Accessibility links

Екі қолынан айырылса да, құрдастарынан озған бала


Паралимпиадалық спортшы Азамат Оразбек. Алматы, 24 қыркүйек 2011 ж.

Паралимпиадалық спортшы Азамат Оразбек. Алматы, 24 қыркүйек 2011 ж.

Қолы жоқ жас спортшы Азамат Оразбек қазан айының басында Шымкентте өткен паралимпиадалық республикалық турнирге қатысып, алтын медальға, 2012 жылы Лондонда өтетін паралимпиадалық теннис жарысының жолдамасына ие болды.


17 жастағы Азамат Оразбек мүмкіндіктері шектеулі теннисшілер арасында ерекше көзге түседі: оның оң иығына ракетка байланған, сол қолы иығынан жоқ. Екі қолынан бірдей айырылғанына қарамастан, ол құрдастарынан бір елі артта қалған жоқ, тіпті көбін басып озды. Азамат Алматыдағы мамандандырылған мектеп-интернатта оқиды. Демалыс күндері үйіне барады. Үйінде оған інісі көмектеседі.

Достарының бірі қолына бинтпен ракетка таңып береді – Азамат ойынға дайын тұрады. Доп жерге түсіп кетсе – қарсыласына тебеді, кезегі келсе – Паралимпиадалық спортшы Азамат Оразбек Азаттық радиосына сұқбат беріп тұр. Алматы, 24 қыркүйек 2011 ж.

Паралимпиадалық спортшы Азамат Оразбек Азаттық радиосына сұқбат беріп тұр. Алматы, 24 қыркүйек 2011 ж.

допты өзі алып береді, не Азаматтың алдына лақтырады – ал ол допты ракеткамен қағып алады.

Азаматтың теннис ойнағанда шабуылды жөн көреді. Бірақ кейде қорғану мақсатында допты қағып отырады, бірақ мұны соңыра шабуылға шығу үшін ғана істейді.

Мен Азаматты Алматыда, республикалық үстел теннисі федерациясы клубында кездестірдім. Жексенбі күндері ол жерде аралас турнир өтті: оған спорттық мектептен келген балалар, ересектер, сонымен қатар қимылында ақауы бар балалар қатысты.

Турнирге қатысушыларды үш топқа бөлді: төменгі, орта және үш бірдей бапкер – Игорь Шубин, Зоя Ананьева және осы жолдардың авторы – енген «өлім тобы» деген мықтылау топ.

АЗАМАТТЫҢ ЖЕҢІСІ МЕН ЖЕҢІЛІСІ

Өзінің тобында бірінші орынды оңай жеңіп алған Азамат Оразбек «өлім тобында» ойнағысы келгенін, ал бапкері оны орта топқа қосқанын мәлімдеді. Дәл сондай әңгіме болғанын басқа балалар да растады. Шубин Азаматқа «өлім тобының» басқа мүшелерімен бірге сынақтан тыс ойнауды ұсынды. Ол келісті.

Азаматпен алғаш сайысу сәті маған бұйырды. Мен «тез жеңермін» деп ойладым – 50 жылдық тәжірибем бар емес пе. Қайдағы! Көп ұзамай қарсыласымның кішкене доптың төмендей бастағанын күтпей, ұшып бара Азамат Оразбек үстел теннисінен өткен жарыста. Алматы, 24 қыркүйек 2011 ж.

Азамат Оразбек үстел теннисінен өткен жарыста. Алматы, 24 қыркүйек 2011 ж.

жатқанда соғатынын байқадым. Азамат аса сауатты қимылдайды – аяғын бапкер талап еткендей-ақ қозғалтып отырады. Бірақ олай қозғалатындар некен-саяқ қой.

Осы екі фактор да – дұрыс теннис ойынының басты шарттары. Дәл бұған осы мәтін авторының шамасы келмейді, өйткені мен қыбыр етпестей тұрамын, ал кішкене шарды менің ракеткама қарай түсе бастағанда ғана қағып аламын. Әдіс тұрғысынан мені құтқаратыны сол, мен осы кемшіліктерді артықшылыққа айналдыруды үйрендім. Алайда бұл үшін өте жақсы, «өзі-ақ ойнап тұратын» дерлік ракетка қажет: кішкене шарды қатты айналдырып, осылайша қарсыласты алдауға болатындай серпінді әрі өте жұмсақ болғаны дұрыс.

Алайда Азаматпен ойнағанымда, менің қарттық тәсілдерім аса көмектесе қоймады. Барлығының да әділ ойнайтынын, ешкім ешкімге әдейі ұтылып жатпайтынын атап өту керек. Бұл арада, әлбетте, азарт факторы да бар. Қысқасын айтқанда, Азаматпен арадағы ойында мен сол жағына қарай «салмақ сала» бастағанымның арқасында ғана аман қалдым, одан соң допты кенеттен оң жаққа, оның үстіне аса төмендеу жерге ауыстырып отырдым. Ақыр аяғында мен жеңдім.

Жеңілгені себепті оның мүлдем жабырқамағанын байқадым, әйткенмен бір нәрсе көрініп-ақ тұрды: Азамат менің ойнымдағы кейбір кемшіліктерімді пайдаланып қалмағанына наразы болды, оларымды тым кеш байқады.

Азамат Оразбек келесі жолы тура мен сияқты алматылық әуесқой тенисші Сергей Лукинмен бақ сынасты. Осы тұста мен Азаматтың бар өнерін көрдім. Ол ебін тауып, доптарды аласартып отырды; икемсіз Лукин үстелге жүгіріп келіп отырғанда, Азамат қарсыласына амал қалдырмай, допты не қатты соғып отырды – себебі ол үстелге тым жақын тұрған, – не ұзын допты үстелдің шетіне жіберіп отырды, оның үстіне қарсы жауап ретінде. Осылайша бақталасын титықтатып болып, Азамат оған басты қаруын – оң мен сол жақтан жаудыратын соққыларды қолдануға жол бермей отырды – сөйтіп нәтижесінде барлық үш партияны жеңіп шықты.

ЛОНДОНҒА БАРУҒА КІМ КӨМЕКТЕСЕДІ?

Азаматтың мүгедектігі туа біткен жоқ, жүре пайда болған.

– Мен кішкентай болғанда, бір шал менен трансформатор будкасына өрмелеп шығып, сол жерден жоғалып кеткен малын көріп беруімді сұрады. Жаңбыр жауып тұрған. Мен сымдарға қол тигізген де жоқпын. Бірақ мені тоқ соқты, – дейді Азамат.

Аудандық ауруханада балаға тиісті жәрдем жасамады, дереу облыс орталығына жеткізуге тура келді. Облыстық аурухананың дәрігерлері әкесіне баланы тым кеш әкелгенін айтты, гангрена басталып кеткен. Азамат сол қолынан түгелдей дерлік айырылған, оң қолын шынтақ буынына дейін кесіп алып тастаған. Ол кезде ол Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде бірінші сыныпта оқып жүрген.

Қазіргі күні оның отбасы Алматыда тұрады. Бірақ әкесі осы жылы мамыр айының басында бөтен әйелге кетіп қалды. Қазіргі күні олар анасымен, Азамат Оразбек Қазақстанның ІІІ паралимпиадалық ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Шымкент, 7 қазан 2011 ж.

Азамат Оразбек Қазақстанның ІІІ паралимпиадалық ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Шымкент, 7 қазан 2011 ж.

жеті жасар қарындасы Сабинамен, он бес жасар інісі Әділетпен бірге бір бөлмелі пәтерде Алматының шет аймағында Ұлжан ықшам ауданында тұрады. Азамат демалыс күндері интернаттан үйіне келген кезде, оған інісі көмектеседі. Интернатта оған досы Еламан көмектеседі.

Азамат тірек-қимыл аппаратында ақауы бар балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатта оқиды, ол жерде ол оқудан бөлек жүзумен және үстел теннисімен айналысады. Протезді сирек киеді.

– Оның көмегімен жазып, одан қалды спортпен айналысу маған ыңғайсыз. Күнделікті өмірде протессіз жүрген маған ыңғайлырақ. Мен оны тек сахнаға ән шырқауға шыққанда киемін, – деп жауап қайтарады Азамат.

Ол оның үстіне мектеп-интернаттың көркем өнерпаздар үйірмесінде ән айтатын болып шықты. Оған еріп жүрген досы домбырада ойнайды. Олар дуэт болып жүр. Бұл арада мен Азаматқа жаңаша назар салып, оның әдемі жігіт екенін іштей түйдім.

– Өзіңді жақсы көретін қыздар көп шығар. Алматыда қызың бар ма?

– Әрине, біз мұнда қыздармен араласып тұрамыз, сосын, әрине, менің қызым бар, бірақ Алматыда емес. Менің қызым Қызылордада тұрады. Біз бір-бірімізді жақсы көреміз.

Азаматтың жоспары көп. Ол 2009 жылы Токиода өткен паралимпиадалық Азия ойындарында ол жүзу бойынша жүлдеге ие болды. Бір спорт бойынша ғана өнер көрсетуге болатындықтан үстел теннисі сайысына қатысты.

Биыл қазан айында Шымкент өткен абсолютті біріншілікте Азамат Қазақстанның ең мықты 16 паралимпиадалық теннисшілері тобына қосылды. Алматы құрамасы бұл жарыста төрт алтын медаль иеленіп, бірінші орын алды. Алтынды жеңіп алып, бірінші орын иеленгендердің қатарында Азамат Оразбек те бар. Ол 2012 жылы Лондонда өтетін паралимпиадалық теннис жарысының жолдамасын ұтып алды. Жаттықтырушысы Зоя Ананьеваның айтуынша, «ендігі шаруа сөз емес» – демеуші табу керек. Бірақ оны қайдан табады?

Қоштасарда Азаматтың дағды бойынша созған «қолын» қысып, бар ісіне сәттілік тіледім.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG