Accessibility links

Блог байқауы: "Квартиранттың арманы"


Геолог ауылындағы №65 жатақхананың ішкі көрінісі. Атырау қаласы, 24 тамыз 2010 жыл. Көрнекі сурет

Геолог ауылындағы №65 жатақхананың ішкі көрінісі. Атырау қаласы, 24 тамыз 2010 жыл. Көрнекі сурет

Азаттық оқырмандарының арасында "Квартиранттың арманы" атты блог байқауын жариялайды. Бірінші орынның жүлдесі ретінде iPad тігілген.

Азаттық вебсайты оқырмандары арасында "Квартиранттың арманы" атты блог байқау жариялайды. Жазба авторы баспана мәселесіне қатысты өзі өзекті деп санайтын кез-келген тақырыпты қозғай алады.

Word бағдарламасында, Times New Roman шрифтімен, 14-размерде терілген блогтың көлемі 300 сөзден аспауы керек. Автор мәтінге қоса өз фотосын немесе иллюстрациялық бір сурет жіберуі тиіс.

Байқау 21 қазан – 30 қараша арасында өтеді. 21 қарашада блог қабылдау аяқталады. Блогтар Азаттыққа түскен бойы арнайы парақшада жарияланып отырады.

Бас жүлдеге Apple iPad Mini ME800 планшеті тігілген, екінші орын иеленушіге Samsung Galaxy S5 смартфоны, ал үшінші орынға электрондық кітап оқығыш беріледі.

Үздік блогтарды Азаттық вебсайтының оқырмандары байқау парақшасындағы сауалнама арқылы дауыс беріп анықтайды. Бұл дауыс қорытындысына Facebook, Google+, Twitter мен МойМирдегі ұнату және бөлісу саны да қосылады. 30 қараша күні аяқталғанда байқау парақшасындағы дауыс беру мен жоғарыдағы әлеуметтік желілерде ұнату және бөлісу бойынша ең көп дауыс алған оқырман блогы жеңімпаз атанады.

Блогыңызды, өз фотоңызды немесе иллюстрациялық суретіңізді azattyq@rferl.org электрондық поштасына жолдаңыз.

Блогтарды оқып дауыс беру үшін БАЙҚАУ ПАРАҚШАСЫНА кіріңіз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG