Accessibility links

Танымал Тоyоtа-ның арзан керек-жарағын табу мұң болды


Алматыдағы Тоyоtа мен Lexus көліктері бөлшектерін сататын дүкендер жабық тұр. Заңгер мұны әлемге танымал компанияның құқығын қорғау шарасы деп түсіндірді.

Алматы тұрғыны, Toyota Camry 40 көлігінің иесі Қайрат машинасына айна алу үшін қаладағы көлік бөлшектерін сататын «Car city» дүкеніне келді.

– Toyota компаниясының ресми орталықтарында көлігімнің сыртқы айнасының бағасы 80 мың теңгеден басталады. Ол – түпнұсқасы. Ал «Car city» дүкендерінде екі есе арзан тұратын, – дейді Қайрат.

Toyota көлігін мінетін азаматтардың енді бірі Қанат Алматыда Toyota компаниясының екі-ақ орталығының бар екенін, бірақ ол жақта кезек көп, автобөлшектер қымбат екенін айтады.

– Олар монополист болмақшы. Кішігірім базарлардың бәріне Тоyоtа мен Lexus бөлшектерін сатуға тыйым салып отыр. Мен оған қарсымын, – дейді наразы тұрғын.

САТУШЫЛАРДЫҢ ҚАУПІ

Қаладағы көлік бөлшектерін сататын «Car city» мен «Тұлпар» базарларындағы жапондық Тоyоtа мен Lexus көліктері керек-жарағын сататын кей дүкендер осы аптадан бастап істемей тұр. Мұнда әдетте самсап тұратын Тоyоtа және Lexus "Тұлпар" сауда орталығындағы "Toyota" жазуы жартылай өшіріліп тасталған жарнама. Алматы, 25 қараша 2013 жыл.

"Тұлпар" сауда орталығындағы "Toyota" жазуы жартылай өшіріліп тасталған жарнама. Алматы, 25 қараша 2013 жыл.

деген жазулары бар жарнамалар да сиреп қалған. Кей жерлерде қос брендтің атауы көп жазудың арасынан рабайсыз өшіріліп тасталғаны көзге оғаш көрінеді.

Жабылған дүкендер есіктерінде көлік иелерінен кешірім сұраған хабарландырулар тұр. Сондай дүкеннің бірінің қызметкері Марат 25 қарашадан бері жабылғандарын айтты. Оның сөзінше, саудагерлерге қарашада Тоyоtа мен Lexus көліктерін жасайтын «Toyota Motor Corporation» компаниясы атынан хат келген. Хатта тауар белгісінің құқықтық иеленушісінің рұқсатынсыз Тоyоtа бөлшектерін сатып, белгіні жарнамада қолданған кәсіпкерлер мәселені бейбіт түрде шешу үшін бұл компания есебіне 470 евро көлемінде өтемақы төлеу керек екені жазылған.

– Тоyоtа және Lexus тауар белгілері бар қосалқы бөлшектерді бір жарым жылдан бері елге кіргізбейді. Бізге келген ескертпе хатта осы уақытқа дейін сатылмай қалған қосалқы бөлшектерді де өткізуге тыйым салып отыр, – дейді Марат.

Оның айтуынша, бұған дейін Тоyоtа компаниясының ресейлік дилерлерінен қосалқы бөлшектерді сатып алып, Қазақстанға әкелген, бірақ қазір оған да тыйым салынған.

«Тұлпар» сауда орталығындағы Людмила есімді саудагер бұған дейін Тоyоtа "Тұлпар" сауда орталығындағы "Toyota" жазуы жартылай өшіріліп тасталған жарнама. Алматы, 25 қараша 2013 жыл.

"Тұлпар" сауда орталығындағы "Toyota" жазуы жартылай өшіріліп тасталған жарнама. Алматы, 25 қараша 2013 жыл.

көліктері бөлшектерін басқа елдерден арзанға әкеліп жүргенін, ал ресми орталықтардағы баға қымбат екенін айтты.

– Мәселен, біз Араб Әмірліктерінен оригинал (түпнұсқа) свечаның (оталдырғыш білтенің) біреуін 400 теңгеден аламыз да, Алматыда 600 теңгеге сатамыз. Ал кез келген ресми Тоyоtа орталығында оның бағасы – 1 мың теңге, – дейді Людмила.

Ал Юлия есімді саудагер «Тоyоtа Motor Corporation» өкілдерінен келген ескертпе хаттан соң Тоyоtа және Lexus көліктерінің дубликат (яғни көшірме) бөлшектерін саудалауға кіріскенін айтады. Алайда кәсіпкер «жуырда бұл саудам да тұралай ма» деп алаңдайды.

– Компаниядан келген хатта «қос брендтегі көліктерге сәйкес келе береді» деп жазылған көшірмелерді де сатуға тыйым салынған. Жалпы, дүкен маңында Тоyоtа және Lexus белгісі бар көліктердің аты да болмауы керек екен, – дейді Юлия.

TOYOTA ӨКІЛІНІҢ ЖАУАБЫ

Саудагерлерге «Тоyоtа Motor Corporation» компаниясы атынан келген хатты жолдаған – «BMF Group» заңгерлік компаниясы. «BMF Group» «Тоyоtа Motor Көлік бөлшектері саудагерлеріне Toyota құқықтарын қорғайтын заңгерлерден келген ескертпе хат. Алматы, 26 қараша 2013 жыл.

Көлік бөлшектері саудагерлеріне Toyota құқықтарын қорғайтын заңгерлерден келген ескертпе хат. Алматы, 26 қараша 2013 жыл.

Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) зияткерлік меншік құқықтарын 2010 жылдан бері қорғауға кіріскендерін айтты.

– Қазақстанға Тоyоtа тауар белгілері бар бөлшектерді тек ресми дистрибьютер – «Toyota Motor Kazakhstan» ЖШС ғана әкеле алады. Жеке кәсіпкерлердің тек ресми бекітілген дилерлерден көлік бөлшектерін көтерме бағамен сатып алуға ғана құқығы бар, – дейді «BMF Group» заңгерлік компаниясының өкілі Жанат Нұрмағанбетов.

Заңгердің айтуынша, кәсіпкерлер көлік бөлшектерін тікелей дистрибьютерден сатып алу үшін компанияның талаптарын орындап, ресми дилерге айналуы керек.

Жанат Нұрмағанбетовтің сөзінше, бөлшек саудамен айналысатын саудагерлер, басқа да заңды тұлғалар көлік бөлшектерін «Toyota Motor Corporaction» мекемесінің ресейлік дилерлерінен ала алады.

– Кейбір кәсіпкерлер тауарды ресейлік дилерлерден алады. Кеден Одағы шарттары бойынша бұған тыйым салынбаған. Бірақ олардың бағасы жол-көлік шығыны салдарынан өсіп кетеді. Кейбіреулер «Ресейдегі ресми дилерден Toyota көлігі. (Көрнекі сурет)

Toyota көлігі. (Көрнекі сурет)

алдым» дейді. Бірақ бірнеше тексерістен кейін ондай кәсіпкерге ешбір дилердің тауар сатпағаны анықталып жатады, – дейді «BMF Group» заңгерлік компаниясының өкілі Жанат Нұрмағанбетов.

Тоyоtа және Lexus сауда белгілері 2012 жылдың ақпанында Қазақстанның кедендік реестріне енгізілген. Кедендік іс туралы кодекс бойынша, реестрде көрсетілген зияткерлік меншік иесі ресми өкілдер арқылы құқығын қорғай алады. «Тоyоtа Motor Corporation» компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибюторы – «Тоyоtа Motor Kazakhstan» ЖШС. Бұл ЖШС-тің 11 ресми дилері бар.

Жапониялық Тоyоtа (Lexus – Тоyоtа Motor Corporation-нің премиум класқа арналған көлігі ) маркалы автокөлік – Қазақстандағы аса танымал автомобильдердің бірі. Көлік сату мен сатып алу жарнамаларын жариялайтын kolesa.kz сайтында 27 қараша күні «Toyota көлігін сатамын» деген 19 мыңнан аса хабарландыру тұр. Елдегі одан кейінгі танымал көлік Mersedes Bens-ті бұл сайтта саудалаушылар 12 мыңдай ғана.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG