Accessibility links

Азаттық видеобайқау жеңімпазын марапаттады


Азаттық Facebook-парағында өткен «Әлеумет тілшісі» байқауының жеңімпазына жүлдесін табыстады. Ел арасынан шыққан тілшілер жіберген 21 сюжеттің арасынан үздік шыққан видеоның авторы iPhone 6S смартфонын алды.

Азаттық «Әлеумет тілшісі» видео байқауының жеңімпазы Сабыржан Алдиярға жүлдесін – iPhone 6S смартфонын тапсырды. Оның «Халқын ойлаған әкімдер» атты сюжеті 21 видеоның арасынан жеңімпаз болған.

Жеңімпаз Сабыржан Алдияр Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық унивеситетінде «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша 4-курста оқиды. Саяхаттаған елдерінен видео түсіргенді ұнататын студент «Әлеумет тілшісі» байқауына Кореядағы билік мекемесінің жұмысы жайлы видеосюжет жіберген еді.

Азаттық Facebook парақшасындағы оқырмандары үшін ұйымдастырған «Әлеумет тілшісі» байқауына видеолар 1-29 ақпан арасында қабылданған. Байқауға смартфонмен видео түсіре алатын кез-келген жастағы адам қатысқан. Әлеумет ортасынан шыққан тілші ретінде қатысушылар түрлі жанрдағы видеоларын жолдаған.

Редакция қатысушылардан түскен видеолардың байқау шартына сай келген 21-ін іріктеп алып, Азаттықтың Facebook парақшасына жариялап отырған. Оқырмандар 8 наурыз күнгі сағат 23:59-ға дейін «лайктар» мен бөлісулер арқылы ол видеоларға дауыс беріп, жүлдені кім алатынын анықтады. Байқауда ең көп дауыс жинап, жеңіске жеткен «Халқын ойлаған әкімдер» видеосюжетіне, дауыс беру аяқталған сәттегі есеп бойынша, 2475 адам «лайк» басқан не парақшаларында бөліскен.

ВИДЕО: ЖҮЛДЕ АЛҒАН СЮЖЕТ

XS
SM
MD
LG