Accessibility links

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (24 – 29 желтоқсан) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


ERIGKEN ADAM, ҚАЗАҚСТАН

Интернетті қолданушы қазақ оқырмандары жоқ дейді. Қазақ оқырмандары қазақтың кең байтақ даласында, ірі қала мен аудан орталықтарына қарағанда, қарапайым ауылда тұрады. Ал сол халыққа интернет қолжетімді болу керек қой. Әдетте бұндай мәселелер қала деңгейінде қаралып, ауыл жайы ескерілмейді. Қазақ сайтына оқырман жинағысы келсе, қазақ сайтын көтергісі келсе, қазақ жерінің түкпір-түкпірінен бастау керек.

Жастардың сайтты дамыту тәжірибелері» атты мақалаға жазылған пікір)


BEGIM, ALMATY QALASY

Айға теміржол салмай-ақ, біздің Баршатас пен Аягөздің ортасындағы қара жолды жасап берсе ғой...

АҚШ компаниясы Айға «теміржол» салмақ» атты мақалаға жазылған пікір)


ЫЗАЛЫ МАҢҒЫСТАУЛЫҚ

2012 жаман өткен жоқ, жылай бермейік:
2030-ды досрочно орындап тастадық,
2050-ді қарқынды бастадық.
Ғалымдар эликсирді тауып қуантып тастады,
Шал көңілденіп, жарқын істерге бастады.
Әлеуметтік араздықты қоздырушыларды түрмеге тықтық,
Ол тақырыпты қозғаған БАҚ-тарды түгел құрттық!

БҰҰ 2012 жылды өлеңдетіп бітірді» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG