Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Мұхтар мен Еркебұлан


Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкент қаласында екі күнге созылған республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан айтыс биыл Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.

Айтыстың екінші күні қызылордалық Мұхтар Ниязов пен астаналық Еркебұлан Қайназаров ақындардың жетінші жұбы болып сахнаға шықты.

Сөз бастаған Мұхтар Ниязов қоғамдық мәселелер туралы былай деді:

- Ау, жаманның ойлағаны - ұрттың қамы,
Жақсының ойлағаны - ұлттың қамы.
Ереке, айналаңа қарап тұршы,
Өміріне риза емес-ау жұрттың бәрі.
... Ол рас, Бұхар жырау бір кездері
Абылайға шындықты айтқан бір заманда.
Таразының тасын енді тең басатын,
Бұл күнде дәл солардай мырза бар ма?

Айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаров. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаров. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Еркебұлан Қайназаров баспанасыздар тақырыбын қозғап, былай деді:

– Жапанда жалғыз үй боп қалса-дағы,
Қарлығаштың ұясын бұздырмаған.
Ал қазіргі қоғамда құс түгілі
Адамдар панасыз жүр жүз мыңдаған.
Қарлығаш былай тұрсын, қандастарын
Қаңғыбас қып жіберді-ау біздің заман.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG