Accessibility links

Жездесінің «ақша тауып беремін, уайымдама, асықпай қайтарасың» деген сөзін күйеуіне жеткізіп, бұл қуанышты жаңалыққа отбасы көптен бері мәре-сәре болып қалды.

- Мама! Мама! Ойнап жүр едік, үлкен үйдегі тәте «шуламаңдар» деп ұрысты.

- Қызым, ол тәте - осы үйдің иесі, жүгіре бермей, үйде ойнасаңдаршы. Бірдеңе бүлдірсеңдер, бәрімізді үйден қуып шығады.

- Үйде жүгіре алмаймыз, тығылатын жер жоқ. Мама, қашан өз үйіміз болады? Тәтенің қызы есік алдында қуыршақ ойнайды, велосипед тебеді, папасының да мәшинесі бар. Менің папам да неге жоқ?!

Бейкүнә баласының сөзін тыңдап отырып, анасы түсі өңген қызыл халатының етегімен көз жасын сүртті.

Дала тас қараңғы. Ақерке мен екі жасар Ескендір әкесінің келуін күтпей, ұйықтап қалды. Расылхан жұмыстан келіп, дайын асқа қарамастан жатып қалды. Қызының айтқан өтініші есіне түсіп, Айзеренің жанары жасқа толды.

- Отағасы, қашанғы осылай көшіп жүреміз? Жер алып, шағын үй салмаймыз ба?

- Біз ғана квартирада тұрмаймыз ғой.

- Ақерке әрқашан қожайынның мазасын алып, ұрыс естиді.

- Балаға ие бола алмайсың. Қайдан табам қу ақшаны? Айлығым 55 мыңға көтерілсе де, жетпейді. Өзің де білесің, ағайын туысым жоқ, жетімдер үйінен шықтым...

- Бекболат жездемнен сұрасам қайтеді? Айкүміс әпкемнің күйеуі.

- Не деп сұраймыз? Үлкен ұлы Тұңғышбектің тойы мен қызының қуанышына бармадық, бәрі қу ақшаға тіреледі.

- Өзім сұрап көрейін?

- Жоқ дедім ғой!

- Отағасы, ұлың ер жетеді, қызың бой жетеді. Квартирада қаңғып жүріп жүріп қызымызды ұзатып, келін аламыз ба? Ертең немерелеріміз болады. Бала-шағамыздың қамы үшін тәуекел етейік.

Бұл сөз сүйегінен өтіп кетсе де, мойындағысы келмей: «Өзің біл! Мен ұйықтаймын», - деп теріс айналып жатты да: «Айтпақшы, бәйбіше жұмысымдағы жігіт Шамалғандағы жерімді сатамын деп жүрген. Ертең мән-жайын сұрамасам», - деп терең ойға кетті.

Жездесінің «ақша тауып беремін, уайымдама, асықпай қайтарасың» деген сөзін күйеуіне жеткізіп, бұл қуанышты жаңалыққа отбасы көптен бері мәре-сәре болып қалды.

- Міне, үйіміз осы. Сыртқы сылағын өзім сылаймын, - деп, үш бөлмелі үйін қонақтарға көрсетіп жүр.

Бұл отбасында екі бірдей қуаныш: бірі - көптен күткен баспанаға қол жеткізсе, екіншісі - келіншегі Құдай нәсіп еткен егіз ұл тапты.

Ұлан ЕРБОЛАТҰЛЫ

Азаттықтан: Бұл блогқа дауыс беру үшін Блог байқау парақшасына кіріп, сауалнамадағы автордың атын таңдаңыз және Facebook, Google+, Twitter мен МойМир арқылы ұнатып, я бөлісіңіз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG