Accessibility links

Үздік үш комментарий


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (5 – 10 қараша) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


ИІЛМЕГЕН ҚАЗАҚ, АҚТАУ

Постсоветтік психологиядан арыла алмай жүргеніміздің бір себебі, біздің Ресей телеарналарымен тығыз байланысты үзбеуіміздің қырсығы ау деймін. Әйтпесе, тоқсаныншы жылдардан кейін туылған жастар неліктен зиялы қауым деп сөйлейді. Менің де ойымда жүрген нәрселер еді, неліктен кейбіреулер қасиеті шамалы болсада, өлең жазғаны үшін зиялы болу керек, ал екіншілері қаншалықты адамгершілік қасиеті болса да,зиялы болмайды, себебі өлең жазбайды. Сондықтан, зиялы қауым деген ұғымнан, ал бұл ұғым кеңестік жүйеден қалған ұғым, арылуымыз керек. Қанішер билік осы зиялы қауым деген ұғымды өз пайдасына жақсы пайдаланып отыр. Олар билікке зиялы болар, бірақ халыққа зиянды. Зиялы қауым деп жүргендеріміз, егіннің ішіндегі арамшөп сияқты ұғымға айналды. Ендеше, бұл сөздерді қазақ сөздігінен түп тамырымен жұлып жоқ қылу керек.

Пост-советтік дискурстан арылу үшін уақыт керек» атты мақалаға жазылған пікір)



АРЫС, ШЫМКЕНТ

Дегенде қызық екен... Айдаладағы, мұхиттың арғы жағындағы сайлау қазақты шындап қызықтырып отырғаны. Не себепті қызық дейін десем жұрттың барлығы да біздегі сайлау қорытындысымен салыстырып отыр екен ғой. Бізде сайлау учаскілері жабылмай жатып-ақ мына "жерді көп баса бергісі барға" бірден 90 пайыздан асырып "дауыс алды" деп жаһанға жар салып жатады. Ал онда әрбір дауыс санаулы. Онда төрт жыл сайын сайлау, бізде 20 жылдан асты, сол баяғы "сайлау". Сайлау алдында "дебат" деген де бар екен ондағы үміткерлерге. Ал бізде ол кезде "Жасасын, жасасын" деген жазулар толып кетеді қай жер болсын, сол жерде.

Обаманың жеңісін Қазақстанда түрліше қабылдады» атты мақалаға жазылған пікір)


ЖОМАРТ

"Қазақ", "қазақстандық"-тың не қатысы бар? Мәселе адамның моральдық, адамдық құндылықтарында жатыр. Егер расында да жеңісі үшін ақша бергені рас болса, бар кінәсін мойнымен көтеруі тиіс. Ал кінәсіз боп шықса, онда сол жала жапқандарды сотқа беру керек

Винокуровқа қатысты «келісім дауы» қайта өршіді» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG