Accessibility links

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (25 ақпан – 2 наурыз) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


NURZHOL TABIGAT

Бүгінде компьютерді меңгерген адамдар кеңінен топ-топқа іріктеп қараймын. Олар:

- Қарапайым қолданушылар: MS Word, Excel, Power Point, Браузер, түрлі клиент программалар мен дайын өнімді тамашалаушы топ;

- Профессионалдар. Мәселен, Adobe Photoshop, Adobe Flash Pofessional, Adobe after Effects Autodesc 3Ds max, AutoCad, Maya, 1c, дерек базаларын басқарушылар, жүйелік әкімдер, жасақтаушылар (софт, веб)

- Бағдарламалау квалификациясы бар профессионалдар. Мәселен, Сіз After Effect бағдарламасын еркін меңгерген видеожасақтау маманысыз. Сонымен қатар инструменталды бағдарламалау тілі арқылы өз программаңызға қажет модуль, плагинге разработка жасап шығарасыз. Сонымен қатар, математик, физик, қысқасы таза ғылым, білімді меңгерген маман иелерінің арасында өз саласына қажетті программаны жасап алуға немесе толықтырып жетілдіріп отыруға қабілетті мамандар.

Ертеде айтатын едік қой, ағылшын тілін білсеңіз пайдасы көп деп. Сол сияқты бүгінде бағдарламалау тілін меңгеру заман, заман емес-ау уақыт талабы болып тұр дегеннен басқа айтар жоқ.

Технология алыптары ғылымды насихаттай бастады» атты мақалаға жазылған пікір)


БОТА, АЛМАТЫ

Өмірге деген құштарлығы қандай мықты, рухы неткен берік жандар! Қаршадай ғана қыздың басына түскен өте ауыр жағдайға мойымай, соңғы сәтке дейін күресіп жатқаны маған қатты әсер етті. Адам деген атқа лайықты болу үшін осындай мықты рух болуы керек.

Мүмкіндігі шектеулі жастардың өмірге құштарлығы» атты мақалаға жазылған пікір)



ЗЕРЕ

"Болашақ" бағдарламасымен оқып келгендер жұмыссыз қалып жатқан жоқ дейді. Алайда осы бағдарламаның түлектері өз бетінше жұмысқа орналасуға мәжбүр. Оқу бітіріп келген менің танысым бірнеше ай бойы жұмыссыз сенделіп жүрді жұмыс таппай. Артынша үш ай бойы тегін жұмыс істеуге мәжбүр болды. Содан кейін ғана орналасты.

Биыл оқу бітіргендер «Болашақтан» әзірше күдер үзді» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG