Accessibility links

Үздік үш комментарий


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (10 – 16 қыркүйек) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


МАРАЗЫМ КРЕПШАЙЫТОВ, ыЗаКО
Паралимпиаданы қойшы, Параолимпиада қашан болады?! Біздің тендермендерді жіберсек, шіркін! Пара алудың-берудің талай қитұртқы тәсілдерін көрсетіп, әлемді тамсандырcа... Бізге тіпті "шаппай бер!" деп айту да жарасар еді.
Паралимпиада ойындары аяқталды» атты мақалаға жазылған пікір)

АРЫС, ШЫМКЕНТ
55-ке енді келген адамның саясаттағы кезеңі "өтіп барады" деген тақырыпқа қарап отырып, сонда жасы 70-тен екі жыл асқан адамның саясаттағы кезеңі "енді басталғаны ма" деген ойға қалады екенсің?
Оппозициядағы Әбілевтің өтіп бара жатқан уақыты» атты мақалаға жазылған пікір)

АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН
Осындай ойлы, мәнді тақырыпқа пікір қоса алмайтынымыз-ай. Рухани кемтармыз. Өсек-аяң болса ғой, қауға тиген өрттей гулер едік, көсемсіп...
Ахмет Байтұрсынұлы және музыка» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,
Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG