Accessibility links

Үздік үш комментарий


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (8 – 13 қазан) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


АРЫС, ШЫМКЕНТ

Әлсізді өлтіру қорқау адамға түкке де тұрмайды. "Террорист" деген бәле қайдан шығады? Олар осы соқпаққа қандай жолдармен келді? Міне осыларды таразылайтын, талдайтын кешен неге жоқ, неге сол "террористерді" басы-жоқ аяғы жоқ ешқандай мәмлеге келмей қырып салуда? Анау 16 желтоқсандағы мұнайшыларды бас-көзге қарамай қырып салардың алдында неге болар тірлік сарапталмады? Енді келіп "Мұнда сырттағы "қуыршақтардың" тірлігі белең алған" дееееп отыр. Билік сол "сырттағы қуыршақтардан" бұрын-ақ қимылдағанда еш нәрсе болмас еді, қаншама боздақтар бұл өмірмен қоштаспас болар еді. Өтіріктің де, жала жабудың да неше түрлі құйтырқыларын ойластырғанша алдын алсын.

Экстремистерді жойыңдар» деген бұйрықты кім береді?» атты мақалаға жазылған пікір)


МАРАЗЫМ КРЕПШАЙЫТОВ, ыЗаКО

Жолайрықты көбейтсе Тәңір оған бақ берсін,
Кептеліске себепкер қылкөпірге тап келсін.
Ақша асаған бұл істе адам жеумен тепе-тең,
Жол қаржысын жегенннің тамағы да кептелсін

Кейбір алматылықтар «кептелген» көшеден шаршап жүр» атты мақалаға жазылған пікір)


АРА, ҰЯДАН

Бұл билік тарапынан етін өздері жеп, сүйегін халыққа лақтырған сияқты. Әйтпесе халықтың жағдайы қырғыздар мен өзбектерден сәл жақсы болса, НӘНнің "көреген" саясатының арқасы емес, Құдайдың берген мұнайы мен газының, алтыны мен күмісінің арқасы. Тек қана жерінен мұнай ғана шығатын арабтардың өмірін қара, сосын Менделеев кестесіндегі барлық элементтер бар біздің өмірімізді қара.

Қабырғасы жарылған жаңа үйлерге тұрғындар риза емес» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG