Accessibility links

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (11 – 16 ақпан) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


ДУЛАТ АМАНЖОЛ

Рас, кітапті э-букке "аударудың", "бейімдеудің" еш техникалық қиындығы жоқ. Мәселе – сұраныста. Сұранысты қалай арттырамыз? Әсіресе жастар арасында. Меніңше, шығармаларды э-букке аударудың қажеті жоқ. Жастар Есенберлиннің "Көшпенділерін", Мұқановтың "Ботагөзін"... (классиктердің кітаптарын шартты түрде айтып отырмын) э-бук арқылы оқиды дегенге өз басым сенбеймін.

Жаңаша әдіспен, тың жолмен жастар арасында сұраныс тудыру керек сияқты (мысалы abai45.kz сияқты). Тағы бір жолы, э-буктерді өзіміз өндірісек (отандық технократтар ең болмаса "Престижиодай" э-буктерді жасай алар), соны жастарға қолжетімді болатындай жасасақ құба-құп болар еді. Мәселен, отандық э-буктерге ұлттық мәдениетімізге, әдебиетімізге, спортымызға, өнерімізге (т.т.) қатысты ықшам дүниелерді жүктеп, жастар арасында насихаттасақ. Яғни, э-бук арқылы қазақ тілді дүниелер оқу - сәнді, тартымды, әрі танымды екенін түсіндіруіміз керек, жарнамалай білуіміз керек сияқты.

Қазақша шығармаларды е-book-тан қашан оқимыз?» атты мақалаға жазылған пікір)


ERIGKEN ADAM, ҚАЗАҚСТАН

Ауылдық жерде кәсіпкерлікпен айналысатындарға қиын болды, қаланы қойғанда. Ауылда жәрдемақыны Қазпочтаның адамдары сол ауылдағы үйлердің біріне әкеп таратады, несие карточкалармен жұмыс жоқтың қасы.

Ақшаны картамен төлеуге кәсіпкерлер разы емес» атты мақалаға жазылған пікір)


ЕСЕНҒАЛИ, ҚОЖА ЕЛІНЕН

Еркектерді "жүкті" қыла алатын дәрігерлері бар Денсаулық министрлігіне ие, аяғына шұлғау орап көрмеген Қорғаныс министрі бар, мектептің есігінің қай жақтан ашылатынын білмейтін комсомол-завхоз Білім министрі бар бақытты халықпыз ғой!

Аяғы ауыр» бозбалаға аурухана 50 мың теңге айып төлейді» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG