Accessibility links

"Мүмкін емес"


Жанар Ақлепесова, Азаттықтың блог байқауына қатысушы
Жанар Ақлепесова, Азаттықтың блог байқауына қатысушы

Оралға келген бойда үй кезегіне тапсырып тастаған 5000-шы болып. Бүгін барып кезегін білсе 4900-ші болып тұр екен.

«Мүмкін емес». Селк ете қалды.Түсінен шошып оянған адамдай жан-жағына қарады. Анадайда ойнап жүрген - кішкентай қызы:

- Әке, не дейсіз?- деп қасына келді.

- Ештеңе емес, жаным, бар ана бөлмеге барып ойнай ғой.

Енді түсінді - ойын дауыстап айтып қалыпты.

- Әке, ас үйде анам ас дайындап жатыр. "Маған кедергі келтірмей ана бөлмеге барып ойна" деген. Біздің үйде басқа бөлме жоқ қой.

Одан сайын көңілі құлазып кеткен Даниярдың мойнына 5 жасар баласы асыла берді.

- Әке, мұңаймашы. Мен сені қандай жағдай болса да, жақсы көрем.

Көзіне келіп қалған ыстық жасты қолының сыртымен қағып жіберіп орынынан тұрып кетті.

Ең тәтті кездері - алыстағы Алматыда арман қуып өткізген жастық шағы еді. "Пәленшенің баласы Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті екен" деген қандай абырой еді, шіркін.

Көз алдынан бүкіл өмірі сырғып өте берді. Ең тәтті кездері - алыстағы Алматыда арман қуып өткізген жастық шағы еді. "Пәленшенің баласы Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті екен" деген қандай абырой еді, шіркін. Сонда жүріп қазіргі жары Мөлдірмен танысқан, ол да дәстүрлі әнші. Атына заты сай таңғы шықтай мөлдір еді. Қазір төрт баланың анасы, күндегі уайым оның да бетіне әжім салған. Алғаш Мөлдірге сөз салған кезде де осылай құлазығаны бар еді. Мөлдір бұның "үйленейік" деген ұсынысына бірден келіскен. Келісіп алып, «бірақ қайда...» деп сөзінің артын жеп қойған. Бұл оның ойын айтқызбай ұққан. Сүйіктісі бұның көңіл-күйінің түсіп кеткенін көріп еркелей: «Жаным, кешірші. Әзірше пәтер жалдап тұра тұрармыз, кейін жұмысқа тұрғасын пәтер аламыз ғой» деген.

Міне, содан бері бақандай 10 жыл өтіпті. Он шақты пәтер, 2 қала ауыстырды, әлі жалдамалы пәтерде тұрады. Айлығы 70 мың, 30 мыңы пәтерге кетеді. Оралға көшіп келгеніне де 3 жылдың жүзі болды, оның алдында Атырауда тұрған. Оралға келген бойда үй кезегіне тапсырып тастаған 5000-шы болып. Бүгін барып кезегін білсе 4900-ші болып тұр екен. Атырауда да 5 жыл тұрып кезегі жылжымағасын ренжіп кетіп қалған, туыстарыма жақындайын деп. Бірақ қазір шекесі шылқып жүрген кім бар дейсің, бәрі «шықпа жаным, шықпа» деп жүр.

«Өнерлі өрге жүзер» деп отыратын бала кезде әкесі. Мырс етіп: «Мүмкін емес!» деді ол тағы да, «үш жыл бойы жүз-ақ үй салынуы мүмкін емес».

Жанар АҚЛЕПЕСОВА

Азаттықтан: Бұл блогқа дауыс беру үшін Блог байқау парақшасына кіріп, сауалнамадағы автордың атын таңдаңыз және Facebook, Google+, Twitter мен МойМир арқылы ұнатып, я бөлісіңіз.

XS
SM
MD
LG