгіленген мерзімде қайта шығатына кепіл ретінде арнайы кедендік депозит төлеуі керек.

– Ал оның құны аз емес. Кедендік одаққа кіргелі, мәселен, 2003-2004 жылғы көліктердің қуатына қарай 10-15 мың доллар төлеуге тиіс, – дейді Эдуард Эдоков.

Ал құқық қорғаушы Сергей Уткиннің ойынша, «мемлекеттік органдар осындай іске өздері жол бергендіктен ондай көлік иелерін тықсыра бермей, тығырықтан шығудың жолын дұрыс ұйымдастыру керек» .

– Қайтадан Қырғызстанға шығарудан басқа жол жоқ сияқты. Өйткені жұрттың кедендік депозит төлейтін ақшасы жоқ. Сондықтан адамдар асығып-аптықпай Қырғызстанға қайта апаратын жағдай туғызу керек. Бірақ Қазақстаннан бір мезетте шығарылған мыңдаған көлік Қырғызстанға барғанда өз бағасына қайта өте ме? Өтпейді, әрине. Осылайша қарапайым жұрт тағы да бармақ тістеп қалатын болды, – дейді Сергей Уткин.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG