Accessibility links

Видеобайқау жеңімпазы белгілі болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Азаттықтың Facebook-тегі парағында жариялаған «Әлеумет тілшісі» байқауы аяқталды. Оқырмандар ел арасынан шыққан тілшілер жіберген 21 сюжеттің арасынан 1 видеоны үздік деп таныды.

Азаттық Facebook парақшасындағы оқырмандары үшін ұйымдастырған «Әлеумет тілшісі» байқауына видеолар 1-29 ақпан арасында қабылданды.

Байқауға смартфонмен видео түсіре алатын кез-келген жастағы адам қатысты. Әлеумет ортасынан шыққан тілші ретінде қатысушылар түрлі жанрдағы видеоларын жолдады. Олардың арасында оқырман өзі куә болған маңызды не қызықты оқиға орнынан репортаж әлде no comment бейнебаян, дағдарыс кезіндегі тұрмысты сипаттайтын сюжет, көпшілік біле бермейтін кәсібі не өмірлік ұстанымы ерекше адаммен сұхбат, т.б. тақырыптағы видеолар болды.

Редакция қатысушылардан түскен видеолардың байқау шартына сай келген 21-ін іріктеп алып, Азаттықтың Facebook парақшасына жариялап отырды. Оқырмандар 8 наурыз күнгі сағат 23:59-ға дейін «лайктар» мен бөлісулер арқылы ол видеоларға дауыс беріп, жүлдені – iPhone 6S смартфонын кім алатынын анықтады.

Байқауда ең көп дауыс жинап, жеңіске жеткен – Сабыржан Алдияр есімді оқырманның «Халқын ойлаған әкімдер» видеосюжеті. Дауыс беру аяқталған сәттегі есеп бойынша, ол видеоға 2475 адам «лайк» басқан не парақшаларында бөліскен.

Жеңімпазды жүлдесімен құттықтаймыз.

XS
SM
MD
LG