Accessibility links

«Қолжетімді баспана – 2020»


Олжас Құлымбай, Азаттықтың блог байқауының қатысушысы

Олжас Құлымбай, Азаттықтың блог байқауының қатысушысы

Қазына елден тоналар болса, басталған мұндай жобалар қанша?! Қуанар едік, шіркін-ай бұдан, халықтың жайы оңалар болса.

Үкімет жасап «бастама» кей күн,

Құлпыртып жатыр Астана кейпін.

Арнайы жоба алынды қолға,

«Қолжетімді бір баспана» дейтін.

Қазына елден тоналар болса,

Басталған мұндай жобалар қанша?!

Қуанар едік, шіркін-ай бұдан,

Халықтың жайы оңалар болса.

Үмітпен жүрді көсіліп әркім,

Тұрғын үй барады өсіріп нарқын.

Аламын десең басыңа пәтер,

Орындау керек несие шартын.

Бергендей шайын келіні бұлдап,

Халықтың жүр-ау еріні құрғап.

Қол созған пәтерге жандардың бүгін,

Үміті азайды, сенімі тұрмақ.

Баяғы жұртым арманы тірі,

Пәтердің жайы сондағы жыры.

Сабылып жүрген жандардың байғұс,

Баспана әлі алмады бірі.

Дүние жарықтық, өлшемі бекем,

Бақыттың бұл да мөлшері ме екен?

«Қолжетімді сол баспаналарды,

Қолымен кімнің өлшеді екен?»

Олжас ҚҰЛЫМБАЙ

Азаттықтан: Бұл блогқа дауыс беру үшін Блог байқау парақшасына кіріп, сауалнамадағы автордың атын таңдаңыз және Facebook, Google+, Twitter мен МойМир арқылы ұнатып, я бөлісіңіз.

XS
SM
MD
LG