Accessibility links

Мақсұт Нәрікбаевтың онлайн-конференциясы


Мақсұт Нәрікбаев – «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы. Алматы, 20 қыркүйек 2011 жыл.

Мақсұт Нәрікбаев – «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы. Алматы, 20 қыркүйек 2011 жыл.

Азаттық радиосының сайтында қыркүйектің 20-cы күні «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаевтың онлайн-конференциясы өтті.


Қазақстанның «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі Мақсұт Нәрікбаев 1940 жылы Алматы облысы Талдықорған ауданы Еркін аулында дүниеге келген.

1958-1959 жылдары Украинаның Днепродзержинск қаласындағы №8 техникалық училищеде оқыған, 1974 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1992-1993 жылдары Қазақстан президентінің аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі және құқық қорғау органдары бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.

1995 жылы қазанда президент жарлығымен Қазақстанның бас прокуроры, ал 1996 жылы маусым айында Қазақстан парламенті сенатының шешімімен Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы болды.

2004 жылы сәуір айында «Қазақстан демократиялық партиясының» құрылтайында партия төрағасы болып сайланды. Кейін партия атауы Қазақстанның «Әділет» партиясы болып өзгертілді.

2007 жылы Қазақстанда парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат сайлаулары алдында «Әділет» партиясы «Ақ жол» партиясымен бірікті. Алайда сайлау өтісімен екі партия қайтадан дербес екі ұйымға бөлінді.

Мақсұт Нәрікбаевқа қойылған сауалдар мен оларға берілген жауаптарды төмендегі форумнан оқи аласыздар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG