Accessibility links

Қаладан қыстау іздеп жүрмін


Аятжан Ахметжан, Азаттықтың блог байқауына қатысушы

Аятжан Ахметжан, Азаттықтың блог байқауына қатысушы

Іздегенім - қыстау, қыстау болғанда отарлап мал айдап, жамбастап жатып соғым жейтін емес, құшақтап баламды алып, қысылып қыстан шығатын, жалдап алып жалақының жартысын беретін.

Қазақтың кешегі дәуірдегі көктеу, жайлау, күздеу мен қыстау атты ұғымдары санамызда бүгін қайта жаңғырды, бірақ басқаша болып, неге демеңіз, бір апта болды интернет беті мен жарнама газеттерін тінтіп отырмын. Іздегенім - қыстау, қыстау болғанда отарлап мал айдап, жамбастап жатып соғым жейтін емес, құшақтап баламды алып, қысылып қыстан шығатын, жалдап алып жалақының жартысын беретін. Бірақ таптырмайды – ау шіркін!

Кешегі күнде даланың қазағы көшпенді еді, бүгін қаланың қазағы көшпенді. Екеуінің сипаты екі басқа, бұрынғысы өз еркімен, ал бүгінгісі қожайынның бұйрығымен, не қалтасы жетпегеннен. Кешегі көш - серуен, қуаныш, жаңа жұрт. Бүгінгі көш - қайғыру мен түңілу, жаңа жұт.
Мен таңғалам, Астанада қазір бір бөлмелі пәтердің айлық ақысы - 100 мың теңге, екі бөлмелі - 140 мың теңге болып ары қарай кете береді. Сонда бұл сомаға қарап отырып ашуланасың, күйінесің, кейде таңғаласың, жаның ашиды.

Кешегі көш - серуен, қуаныш, жаңа жұрт. Бүгінгі көш - қайғыру мен түңілу, жаңа жұт.

Ашуланатының - айлығың 70 мың, пәтер ақың 140 мың… Күйінетінің - пәтер іздегеннің бәрі қазақ. Таңғалатының - үй иесі кім және айлығы жетпейтін пәтерге кім қалай төлеп тұрады? Жаның ашитыны - өзіміз секілді мұғалімдер, дәрігерлер тағы сол секілді айлығы шайлығына жетпейтін, барын жоғымен, қарызын түсер айлығымен ептейтіндер.

Кеше Қасым ағамыз:

- Бермесең бермей ақ қой баспанаңды, бәрібір тастамаймын астанамды, - десе,

бүгін біз:

Әке мені ауылға шақыршы,

Шуылдан әбден шаршадым,

Қалада бәрі сатулы,

Қажытады барша мұң.

Төсекте жатсаң дөңбекшіп,

Төбеңде тұрар бес қарыз.

Асығып ұшып еңбек қып,

Орындалмас-ау бес парыз.

Үйде сүт пен айран жоқ,

Қызың жүр құры су ішіп,

Қаладан мына қайран жоқ,

Түк татырмас тырысып.

Шаршадым, әке, шаршадым,

Жүйкемде кетті жұқарып,

Иісі қайда аршаның,

Әкелші әке жұталық! - деп жүрміз. Бұл тірлік қашанғы жалғасар екен?

Кең Қазақстаннан әр қазаққа тар да болса баспана қашан бұйырар екен?
Достар жалдайтын пәтер болса айтыңдар. Біздің арман қазірше сол...

Азаттықтан: Бұл блогқа дауыс беру үшін Блог байқау парақшасына кіріп, сауалнамадағы автордың атын таңдаңыз және Facebook, Google+, Twitter мен МойМир арқылы ұнатып, я бөлісіңіз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG