Accessibility links

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (7 – 12 қаңтар) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


БАРАҚ, АЛМАТЫ

Мұғалімнің білімі емес, көңіл-күйі жоқ. Сабақтан тыс жұмысын тым көбейтіп жіберген. Көшенің қоқысына дейін теру керек. Құдайдың құтты күні тексеру, комиссия, бас көтертпейді. Комиссияның бабын табу, қарындарын тойғызу үшін мұғалім бала-шағасының аузынан ақша жырады. Ал КРУдан келгенін ресторанға, саунаға апарып, қайтарында қалтасына қомақты қаражат сап беру дәстүрге айналған. Мұғалімнің жеп, жымқырып қоятындай қолындағы журналынан өзге байлығы болмағанның өзінде тексергіштер сондағы бағалардың санын түгендеп болсын, әйтеуір бір кемшілік табуға тырысып бағады. Жемқорлық пен алаяқтық жайлаған, бірі бірін тонауға негізделген мына қоғамда шәкіртке қандай тәрбие берілмек.

Оқушылар қосымша дәріске зәру» атты мақалаға жазылған пікір)


АЛПАМЫС, ҚАЗАҚСТАН

Путин дегеніне жетті, Кедендік Одақты құрды, енді қазақтар да, беларустер де Ресей көліктерін мінетін болды. Кедендік Одаққа қосылар алдында Қазақстан шетел көліктеріне кедендік салықты сұмдық көбейтіп жіберді. Сөйтіп, Ресейдің автонарығын асырап отырмыз. Бұны енді не деуге болады?

Ресейлік автокөліктерге неге сұраныс артты?» атты мақалаға жазылған пікір)


ЕСЕНҒАЛИ, ҚОЖА ЕЛІНЕН

"Нәр" іш, "Пантомарал" іш, Құдекеңнің елшісі Әзірейіл тақсыр іздеп келсе,ізіне еріп кете бересің – ол тақсыр пара алмайды, американың көк қағазын вагонымен, составымен берсең де оған қажет емес!

Өнертапқыш «жасартатын эликсирін» шығара алмай жүр» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG