Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Асхат пен Ақмарал


Айтыскер ақын Ақмарал Леубаева. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Айтыскер ақын Ақмарал Леубаева. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Наурыздың 15-сі мен 16-сы күндері Шымкент қаласында республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан бұл айтыс биылғы жылы Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.

Бұл айтыста бесінші жұп болып тараздық Асхат Қылышбек пен Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскері Ақмарал Леубаева сахнаға шықты. Қос айтыскер де оңтүстік өңірге мадақ айтты.

– Елбасы саясатта көш бастап тұр,
Қоғамның сонда да әлсіз неге күйі?
Нұраға Абылайдай болғанымен,
Төле бидей болмай тұр төңірегі, - деп сөз бастады Асхат Қылышбек.

Ол «Әйелдердің зейнет жасын ерлермен теңестіру» мәселесі жайлы сөз қозғады:

– Бүгінгі билеріңнің сиқы - мынау,
Ұрпағыңа қаспағыңның қалмағаны-ай.
Ерлер мен әйелдердің зейнет жасын
«Теңейік» деген тапты заңды одағай.
«Ол үшін зейнетке әйел кештеу шықсын»
Деп эфирден бір бидің сарнағаны-ай.
Теңеймін десе басқа жолы бар ғой,
Ол ойына түспеген, Алла, қалай?
Керісінше еркектің зейнет жасын,
Жылжыта салмады ма алға қарай.

Айтыс көрермендері. Астана. 9 желтоқсан, 2012 жыл. (Суретті түсірген Өркен Жоямерген).
Айтыс көрермендері. Астана. 9 желтоқсан, 2012 жыл. (Суретті түсірген Өркен Жоямерген).

Қарсыласының бұл сөзін әрі қарай өрбіткен Ақмарал Леубаева былай деді:

– Қызыл Кеңес әперген,
Марченко әйел теңдігін
Тартып алса қайтеміз?
Алпыс үштегі әйелдің
Аузында бір тісі жоқ,
Сабақ бергенін көрсеңіз,
Дәрігер әйел дірілдеп,
Саусақтары укол сала алмай,
Кіналамаңыз, өлсеңіз.
please wait

No media source currently available

0:00 0:27:31 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG