Accessibility links

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (14 – 19 қаңтар) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


АРЕКЕ, ОҚО

Шынындада қай саланы алсаңда былық пен жемқорлық, ең сорақысы пара беру-алу ұят емес, жұмысқа тұру бизнеске айналған. Екіжүзді болып барамыз, дұрыс емес екенін біліп тұрып дұрысқа шығарамыз. Алдап арбау мемлекеттік дәрежеге жеткізілген, бес кило өнім алса елу кило деп ақпарат береді, оны тексеріп жатқан ешкім жоқ, тек жылдан жылға жоғарылау болса болды. Ашылған өндіріс орындарының жұмыс істеп жатқаны шамалы, тағыда өтірік ақпарат, барлығы тек бір адамның жетістіктерін мадақтау үшін істеліп жатыр. Мақтаудың да шегі болмайтынын біліп жатырмыз. Жылына әр аймақта мыңдаған жұмыс орындары ашылды дейді, ол рас болса осы кезге дейін әрбір қазақстандыққа 2-3 тен жұмыс орыны болатын кез болды емеспе?. Биліктің істеп жатқаны да аз емес шығар, бірақ барлығы құмға сіңген судай немесе құмнан тұрғызған үйлер сияқты құрдымға кетіп жатыр. Ойласаң жаның ауырады, айта алмайсың, халықты құлдық психологияда, бағынышта ұстау билікке пайдалы болып тұр.

Экономиканың дамуы жемқорлық жоқ дегенді білдірмейді» атты мақалаға жазылған пікір)


ЗАҢБІЛМЕС, АСТАНА

Расында заңның ешқандай қадірі қалмады-ау. Саусақ көрсетудің заңсыздығы және оның жауапкершілігі жөнінде ешқандай заңда қарастырылмаған болса тағы қандай жазылмаған заңдар үшін жазаланар екенбіз деп бал ашып отыратын болыпты ғой біздің халық.

Саусақ шошайтқаны үшін сотталған қамаудан шықты» атты мақалаға жазылған пікір)


ТАЛҒАТ ТІЛЕУЛЕСОВ, АҚТӨБЕ

Ертеректе жоғарғы оку орнына баласын ертіп келген қария ішіндегі жүрген мұғалімдерден сұрайтын көрінеді: «ПАРА БЕРЕТІН ҚАЙ ЖАҒЫНДА?» деп. Бұл баяғыдан қалыптасып келе жатқан індет. Түрмеге қаншама тоғытқанмен тоқтату қиын болып тұр. Парақормен күресудің оңай жолы – жақсы оқу керек.

Парақорлықты Twitter-де талқылай бастады» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG