Accessibility links

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (15 – 20 сәуір) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


ҚАРАҚҰЛЖА

Қай спорттың саласы болмасын аға буын спортшылардың ізін басатын кейінгі толқын болу керек, сол спорт саласын жалғастырып, әлемдік додаларда топ жаратын спортшылар дайындау қажет. Бүгін біздің көзіміз жетіп отырған жәйт, ауыр атлетика саласында сондай дәстүрлі жалғастық бар екендігі. Өте қуаныштымыз. Жігіттер жарайсындар.

Жас спортшылар әлем чемпионатында бес медаль алды» атты мақалаға жазылған пікір)


СЕРІК ӘБДІЖӘМИ, АҚТӨБЕДЕН

Кім не айтса да, Қазақстанның ядродан бас тартуы өте құптарлық іс. Қазақ аз қырылған жоқ. Қазақстанда тұратын қазіргі ұрпақ солардың заңды мұрагері ретінде қазба байлықтардан түсетін үлестен заң шеңберіндле алып отыруы тиіс деп есептеймін. Қазақты кім басқарса да әділ басқарсын, мен тек сол адамның жағында болар едім.

Қазақстанның диктатурасы мен жақсы пиары» атты мақалаға жазылған пікір)


Асылбек, ҰЛЫТАУ

Гүржілер парламенттік ел болды, әділ сайлау болды. Кеңес үкіметінің ыдырауынан пайда болған мемлекеттердің ішіндегі парламенттік мемлекет құруымен тарихта жақсы атақпен қалатын Саакашвили. Алаш еліне парламенттік мемлекет керек.

Грузиядағы қазақ инвесторлары Иванишвили үкіметінен үміт күтеді» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG