Accessibility links

Блог байқауының қорытындысы шықты


Урбанизация. Жаңа үйге көшу. Сурет авторы - Arhun

Урбанизация. Жаңа үйге көшу. Сурет авторы - Arhun

Азаттық жариялаған "Квартиранттың арманы" блог байқауының жеңімпаздары анықталды.

Қарашаның 30-ы түнгі сағат 12.00-ге дейін Азаттықтың сауалнамалары арқылы, Facebook, Twitter, Google+ пен "МойМир" әлеуметтік желілері арқылы берілген дауыстар түгел есептелді. Байқау аяқталған күні Астана уақытымен түн ортасында блогтардың скриншоттары бірінші жарияланғанынан соңғысына дейінгі ретпен жасалды. Ал Азаттықтың байқау парақшасындағы сауалнамалар қарашаның 30-ы күні біткенде автоматты түрде жабылды.

Қорытынды есеп бойынша барлығы 1199 дауыс алған Қолғанат Мұраттың "Көшпенді көшкен түн" блогы бірінші орын, 807 дауыс иеленген Баубек Жаппасұлының "Жатақхана - өз үйім" блогы екінші орын, ал 432 дауыс жинаған Есей Жеңісұлының "Пәтер іздеу" блог-өлеңі үшінші орын иеленді.

Жүлдегерлерді +7 727 311 02 08, +7 727 311 02 03 телефондары арқылы Азаттықтың Алматы бюросына шұғыл түрде хабарласуларын өтінеміз. Жүлде тапсыру рәсімі мен жүлдегерлер туралы толығырақ мәліметті қосымша жариялаймыз. Орыс тіліндегі вебсайтымызда "Мечта квартиранта" байқауы желтоқсанның 15-іне дейін созылғанын ескертеміз.

Азаттық вебсайты "Квартиранттың арманы" блог байқауына қатысқан және дауыс берген барша оқырманына белсенділігі үшін рақмет айтады. Байқауға түскен әрбір блог өзіне тән ерекшелігі мен байқампаздығы бар әлеуметтік жазбалар болып шықты. Бұл жолы жүлдегерлер қатарына ілінбей қалған талапты да талантты оқырмандарымыз келесі байқауларда қабілет-қарымын дәлелдей алады деп үміттенеміз.

Төмендегі кестеден барлық қатысушылардың дауыс санын көре аласыздар. Бірдей дауыс жинаған қатысушылар бір орынды ортақ иеленіп, аттары алфавиттік ретпен жазылды.

ОрынБлогерАзаттықFacebookTwitterGoogle+МойМирБарлығы
1.Қолғанат5196653571199
2.Баубек43431520308807
3.Есей66362220432
4.Бейбіт29393037396
5.Ұлан2698451519392
6.Нұрлан109248303363
7.Серікбол702282511316
8.Алтынай23337307280
9.Дария24025238278
10.Абылай1904621916273
10.Саодат70189239273
12.Жарқын27231000258
13.Ұлжан1412114149
14.Арман3598115140
15.Абылайхан6950008127
15.Ғанибет2598202127
17.Ләззат2290110114
18.Мұхтар552300078
19.Аятжан412532677
20.Мейрамтай154820065
21.Ақбота283310062
22.Шынаргүл223011054
23.Нұргүл252412052
24.Нұрғали31100032
25.Бағай24700031
25.Динар25500131
25.Риза22710131
28.Арай28100029
29.Гүлжазира151010228
30.Алдаберген22400127
30.Жанар21301227
30.Назым26010027
33.Майра16500021
34.Олжас14000014

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG