Accessibility links

AzattyqLIVE: Мемлекеттік тілде жауап берген қызметкерді жазалауға бола ма?


AzattyqLIVE студиясында отырған сарапшы Айдос Сарым (оң жақта) мен Азаттық тілшісі Қасым Аманжол. Алматы, 17 ақпан 2016 жыл.

AzattyqLIVE студиясында отырған сарапшы Айдос Сарым (оң жақта) мен Азаттық тілшісі Қасым Аманжол. Алматы, 17 ақпан 2016 жыл.

AzattyqLIVE президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тілге қатысты мәлімдемесін талқылады. Оқырман және Азаттық сұрақтарына саясаттанушы Айдос Сарым жауап берді.

Нұрсұлтан Назарбаев ақпанның 16-сы күні Алматыдағы жиында «Маған жеткен ақпараттар бойынша, орыс тілді адам мекемелерге барып орысша сөйлесе ол қазақша жауап алады. Кім бұған рұқсат берді? Прокуратура неге Қазақстан заңдарының бұзылуын тексермейді? Егер ол орысша өтініш жасаса – орыс тілінде жауап алуы тиіс. ... Мен ескертемін! Президент аппараты барлық облыстарда тексеру жүргізсін. Бассыздықты тоқтатыңдар! Осыны жасаған адамдарды жұмыстан шығарыңдар. Жария түрде. Себебі бұл - заң бұзушылық!» деп мәлімдеді.

Назарбаевтың бұл сөзі қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары мен интернет-сайттарда кеңінен талқылана бастады. Президент сөзінің заңға сәйкес немесе қайшы екенін айтушылар да, бұл мәлімдемеге наразылар мен Назарбаев пікірін қолдаушылар да табылып жатыр.

Саясаттанушы Айдос Сарыммен өткен AzattyqLIVE хабарының видеосын төменнен көре аласыз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG