Accessibility links


Соңғы аптада (3 – 9 қыркүйек) жарияланған мақалаларға қатысты Azattyq.org оқырмандары жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

АРА, ҰЯДАН

Жәй біреуді сыртынан "мынау пара алды" деп айта алмайсың. Нақты, бұлтартпас дәлелің болу керек (бұл шарт алдын-ала нақты айтылған). Ақша алып жатқан адамды жанында тұрып камераға түсіріп тұруың керек, бұл болмайтын нәрсе ғой. Бұл үкіметтің "міне, біз жемқорлықпен күресіп жатырмыз" деп халықты алдауы. Халық баяғыда қасқыр болып алған, мұндай баланың әңгімесіне есі дұрыс адам сенбейді.

(«Сыйақы тағайындалды, ендігісі – қылмысты хабарлау» атты мақалаға жазылған пікір)


МАРАЗЫМ КРЕПШАЙЫТОВ, ыЗаКО

Құқықшылар елді қатаң сынады
Сынап алып, ұзақ тағы шыдады
Себебі сол мұнай қатты ұнады
Қайтсін енді - мұнай қымбат тұрады
(Бар шөлмектей мұнай құйған шөлмек те
Бәстесейік - күні келсе сынады...)

(«Құқық қорғаушылар ШЫҰ мен Қазақстанды сынады» атты мақалаға жазылған пікір)


АЛТАЙ

Бұл шынымен де саяси іс екен. Жаңаөзен оқиғасы қайда, ал мыналар не деп тұр? Бұл сот өзі Әблязовтың сотына айналып кетті ғой.

(«Ақтау сотында Әблязовтың «билікті құлатпақ болғаны» айтылды» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар! Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG