Accessibility links

Байқауға блог қабылдау аяқталды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Азаттықтың "Квартиранттың арманы" атты блог байқауына жазба қабылдау мерзімі бітті. Бірақ жарияланған блогтарға қараша аяқталғанша дауыс беруге болады.

Азаттық вебсайты жариялаған "Квартиранттың арманы" атты блог байқауына ондаған түрлі жанр мен мазмұнды жазбалар келіп түсті. Олардың барлығын байқау парақшасынан оқуға болады.

Жазба авторлары - негізінен Қазақстанның жас тұрғындары. Олардың баршасы дерлік уақытша баспанада тұрып жатқан түрлі мамандық иелері. Араларында бойдақтары да, үйлі-барандылары да бар. Блогтар Қазақстандағы тұрғын үй мәселесінің қаншалықты өзекті екенін жан-жақты сипаттайды.

Авторлар постсоветтік Қазақстан қоғамында ең маңызды әлеуметтік мәселелердің біріне айналып, тұтас қоғамдық қозғалыстар мен үздіксіз қарсылық акциялардың тууына себеп болған баспана мәселесін қилы форма мен ракурста көрсетеді. Бірқатар байқауға қатысушылар мәселені тек сипаттап қоймай, азаматтық бастама білдіріп, оны шешу жолдарын да ұсынады.

Блогтар диалог, көркем сөз, монолог, проза, тіпті өлең түрінде де жазылған.

Азаттық "Квартиранттың арманы" атты блог байқауына қатысып, жазбасын жолдаған барша оқырмандарына алғыс айтады.

Блогтарға дауыс беру қарашаның 30-ы түнгі 12-ге дейін жалғасады. Дауыс беру үшін Блог байқау парақшасына кіріп, сауалнамадағы автордың атын таңдаңыз және Facebook, Google+, Twitter мен МойМир арқылы ұнатып, я бөлісіңіз.

Ең көп дауыс алған үш блог авторына жүлде тағайындалған. Ол жайында байқау шарттарынан егжей-тегжейлі мәлімет біле аласыздар.

XS
SM
MD
LG