Accessibility links

Қырғыз нөмірлі көлік иелері наразылық білдірді


Қырғызстан көлігін кедендік ресімдеуден өткізбей-ақ мініп келіп, қырғыз нөмірімен жүрген қазақстандықтар көліктерінен айырыла бастады. Кеден өкілінің сөзінше, «ол азаматтар істері заңсыз екенін біледі».

Наурыздың 12-сі күні Алматы қаласындағы Фурманов пен Райымбек даңғылдарының қиылысында 40 шақты адам жиналып, наразылық білдірді. Олар – 2011 жылы Кеден Одағы аясында бірыңғай кедендік баж салығы енгізілген соң Қырғызстаннан арзан көлік алып, көлікті сол ел азаматының сенімхаты бойынша Қазақстанға әкеліп, баж салығын төлемей-ақ мініп жүрген азаматтар.

«БҰРЫНҒЫ КЕДЕНДІК БАЖ САЛЫҒЫН» ТАЛАП ЕТУШІЛЕР

Наразылар Қырғызстан номерімен жүрген көліктерін Қазақстанда полиция ұстап, арнайы тұрақтарға қоя бастағандарын айтып шағымданды.

Солардың бірі Шыңғыс есімді жігіттің 2000 жылғы көлікті Қырғызстанда екі есе арзанға сатып алып, қырғыз азаматының атына тіркетіп, сол адамның сенімхаты бойынша Қазақстанға әкеліп мініп жүргеніне бір жарым жылдай болыпты.

"Кеденнен өткенде де артық сауал болған жоқ. Бір жарым жыл ішінде жол полициясы бірнеше рет тоқтатты. Бірақ олар «құжаттарың заңсыз» демеді. Ең Шыңғыс, қырғыз нөмірлі көлік иесі. Алматы, 12 наурыз 2014 жыл.

Шыңғыс, қырғыз нөмірлі көлік иесі. Алматы, 12 наурыз 2014 жыл.

бастысы кеденнен өтерде де «бұл көлікті Қазақстанда пайдалана алмайсың» деп ешкім айтқан жоқ. Ал өткен дүйсенбіде полиция тоқтатып, ақылы автотұраққа қойып тастады. Енді әр күніне 1200 теңгеден төлеуіміз керек. Көлігімнің ол жерден қашан шығатыны да белгісіз" дейді Шыңғыс Азаттық тілшісіне.

Жиналған жұрт «Қазақстанда жүрген қырғыз нөмірлі көліктер контрабандалық мүлік емес – өйткені олар Қырғызстанда заңды тіркеуде тұр» деген уәж айтады.

"Адал еңбегімен тапқан ақшасына сатып алған көлігін заңсыз деуге негіз жоқ. Себебі Қырғызстандағы иесінен алынған сенімхаты, техникалық паспорты бар" дейді көлігі арнайы тұраққа қамалғанын айтқан азаматтардың бірі Күмісхан Қожасанова.

Өзін «бірнеше жүз адам тіркелген «Қырғыз көліктері» қозғалысының жетекшісі» Валентина Лотикова, қырғызстандық нөмірлі көлік иесі. Алматы, 12 наурыз 2014 жыл.

Валентина Лотикова, қырғызстандық нөмірлі көлік иесі. Алматы, 12 наурыз 2014 жыл.

ретінде таныстырған Валентина Лотикованың Азаттық тілшісіне айтуынша, жиынның мақсаты – қырғыз нөмірлі көлік иелерінің мәселесіне биліктің назарын аударту.

"Қырғыз нөмірлі көліктерді заңсыз тоқтатып жатыр. Көлігімізді заңдастырғымыз келеді. Қазақстанда сақтандырамыз, салығын төлейміз. Кедендік баж салығын да төлер едік. Бірақ ол Кеден Одағының баж салығы бойынша болмасын, оған дейінгі баж салығынан аспасын" дейді Валентина Лотикова.

«ЗАҢСЫЗ ЕКЕНІН БІЛЕ ТҰРА КӨЛІК ӘКЕЛЕДІ»

Наразы азаматтарды полиция қызметкерлері мен қарапайым киімдегі адамдар сырттай бақылап тұрды.

Сәлден соң жиналған жұртпен сөйлесуге Алматы қалалық кеден департаментінің контрабандамен күрес басқармасының бөлім бастығы Айдар Әйтенов келді.

Айдар Әйтенов қырғызстандық көлікті қырғыз азаматының сенімхаты бойынша мініп жүрген қазақстандықтардың ісі заңсыз екенін, сондықтан кедендік бақылау Алматы қалалық кеден департаменті өкілі Айдар Әйтенов. Алматы, 12 наурыз 2014 жыл.

Алматы қалалық кеден департаменті өкілі Айдар Әйтенов. Алматы, 12 наурыз 2014 жыл.

департаменті мен полиция қырғыз көліктерін контрабандалық жолмен әкелудің алдын алу шараларын жүргізіп жатқанын айтты.

"Қазақстанның кеден ісі туралы кодексінің 470-бабы бойынша кедендік баж салығы төленбеген шетелдік көліктерді қазақстандық азаматтардың пайдалануына рұқсат етілмейді. Шетелдік көліктерді шетелдік азаматтардың өздері ғана Қазақстан аумағына кіргізіп, уақытша (бір жылдан аспайтын мерзімге – ред.) пайдалана алады" деді Айдар Әйтенов Азаттыққа.

Ол жиналғандардың «көлікті кеденнен өткізерде кеденшілер ештеңе ескертпейді, сол маңдағы делдалдар өтірік құжат жасайды» деген сөзіне «ондай жайттармен құқық қорғау органдары айналысуы тиіс» деп жауап берді.

"Қырғызстан азаматтары көлікті кеденнен өткізіп береді де, кілтті Қазақстан азаматына тапсырады. Мұндай әрекеттің заңсыз екенін біле тұра әлі күнге Қазақстанда жүрген қырғызстандық көліктердің бірі. Алматы, 28 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда жүрген қырғызстандық көліктердің бірі. Алматы, 28 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстаннан көлік әкелуге ұмтылып жүргендер бар" деді Алматы қалалық кеден департаментінің контрабандамен күрес басқармасының бөлім бастығы Айдар Әйтенов.

Оның дерегінше, қазірге дейін Алматы қаласынан шамамен 200-ге жуық қырғыз нөмірлі көлік Қырғызстанға қайтарылған.

Беларусь және Ресеймен бірге Кеден Одағына қосылып, 2011 жылы бірыңғай кедендік баж салығына көшкелі бері Қазақстанда көлік бағасы қымбаттаған еді. «Қырғызстан да таяу арада Кеден Одағына қосылуы мүмкін» деген хабар тарағалы Қырғызстаннан арзан көлік әкеліп, Қырғызстан азаматының сенімхатымен жүруші қазақстандық жүргізушілер көбейген. Бірақ биыл ақпанда қырғыз президент Алмазбек Атамбаев «Қырғызстан мемлекеттің мүдделеріне қайшы келетін шарттармен Кеден Одағына кірмейтінін» айтты.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG