Accessibility links

«Азаттық» сыйлығының иелері қамауда отыр


«Азаттық» сыйлығы – 2012
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:52 0:00

Қаңтардың 24-і күні Алматыда «Азаттық» сыйлығына ие болған адамдардың есімдері аталды. Бірақ марапаттау рәсімі өткен жоқ. Себебі сыйлықтың белгісі мен дипломы жоғалып кеткен, сыйлықты алуға тиіс екі азамат ҰҚК тергеу изоляторында отыр.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сыйлық «елдегі демократия мен азаматтық қоғамның дамуына үлес қосқан азаматтарға беріледі».

ЖОҒАЛҒАН СЫЙЛЫҚТЫҢ ЗАЛДА ЖОҚ ИЕЛЕРІ

Биыл бұл сыйлық Stan.tv бейнепорталы мен «К-Плюс» телеарнасына, тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловқа, қоғамдық белсенді Айжангүл Әміроваға берілді.

Бірақ «Азаттық» сыйлығына орай ұйымдастырылған жиынға Владимир Козлов пен
Айжангүл Әмірованың қызы Әсел Әмірова «Азаттық» сыйлығы иелерін жариялау шарасында. Алматы, 24 қаңтар 2012 жыл.
Айжангүл Әмірованың қызы Әсел Әмірова «Азаттық» сыйлығы иелерін жариялау шарасында. Алматы, 24 қаңтар 2012 жыл.
Айжангүл Әмірова қатыса алмады.

«Халық майданы» оппозициялық қозғалысының белсендісі Айжангүл Әмірова «әлеуметтік жанжал туғызды» деген айып бойынша тергеуге алынып, қаңтардың 6-сынан бері Жаңаөзендегі ҰҚК тергеу изоляторында қамауда отыр.

Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов Әмірованың ісі бойынша күдікті ретінде қаңтардың 23-інде үш күнге қамалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ҰҚК қаңтардың 23-інде «Алға» партиясының Алматыдағы кеңсесін тінткен соң «Азаттық» сыйлығының белгісі мен дипломдары жоғалып кеткен. Сондықтан бүгінгі жиында сыйлық иелерінің аттары ғана аталды, ешкімге сыйлық табысталған жоқ.

ЖАҢАӨЗЕН МЕН БИЛІК ЖӘНЕ ОППОЗИЦИЯ ТУРАЛЫ

Шараның соңына таман Жаңаөзен оқиғасы кезінде қайтыс болған адамдардың қырқына орай Құран бағышталды.

«Азаттық» сыйлығына орай ұйымдастырылған жиында сөз сөйлеген саясаткерлер «билік бірқатар саясаткерлерді қуғындап жатыр» деп, «енді Жаңаөзен оқиғасы үшін соларды кінәлі етпек болып отырғанын» айтты.

– Адамдардың көшеге шығуына не түрткі болды? Қара куртка киген жастар кім? Кім оқ атты? Бұйрық берген кім? Шын мәнінде не болғанын терең зерттеп, кінәлілерді табудың орнына билік өздерінің саяси оппоненттерін жоюмен айналысып отыр. Әрине, бұған түпкілікті қарсымыз, – деді «Азат» ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілов.

«Журналистерде қауіп-қатерде» қорының президенті Рамазан Есіргепов «биліктің
Stan.tv бейнепорталының журналисі Азамат Есберген «Азаттық» сыйлығы иелерін жариялау шарасында. Алматы, 24 қаңтар 2012 жыл.
Stan.tv бейнепорталының журналисі Азамат Есберген «Азаттық» сыйлығы иелерін жариялау шарасында. Алматы, 24 қаңтар 2012 жыл.
заңсыз әрекеттеріне тек қандай да бір мәлімдемелер жазып қоюмен шектелуге болмайды, енді нақты қадамдарға көшу дұрыс» дейді. Оның пікірінше, заң аясында түрлі пикет, акциялар өткізіп, «әрбір адам үнсіз қалмай. азаматтық позициясын жасқанбай айтуы тиіс».

– Барлық халықаралық ұйымдарға шағымдануымыз керек. Кез-келген халқын тонаушы, олигарх ашықтықтан қорқады. Өздері туралы баспасөзде жаза ма деп қорқады. Неғұрлым көбірек айтқан сайын бейбітірек жолмен құқықтық мемлекет болуға жақындаймыз, – деді Рамазан Есіргепов.

Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлиннің айтуынша, «Жаңаөзен оқиғасы биліктің өзін сақтап қалу үшін бәріне баруға даяр екенін көрсетіп, шынайы бейнесін ашып берді».

Биыл Жаңаөзен оқиғасына байланысты қылмыстық іске тартылған азаматтарға, сол ​
«Азаттық» сыйлығының белгісі.
«Азаттық» сыйлығының белгісі.
оқиға туралы егжей-тегжейлі хабар таратқан бұқаралық ақпарат құралдарына берілген «Азаттық» сыйлығын 2003 жылы сол кездегі «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық қозғалысына біріккен демократиялық күштер тағайындаған.

Жыл сайын берілетін «Азаттық» сыйлығының иегерлері:

2002 – Мұхтар Әблязов, Ғалымжан Жақиянов, Сергей Дуванов (2003 жылы берілді);
2003 – Ермұрат Бапи, Игорь Винявский, Геннадий Бендицкий, Балташ Тұрсынбаев;
2004 – Мақпал Жүнісова, Жұмабай Доспанов, Асхат Шәріпжан (марқұм), Жармахан Тұяқбай;
2005 – Батырхан Дәрімбет (марқұм), Заманбек Нұрқаділов (марқұм), Галина Дырдина, Серікболсын Әбділдин, Болат Әбілов;
2006 – Алтынбек Сәрсенбайұлы (марқұм), Нұрболат Масанов (марқұм), Қазис Тоғызбаев, Евгений Жовтис, Ирина Савостина, Әлібек Жұмабаев;
2007 – Арон Атабек, Сергей Уткин, Герольд Бельгер;
2008 – Бақыт Түменова, Сағат Жүсіп;
2009 – Рамазан Есіргепов, Евгений Жовтис, Мұхтар Жәкішев;
2010 – Ермек Нарымбаев, Игорь Колов, Мұхтар Әблязов;
2011 – Stan.tv бейнепорталы мен «К-Плюс» телеарнасы, Владимир Козлов, Айжангүл Әмірова.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG