Accessibility links

Царнаевтың досы Қадырбаев 6 жылға сотталды


Диас Қадырбаевтың (сол жақта) Бостон сотына келгенін бейнелейтін сурет.
Диас Қадырбаевтың (сол жақта) Бостон сотына келгенін бейнелейтін сурет.

"Бостон марафонында" жарылыс ұйымдастырды деген айыппен сотталған Джохар Царнаевтың досы қазақстандық Диас Қадырбаев 6 жыл түрме жазасына кесілді. Оған 2013 жылы жасалған терактіні тексеру ісін адастырмақ болды деген айып тағылған еді.

2 маусым күні үкімі оқылған Қадырбаев "өз әрекеті үшін ұялатынын" айтқан. Ол тергеу амалдары кезінде Царнаевтың мекен-жайындағы айғақ заттарды жоймақ болды деген де күдікке ілінген еді. Бостондағы жарылыстан соң іле-шала Диас Қадырбаев пен осы іс бойынша сотқа тартылған және бір қазақстандық Азамат Тәжаяқов Царнаевпен бұрынырақта әлеуметтік желіде бірге түскен суреттері арқылы танылып, оларды ФБР ұстаған болатын.

Азамат Тәжаяқовтың үкімі осы аптаның соңында оқылуы мүмкін. Джохар Царнаев биылғы мамыр айында өлім жазасына кесілген.

Бостон марафоны кезінде болған жарылыс кезінде үш адам өліп, 264-і жараланған еді.

XS
SM
MD
LG