Accessibility links

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (15 – 20 қазан) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Тек әкім емес энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы Ерлан Блиев мырза да айтқыш! Бұл сабазың "облыстағы елді-мекендердің 83 пайызында орталықтандырылған ауыз су жүйесі жоқ. Бірақ ауыз суы жоқ бұл елді-мекендерде халық тығыз қоныстанбаған" депті. Не деген гениальный жауап!

Жалғыз телефонды Жайсаңбай ауылында сиыр қырылды» атты мақалаға жазылған пікір)


ЖАНДӘУЛЕТ

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері түк бітірген жоқпыз. "Болашақ" бойынша оқып келгендердің қолынан жұмыс істеу келмейтінін халық өз көзімен көріп жүр. Біз өтірік мақтанғаннан алдымызға жан салмаймыз. Елді сүйреп келе жатқандар кеңестік дәуірде білім алғандар. Қазіргі жоғарғы оқу орнындарында білім беру күйреген, тек ақша табу алға қойылған...

Қазақстандық белсенділер АҚШ-ты «Жаңаөзен актісін» қабылдауға шақырды» атты мақалаға жазылған пікір)


АРА, ҰЯДАН

Бізде ақшаның жартысы Азия ойындарына бөлінсе, жартысы ешқашан ақшаға тоймайтын шенеуніктердің қалтасына кетеді. Жемқорлықтан алдымызға тірі жанды салмай келеміз, азаттық алған 20 жылда ұры мемлекет құрып шығардық.

Азиаданың шығыны бір жарым миллиард доллардан асқан» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG